Автор: asylbek

Қырғызстан азаматы еліне Алматы арқылы бармақ болған. Санитарлық дәрігерлер тексеру жүргізіп, сараптама қорытындысын алғаннан кейін тырысқақ диагнозын қойды. Ұшақ салоны дезинфекцияланды. Рейстегі басқа жолаушыларға сырқат белгілері пайда болса, дереу дәрігерге хабарласуға кеңес берілді.

Толығырақ

Солтүстік өңірлерге көшті ынталандыру мақсатында үкімет берген тұрғын үйлердің сапасына шағым айтатындар көп. Жергілікті билік олқылық барын мойындайды. Сарапшылар әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды іске асыруда ашықтық жоқтығы мәселенің ушығып кетуіне жиі себеп болады дейді. Қазақстан үкіметі 2017 жылы солтүстіктегі облыстарға оңтүстік аймақтарда тұратын адамдарды және шеттен келген қандастарды көшіру жобасын бастаған. 2019 жылы көшке тың серпін беру үшін қоныс аударып барғандарға үй бере бастаған. Ресми мәліметке сәйкес, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 8,6 миллиард қаржы бөлініп, Солтүстік Қазақстан облысында – 1206, ал Павлодар облысында 45 үй сатып алынған. Қоныс аударғандар көп өтпей үкімет берген үйлердің сапасына шағым айта бастады:…

Толығырақ

Премьер-Министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты елдегі су тасқыны жағдайы мен ахуалды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы үнемі хабардар етіп отыр. Президент тапсырмасы бойынша, Олжас Бектенов бүгін Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарына барды. Сондай-ақ өңірлік штаб жетекшілерінің қатысуымен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қостанай облысына жіберілді.…

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапары барысында Президент Шавкат Мирзиёевпен бірге ежелгі Хиуа шаһарының тарихи орталығындағы «Ишан-қала» қалашығына барды. «Ишан қала» ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне Орталық Азиядан енген алғашқы ескерткіш саналады. Мемлекеттік тарихи-археологиялық музей-қорығында 400-ге жуық тұрғын үй ғимараты, сондай-ақ алпысқа тарта тарихи және сәулет ескерткіші орналасқан. Мемлекеттер басшыларының қалашыққа экскурсиясы «Ата дарбаза» қақпасынан басталды. Мәртебелі мейманның құрметіне орай өзбек халқының ән-күйі шырқалып, театрландырылған көрініс қойылды. Одан әрі олар «Куня Арк» кешенін, Шерғазы хан медресесін, Мұхаммед әмин Инақ медресесін, Жұма мешітін және «Таш хаули» кешенін аралап көрді. Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Хиуаның ортағасырлық шайыры, ағартушы, сопы әрі ойшыл Палуан Махмұд (1247-1326)…

Толығырақ

Отандастарымыздың белсенді қатысуы мен қамқорлығының арқасында біз төтенше жағдайларға тиімді қарсы тұрып қана қоймай, ел дамуының жүйелі мәселелерін шеше аламыз. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді. «Орталықтағы және жергілікті жердегі мемлекеттік органдар қазір су тасқынының зардаптарын жоюға, жағдайдың ушығуына жол бермеуге толықтай жұмылды. Барлық тиісті мемлекеттік органдар мен қызметтер, әкімдіктер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Құтқару жұмыстарына барлығы 9 мыңнан астам адам мен 2 мыңнан астам техника жұмылдырылды. Су тасқыны басталғаннан бері зардап шеккен 11 аймақта 19 мыңнан астам адам, оның ішінде 8 мың бала құтқарылып, эвакуацияланды. Мемлекет басшысы мен Үкімет деңгейінде жедел кеңестер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Президент…

Толығырақ

Қарағанды облысының тұрғыны өз балаларын өлтірді деген күдікке ілінді. Сұмдық қылмыс Бұқар жырау ауданына қарасты шағын ауылдардың бірінде болған. Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 және 4 жастағы балалар зорлық-зомбылық белгілерімен табылған. Ауыл тұрғындары анасы балаларын тұншықтырып өлтіргенін айтады. Оның мұндай әрекетке не үшін барғаны беймәлім. Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. «4 сәуірде Бұқар жырау ауданындағы елді мекендердің бірінде зорлық-зомбылық белгісі бар 2 және 4 жастағы балалардың мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің…

Толығырақ

отталушылар есірткіге тапсырысты интернет арқылы қабылдаған. Содан сатып алушыларға дозалық есірткі орамаларын дайындап, қала аумағында жасырын орындарға қалдырып жүрген. Жедел іс-шаралар кешенінің нәтижесінде полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бір отбасының 3 мүшесі мен олардың 2 серіктесін анықтады. Тұрғылықты жерлерін тексеру кезінде есірткі заттары және оларды өлшеп-орауға арналған жабдықтар табылып, тәркіленді. «Тергеу барысында полицейлер барлық дәлелдемелерді жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады. Отбасының 22 жастағы ұлы, яғни қылмысты ұйымдастырушы сот үкімімен 18 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған 4 кінәлі тұлғаның әрқайсысы 16 жылға сотталды» — делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Толығырақ

Астанада «Су кодексі: су тасқынына дейін және одан кейін» атты ғылыми әдістемелік конференция өтті «Байтақ» жасылдар партиясының бастамасымен еліміздегі су, экология саласының ғалымдарының қатысуымен  су тасқыны  және оның алдын алу шараларын талқылауға арналған ғылыми-сараптамалық кеңес өтті. Кеңес жұмысына Қазақ-Британ техникалық университетінің инженерлік геоматика кафедрасының профессоры, PhD доктор жанай сағин, су үнемдеу саласы бойынша халықаралық дәрежедегі сарапшы, профессор Клим Шавкатович Аширяев, Ғылыми-техникалық және экономикалық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Асқар Абашұлы Абиров қатысты. Сарапшылар мен «Байтақ» партиясының мүшелері су тасқынына және оның салдарына байланысты мәселелерді неғұрлым тиімді реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Су кодексін жетілдіру қажеттілігін талқылап өздерінің ұсыныстарын жеткізді. Су тасқыны…

Толығырақ