Автор: asylbek

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев бүгін Жайық өзенінің су деңгейі көтеріле бастағанын хабарлады. Сәйкесінше, қауіп те арта бастады. Оның айтуынша, екі апта бұрын Жайықтан көп көлемде су келетіні хабарланған. Ал бүгін өзеннің су көтерілгені тіркелді. “Кешегі күнмен салыстырғанда Индер ауданында өзен суы бір тәулік ішінде 52 см көтерілді. Атырау қаласында, Махамбет ауданында су деңгейінің көтерілуі айтарлықтай байқалған жоқ. Десе де, екі ауданда да 100-ден астам техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 3 мыңнан астам түрлі қызмет өкілдері, еріктілер тартылды. Атырау қаласы төмен деңгейде орналасқандықтан Жайықтың суы осы маңда көп қауіп төндіретіні белгілі. Осы ретте, учаскелерде 300-ден астам арнайы техника, 5 мыңнан астам…

Толығырақ

Су тасқыны болған сәттен бастап «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы партияластарына үндеу жасаған болатын Нәтижесінде партияның филиал басшылары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұрақты жұмыс істеп келеді. Партияның орталық аппаратында құрылған штаб барлық жұмыстарды үйлестіріп отырды. Бүгінде әр өңірдегі және Астана, Алматы, Шымкент қаласындағы филиалдары гуманитарлық көмектерді үздіксіз жолдауда. Редакциямыздың сұрағына жауап берген партия басшысы Азаматхан Әміртаев «Қазір партияға, саясатқа бөлініп, бірімізден-біріміз көріп отыратын уақыт емес. Бүгін Президентіміз халыққа үндеуін жолдады. 80 жылда болмаған табиғи апат болып жатыр. Мұндай кезде елдігімізді, бірлігімізді білдіріп, Президентімізді қолдап, су тасқынының алдын-алуға, зардап шеккендерде көмектесу азаматтық міндетіміз деп білемін. Осыған байланысты біздің орталық аппарат пен…

Толығырақ

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша су тасқыны жағдайын тұрақтандыру үшін Премьер-Министр мен вице-премьерлер су тасқынына байланысты аса күрделі ахуал қалыптасып отырған өңірлерде жұмыс істеп жатыр. ➤ Премьер-Министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов қазір – Қостанай облысында. ➤ Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына аттанды. ➤ Премьер-Министрдің орынбасарлары Серік Жұманғарин Ақтөбе облысына, Нұрлан Байбазаров Батыс Қазақстан облысына жіберілді. ➤ Сәуірдің 5-нен 6-на қараған түні Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына ұшып барды. Бұған дейін Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы су тасқынының салдарын жою жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ Шығыс…

Толығырақ

Осыдан 23 жыл бұрын қоғам қайраткері Хасен Оралтай Азаттыққа берген сұхбатында әйелдің қоғамдағы орны және көп әйел алу туралы ойларын ортаға салған. Қазақстанда кейінгі 5-15 жыл шамасындағы тұрмыстық зорлық және отбасыдағы жанжал статистикасы өсе түскен. Зардап шеккен әйелдерге көмек қолын созуда да өрескел кемшіліктер бар. Азаттық радиосында ұзақ жыл қызмет атқарған, Азаттықтың қазақ бөлімін басқарған Хасен Оралтай 2001 жылы 1 сәуірде радионың «Әлем және әйелдер» бағдарламасына қатысқан. Оның айтуынша, қазақ ортасы халықтық тұрғыда әйелдерді жақсы сыйлаған. «ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖАНҚИЯРЛЫҒЫН КӨРДІМ» Хасен Оралтай қазақтар Шығыс Түркістаннан Гималай асып ауған кездегі әйелдердің ерекше жанпида, жанкешті қасиетін көзбен көргенін айтады. Ол – 20 ғасырдағы…

Толығырақ

Құрметті отандастар! Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады. Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында. Атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін мен шұғыл түрде нақты тапсырмаларды бердім. Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда.…

Толығырақ

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Көкалат ауылының маңындағы қожалықта бір шаруаның 700 бас қой-ешкісі суға тұншығып өлген Бір апта бұрын Торғай мен Қабырға өзендері арнасынан асып, айналасына жайылған. Сол жердегі қожалықтың үйі мен қораларын түгел су басқан. Шаруа қожалығының иесі Бүтінбай Смайылдың Азаттыққа айтуынша, су деңгейі әлі түспеген. 70-80 ірі-қара бір аптадан бері суда тұр. Тірі қалған мал-жанды төтенше жағдайлар қызметі құтқаруға қауқарсыз. Бүтінбай Смайылдың сөзінше, қожалықта жүрген алты адам екі күннен кейін тікұшақпен құтқарылған. Әзірше Қазақстан бойынша тасқыннан қырылған малдың нақты есебі жоқ.

