Автор: asylbek

. Өткен аптада «Байтақ» жасылдар партиясы Астанада су саласының проблемалары бойынша ғылыми-әдістемелік конференция өткізген болатын. Елімізге танымал ғалымдар қатысып елдегі су тасықының себеп, салдары мен оның алдын-алудың тұщымды пікірлерін білдірген еді. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев  сандық деректерді қолдана отырып, су тасқынынан келген суларды ауыз сумен жабдықтау, суару және жайылымдық мал шаруашылығы үшін белсенді пайдалануға болатынын айтқан еді. Мәселе оңынан шешіліп су және ирригация министрлігі гидрогеологиялық қызмет құру туралы тиісті қаулыны әзірлеуді бастап кетті. Құрылатын Ұлттық гидрогеологиялық қызмет елдің жерасты су ресурстарын барлау мен қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Ведомство жер асты су ресурстарын басқаруды цифрландыру үшін құрылады. Су ресурстары министрлігі үкімет…

Толығырақ

Өткен аптада «Байтақ» жасылдар партиясы Астанада су саласының проблемалары бойынша ғылыми-әдістемелік конференция өткізген болатын. Елімізге танымал ғалымдар қатысып елдегі су тасқынының себеп, салдары мен оның алдын-алудың тұщымды пікірлерін білдірген еді. Заманауи  сандық деректерді қолдана отырып, су тасқынынан келген суларды  ауыз сумен жабдықтау, суару және жайылымдық мал шаруашылығы үшін белсенді пайдалануға болатынын айтқан еді. Жалпы бұл мәселені «Байтақ» жасылдар партия төрағасы Азаматхан Әміртаев пен көптеген ғалымдар көтергелі біраз жыл болып еді. Өкінішке орай, ақыры Президент айтқан соң ғана сарапшылар мен ғалымдардың пікірне құлақ асқан су және ирригация министрлігі гидрогеологиялық қызмет құруға кірісті. Құрылатын Ұлттық гидрогеологиялық қызмет елдің жерасты су ресурстарын…

Толығырақ

Су тасқыны кесірінен үйлерінен айырылып қалған азаматтар енді әуе компанияларына шағымданып жүр. Мәселе — билет құны. Су тасқыны жағдайы күрделі болып тұрған облыстарда әуе билеттерінің бағасы шарықтап тұр. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары өздерінің парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz. Мәселен, Атыраудан Ақтауға ұшақпен жеткісі келген жолаушылар бір билет үшін 170 780 теңге төлеуге мәжбүр. Атырау-Астана бағыты бойынша ұшатын рейстерге де билет құны жаға ұстатып отыр. Қарғын су басқан облыстардан туыстарын алып кетпекші болған адамдар жаппай шағымданып жатыр. «Бізге жаудың керегі жоқ, өзімізді өзіміз құртамыз. Ақтөбе облысынан туыстарымызды алып кетерде осындай қиындықтарға тап болдық… Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады. Атырауым аман…

Толығырақ

Сұқбаттасқан: Төлен Тілеубай. «Астана ақшамы»  газетінің бас редакторының орынбасары «Қазақстанда су шаруашылығы мамандары өте аз» деген еліміз үшін ең өзекті мәселені осыдан 8 жыл бұрын көтеріп, саладағы сарапшы-мамандармен сұхбаттар сериясын жасап, қоғамдық пікірдің талқысына салған едім. Алайда арада осыншама уақыт өтсе де, «баяғы жартас бір жартас» күйінде тұр. Жуырда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, осы саланың білікті маманы Әлімжан Құртаев Үкімет басшысы Ә.Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдап, су шаруашылығы саласындағы ең түйткілді, толғағы «жеткен» мәселелерді шешудің нақты жолдарын ұсынды. Қазіргі таңда әлемдегі нөмірі бірінші мәселеге айналған су қауіпсіздігі жайында халық қалаулысымен ашық сұхбаттасып, көкейтесті мәселелерге терең үңілген едік.…

Толығырақ

Бүгінгі таңда жаһандық нөмірі бірінші мәселеге айналып келе жатқан су жайында біз Білім және ғылым министрлігінің «Парасат» ғылыми-технологиялық холдингіне қарасты География институты директорының орынбасары Саят Құрбанбайұлы Әлімқұловпен «Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары Төлен Тілеубайдың сұқбатын автордың рұқсатымен жариялап отырмыз.  — Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдері ауыз судың тапшылығын тартып отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы халыққа жолдауында осы мәселеге көңіл бөліп, соңғы 60 жылда ғаламшарда ауыз суды тұтыну 8 есеге өскеніне мысал келтірді. Осы жүзжылдықтың ортасына қарай көптеген елдер суды импорттауға мәжбүр болады деген болжам бар. Ал Қазақстанда тұщы судың тапшылығы бола ма? Мұндай тапшылықты…

