- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
- Жамбыл облысында 24 полигон рұқсатсыз жұмыс істеген
- «Әлеуметтік желідегі жанжал екі адамның өлімімен аяқталды»: Ақтөбеде атышулы іс бойынша сот үкімі шықты
- Ақтөбеде мектеп есепшісі бюджеттен 238 миллион теңге жымқырған
- Қазақстанда қаржы пирамидасын құрған ресейлік 11 жылға сотталды
- Ұлытау облысында 11 ауыл әкіміне қатысты іс қозғалды
- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
Автор: asylbek
Қазіргі таңда Жылыой ауданы Құлсары қаласында су басқан үйлер саны — 2680. ҚР ТЖМ күштерімен Жем өзенінің арнасынан асып Құлсары қаласын су басуына байланысты 8150 қапқа құм толтырылып, 2200 метр қорғаныс бөгеттерін бекіту жүргізілді. 20 қоңырау түсіп, 9 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылып, 34 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 40 үй жануарлары эвакуацияланды.
Кейінгі он күн бойы апатты жағдай тудырған Елек, Жем, Ембі, Сағыз, Ырғыз, Торғай, Қобда, Ор өзендеріндегі су деңгейі қазіргі уақытта қалыпқа түсті. Қала іргесіндегі Қарғалы, Ақтөбе, Сазды су қоймалары қазір лық толған. Дегенмен өткен тәулікте Жайық су бассейніне кіретін Қарғалы өзенінің Ақтөбе қаласының тұсындағы бөлігінде су көтеріліп, жағасындағы үйлерге қауіп төндірген. Содан адамдар түн ішінде қауіпсіз жерге көшіріліп, жағалаулар биіктетілді. Осы аумақты тасқыннан қорғаған Ұлттық ұлан жауынгерлері, еріктілер, саяжай тұрғындарының бірлескен іс-қимылы арқасында тұрғын үй алабына су жайылған жоқ. Бүгінде прокурорлар су тасқынының алдын алу жөніндегі жұмыстарға бөлінген бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын тексеруге кірісті. Ақтөбе облыстық прокуратурасы Әйтеке би ауданындағы…
Аталған облыстардың әкімдері Президентке өңірлердегі ахуал жайында, табиғи апатпен күресу және су тасқынының зардаптарын жою үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді. Аймақ басшыларының айтуынша, жалпы жағдай жіті бақылауда, табиғи апатпен күресу үшін адам күші де, техника да жеткілікті. Президенттің тапсырмасымен Республикалық штабқа жетекшілік ететін Премьер-Министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет мүшелері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберілген болатын. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың керек-жарағын шешу бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан облыстарының тұрғындарына ұсыныстарын айтты. Министрліктің ресми парақшасында ведомство су басқан өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ерекше бақылауда ұстап отырғанын жазған. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭҚ) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылған. «Қазақстанда су тасқынына тән инфекциялар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады. Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында СЭҚ ауыз сумен қамтамасыз етуді бақылауды күшейтті. Су тасқыны басталғалы бері 4 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынып, санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша тексерілді», – делінген хабарламада. Министрліктің мәліметінше, судың сапасы мен қауіпсіздігіне зертханалық бақылау нәтижелері бойынша жұқпалы аурулардың су арқылы таралу қаупі жоқ. «Су тасқыны кезінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды…