Толығырақ

Ағымдағы жылы Орал қаласы прокуратурасының актісімен жалпы сомасы 1,3 млрд теңгені құрайтын орташа жол жөндеу бойынша 5 конкурс өткізілмеді. Оған демпингке қарсы талаптардың бұзылуы негіз болды, оған сәйкес орташа жол жөндеу кезінде әлеуетті өнім берушінің бағасы, егер ол техникалық құжаттамада көрсетілген бағадан 5%-дан астам төмен болса, демпингтік баға деп танылады. Алайда, осыған қарамастан, «Орал қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімі» жол жөндеуге сатып алуды ұйымдастыру кезінде демпинг белгісін 20%-ға (заңды 5%-бен) негізсіз өсірді, бұл әлеуетті жеткізушілерге демпинге қарсы баға ұсыныстарын ұсынуға мүмкіндік берді, бұл бәсекелестікте жеңіске жетуді қамтамасыз етті. Қадағалау актісі бойынша 1,3 млрд теңгеден астам сомаға сатып алулар жойылып, заңнамаға…

Толығырақ

Соңғы жылдары әлемде су тасқыны, лай көшкіні сияқты табиғи апаттар жиілеп кетті. Ғалымдар 2030 жылға таман табиғаттың тосын мінез көрсетуі қалыпты құбылысқа айналатынын айтады. Алапат су тасқындары тіркелуі мүмкін деп болжайды. Cloud to Street компаниясы мамандарының болмажы бойынша 2030 жылға қарай әлемде су тасқыны қазіргіден бетер жиілей түседі. Өз кезегінде БҰҰ өкілдері жыл сайын 560 табиғи апат тіркелетінін айтады. Бәрі климаттың өзгеруімен байланысты екен. Рет-ретімен бірер секундтан соң. ХХІ ғасырдың басынан жер жүзінде су тасқынынан зардап шеккендердің саны 24 пайызға өскен. Бұл көрсеткіш ғалымдар болжағаннан он есе көп. Cloud to Street компаниясының мамандары жүргізген зерттеуіне сүйенсек, 2000-2018 жылдар аралығында болған…

Толығырақ

Алматы облысының прокуратурасы Ворошилов су қоймасының жарылуына байланысты қылмыстық іс қозғады . 30 наурызда облыстағы Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылып, салдарынан 12 мыңнан астам адам тұратын екі елді мекенді су басу қаупі төнді. Прокуратура осыған қатысты «Салғырттық» (371-бап) бабымен қылмыстық іс қозғады. Тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жүргізеді. Прокуратураның хабарлауынша, су қоймасы 2017 жылы «Л. Петрова» деген жеке кәсіпкерге сенімгерлік басқаруға берілген. Жалпы елімізде бірқатар су қоймалары сенімгерлікпен жекеге берілген. Мемлекеттік қауіпсіздіктің бір тармағы саналатын су қоймаларын не себепті жекенің қолына берді? Нәтижесін көріп отырмыз. Мемлекет бұл мәселені тікелей бақылауына алып, барлық су қоймаларын жекенің…

Толығырақ

АҚШ өз бағдарламасын КСРО-дан 4 жыл бұрын жүзеге асыра бастады. 1990 жылға қарай олар 921 заряд, КСРО 642 заряд жарды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» тақырыбындағы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында «Ядролық қаруды таратпау режімін нығайту жөніндегі бастамаларымыз – әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлесіміз. Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынан бас тарта отырып, біз жетекші ядролық державалардан – АҚШ-тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франциядан және Қытайдан қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық. Біз Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ құруда негізгі рөл атқардық және жер шарының басқа да…

Толығырақ