Толығырақ

Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы Бейжіңде өтіп жатқан әлем кубогының алғашқы кезеңінде чемпион атанды. Акробатикалық бағдарламада біздің спортшылар жарыс қожайыны Қытай құрамасынан да көп балл алды. 1. Қазақстан (213.7801). Команда сапындағылар – Айгерім Құрманғалиева, Этери Какутиа, Наргиза Болатова, Арина Мясникова, Анна Павлетцова, Жвклин Якимова, Жәния Жиенғазы; 2. Қытай (205.0300 балл) 3. Аустралия (196.6266 балл) Бұл Ұлттық құраманың Қытай астанасындағы жарыстағы 5-жүлдесі. Қазақстан әйелдер құрамасы – акробатикалық бағдарлама Наргиза Болатова эәне Эдуард Ким аралас техникалық дуэт бағдарламасы Виктор Друзин және Анна Павлетцова – аралас еркін бағдарлама Әйелдер құрамасы — техникалық бағдарлама Виктор Друзин — жекелей бағдарлама

Толығырақ

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан-Ресей шекарасында 13 650 литр жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 103 әрекетін анықтап, жолын кесті. Қазақстан-өзбек шекарасында 11 135 литр жанар-жағармайды заңсыз шекара асыруға 68 әрекет жасалды. 3,7 млн. теңге айыппұл өндірілді. Қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынған. Тыйым Қазақстанның ішкі нарығында жанар-жағармай материалдарының тапшылығын болдырмау үшін нормативтік актілермен бекітілген. Мемлекеттік кірістер комитеті белгіленген тыйымдар мен шектеулердің сақталуына бақылау жүргізеді. Тәуекелдерді басқару жүйесі қолданылады. Электрондық декларациялаудың «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде әкетуге тыйым салынған мұнай өнімдерінің кедендік декларациялауын болдырмау мақсатында шаралар қабылданған. МКК мұнай өнімдерін заңсыз…

Толығырақ

➤ Майбалық көлі мен Вячеслав су қоймасының жағдайын бақылады. ➤ Астаналық контрреттегіште судың ағуы қазір секундына 30 текше метрді құрайтыны баяндалды. ➤ Контрреттегішке келіп жатқан ағын секундына 248 текше метрді құрайды. ➤ Бүгінгі таңда контрреттегіштің су ағызу қабілетін секундына 40 текше метрге дейін арттыру жоспарланды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің айтуынша, ахуал тұрақты, Астана қаласын су басу қаупі жоқ. ➤ Суды ағызу секундына 400 текше метр деңгейінде жүзеге асырылады, су қоймасының көлемі 409 млн текше метрді құрайды. ➤ Преображенский торабында шарықтау шегіне жетті, Нұра өзені арқылы торапқа құятын су ағыны азайып келеді: қазіргі уақытта секундына 1400 текше метр өтуде. ➤ Тайтөбе ауылында…

Толығырақ

Петропавлда үлкен судың шыңы сәуір айының соңында күтіледіСергеев су қоймасы 180%-ға толды. Есіл өзенінің жайылмасында кептеліс байқалмайды. СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожиновтың айтуынша, қоймадағы су 415 см құрайды. «2017 — жылы ең үлкен деңгей тіркелген кезде судың толып кетуі 338 см болды, бұл 3 аудан мен Петропавл қаласында су басу қаупін тудырады. Су басу аймағына 845 тұрғын үй және 5 мың саяжай кіреді. 12 — сәуірден бастап облыс орталығына дейін үлкен судың келуі күтіледі, шыңы 23- сәуірге келеді», — деп баяндады спикер. Сонымен қатар су тасқыны жағдайы тұрақты мониторинг режимінде. 20 -наурыздан бастап өңірде Жедел штаб ашылды. Қармен жабу…

Толығырақ

Волонтерлардың ең басты атқарып жатқан жұмыстары зардап шеккен тұрғындарды ыстық тамақпен, жылы киіммен, жататын төсек орындарымен қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі таңда зардап шеккен тұрғындардың денсаулығы сыр берген жағдайда дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Бұл туралы «Ұлттық волонтерлік желі» мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Айбек Досымбетов ОКҚ алаңында хабарлады. «Волонтерлар жалпы ұйымдасқан топтары құтқару қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарынын жасап жатыр. Жалпы республика бойынша барлық 20 аймақта жедел жері телефондары іске қосылған. Гуманитарлық көмек жинау орталықтары ашылып, бұл көмек зардап шеккен аймақтарға жіберіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін республика бойынша 550 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. Бұл көмектің…

Толығырақ