Елімізде орын алған су тасқыны көптеген кемшіліктердің бетін ашуда. Бұл туралы «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев, белгілі ғалымдар мен сарапшылармен бірлесіп, Экология және табиғи ресурстарды қорғау, су және ирригация министірліктеріне қаншама ұсыныстар енгізіп, дабыл қаққанымен тыңдар құлақ болмады. Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Азаматхан мырза сүбелі ұсыныстар айтты. Тіпті Президент кері қайтарып тастаған «Су кодексін» қараған Су және ирригация министрлігі «өзім білемге» салынды. Алғашқы су тасқыны басталысымен орталық мемлекеттік органдар жұмыстарының қателіктері белгілі бола бастады. Қоғам үніне құлақ асып, білетін мамандарды тыңдамай, бюрократизмге жол беру бізде отыз жылда қалыптасқан үрдіс. Бұл сеңді бұзу қиынға соғып отырғандығы шындық. Тіпті су тасқындарының…
2024 жылдың маусым айының соңына қарай Қазақстан резервтегі 83 пайдалы қазбалар кен орнын аукционға шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап, хабарлайды. Телеарна мәліметінше, табиғи шикізатты өндіретіндер үшін орташа өңдеу деңгейінен төмен емес өнім өндіру, сондай-ақ аймақтарға әлеуметтік аударымдар міндетті шарт. Геология комитеті жеке инвесторлар келешегі бар жер қойнауын іздеуге инвестициялауға қызығушылықтары артып отырғанын хабарлады. Мамандардың айтуынша, жер қойнауын пайдалануға инвестицияны арттыру үшін еліміздің барлық аумағы мемлекеттік қорды басқару бағдарламасына енгізілген. Орташа барлау мерзімі 10 жылға дейін созылуы мүмкін. Жалпы алғанда, мемлекет балансында пайдалы қазбалардың 103 түрі бойынша тоғыз мыңнан астам кен орны бар. Сондай-ақ ведомство өкілі Қазақстанның…
Атырауда 50 теңгелік китайский қап 300 теңгеге шыққан. Құлсарыдан қашқан халыққа квартира бағасы бес есе өскен. Ресейдің Орск қаласы cу астында қалды. Ресейдің Орынбор облысындағы Орск қаласы cу астында қалды. Жайық өзеніндегі су деңгейі күрт көтеріліп, қаладағы бөгет жарылып, төтенше жағдай режимі енгізілген, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы. Төрт мыңға жуық үйді су алған. Онда 11 мыңдай адам тұрады екен. Мектептерде уақытша орталықтар ашылып, тұрғындар сонда көшіріліп жатыр. Қазір, апат салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орск қаласы Қазақстан шекарасына жақын орналасқан.Қазіргі уақытта Ресейдің 36 өңірі зардап шекті. Әсіресе, Қазақстанмен шекаралас Алтай, Самара облыстарында жағдай күрделі болып отыр. Қазақстандағы жағдай да…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткізілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында су қауіпсіздігіне айрықша мән беріліп, күн тәртібіндегі сапалы ауыз судың қолжетімді болуы су қауіпсіздігінің басты көрсеткіші екендігі атап өтілді. Егіндікөл ауданының ертеңі бұлыңғыр. Соңғы он жыл ішінде аудан халқы үш есеге жуық азайған. Үдере көшудің басты себебі, ауыз судың тапшылығы. Жалғыз Егіндікөл ауданы ғана емес, қияндағы Қорғалжын мен Атбасар аудандарының оннан астам елді мекенін ауыз сумен қамтитын Нұра су құбырына жарты ғасырдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Елу жылдан бері тәмам елге қызмет етіп келе жатқан су құбырының бүгінде сау тамтығы жоқ. Мамандардың айтуына қарағанда, 90 пайызға жуық жері әбден…
Бүгінде еліміздегі өңірлердің басым көпшілігінде су тасқынына байланысты күрделі ахуал қалыптасып жатыр. Соның ішінде қазірдің өзінде 9 өңірде – Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ұлытау облысында жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланды. Су тасқыны басталғалы су басқан аймақтардан 20 мыңдай адам эвакуацияланды. Адамдар қаза тапқан оқиғалар туралы әлеуметтік желілерде хабарлануда. Бірақ республикалық штаб опат болғандардың санына қатысты ақпаратты жарияламады. Бұл тек апаттың басы ғана сияқты. Қазгидрометтің болжамына сәйкес, таяуда бүкіл ел бойынша жауын-шашын болып, күн күрт жылынады. Штаб басшысының орынбасары Қанат Бозымбаевтың дерегінше, қардың тез еруінен су қоймалары жылдам толуда. Бүгінде Солтүстік, Шығыс және Орталық аймақтардың 65%-дан…