- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
- Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
- Қостанай атауының өзгерді ме?
- Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?
- Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті
- Қорғаныс министрлігі грантқа ие болған сарбаздардың тізімін жариялады
Автор: asylbek
Таңертең Бәйтерек ауданының ауылына үлкен су келді. Бәйтерек ауданының Махамбет (бұрынғы Жданово) ауылын су басты. ТЖД мәліметінше, даладан еріген су ауылға келіп, адамдар эвакуацияланып, мал қауіпсіз жерге айдалды. Ауыл тұрғындары су өте тез келді дейді. – 31 отбасын біз таңертең су ағып жатқан кезде эвакуацияладық. Олардың ішінде екі отбасы жергілікті мектепте орналасқан эвакопунктте, қалғандары туыстарына кетті. Еріген су 27 үйдің ауласына кірді. Қауіпсіз жерге қуылған мал саналды. Ал, Павлово және Горбуново ауылдарын су басқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады аудан әкімдігі. Сонымен қатар, Теректі ауданы Ұзынкөл ауылынан тұрғындар эвакуацияланды, ол жерде 150-ге жуық ер адам қалды. 5 елді…
Өлген мал саны есептеліп, деректер нақтыланып жатыр. Бұған дейін БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов су тасқыны кезінде мал өлгені туралы ақпаратты растаған болатын. Алайда Айтмұхамбетов нақты санды атай алмады. Оның айтуынша, Қаратөбе ауданының Қоржын, Сырым ауданының Өлеңті ауылдарында және Бөрлі ауданында жануарлар өлген. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, министрдің мал шаруашылығы және ветеринария мәселелері жөніндегі орынбасары министрліктің және оның аумақтық бөлімшелері мен облыстар әкімдіктерінің іс-қимылдарын үйлестіру жөніндегі тікелей тұлға ретінде бекітілген. Сондай-ақ АШМ комитеттері аумақтық бөлімшелерінің басшылары облыстық штабтардың құрамына енгізілген. Су басқан өңірлердегі мал өлімінің алдын алу мақсатында малды қауіпсіз жайылым орындарына көшіру жұмыстары ұйымдастырылды. Жедел деректер бойынша шамамен 30 мың…
2 сәуірден 3 сәуірге қараған түні Ириклин су қоймасынан судың ағуы шамамен 2 есе өсті. Алайда, бұл шегі емес сияқты. Ириклин су ағынына әсер ететін су қоймалары толып кетті. Башқұртстанда транзиттік су ағызу басталды. Бұл дегеніміз, Ириклин су қоймасы ағынның ұлғаюы, осыған байланысты су жіберу өседі. Бұл туралы Урал56.Ру-ға су ресурстары федералды агенттігінің Орынбор облысы бойынша Нижне-Волжско бассейндік су басқармасының су ресурстары бөлімінің бастығы Сергей Ридель хабарлады. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 2 сәуір күнгі сағат 20.00-дегі мәліметі бойынша Жайық өзені Бәйтерек ауданы Январцев елді мекені тұсында 613 (қауіпті шегі – 1250 см), Шаған Чувашинде 1264 (1280-1300), Деркөл Белесте 708 (600-650), Быковка…
Естуімізше Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев су атсқыны белең алып жатқан Батыс Қазақстан облысына, Орал қаласына барады дейді. Дерекөздердің айтуынша, Ақтөбе облысына да баруы мүмкін. Ресей жақтан бұрылған сулардың Оралы қаласына қарай бағыттап келе жатқаны туралы Азаттық радиосы хабарлаған еді. Қазіргі таңда Оралда 700 ден астам эвакуцияланды. Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті әкімдіктер, еріктілер барынша су тасқынының алдын-алу үшін жанталасуда. Естеріңізге сала кетсек, мұндай алапат тасқын Ресей елінде де жүріп жатыр.
Батыс Қазақстан облысында су басу қаупіне байланысты Теректі ауданы Подстепное ауылы мен Орал қаласында 750 адам (230-ы — балалар) эвакуацияланды Бұл туралы 3 сәуірде Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Ұзынкөл су қоймасы егістіктерден еріген қар суынан толып кетіп, Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Ұзынкөл кентін су басу қаупі төнді. Осыған байланысты Теректі ауданы Подстепное ауылында және Орал қаласында халықты алдын ала эвакуациялады» деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі. ТЖМ Ұзынкөл су қоймасы бұзылатын болса, Теректі ауданындағы Ұзынкөл, Юбилейное, Кемер, Жаңа Өмір және Барбастау ауылдарына қауіп төнетінін ескертті.
Қашаған кен орнын барлайтын North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясы «Каспий теңізінде мұнай төгілген» деген ақпаратты жоққа шығарды Компания теңіздегі нысандары әдеттегі режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
БІР АДАМ, ЕКІ АДАМҒА ҮЙ СЫЙЛАДЫ… Қалай қуанбайсың? Бір туған бауыры емес, ұлты да басқа азамат үлкен жүрекпен сауапты іс жасап жатыр. Түркістан облысының Мырзашөл өңірінде жалдамалы пәтермен жан бағып келген бейтаныс жанға үй сыйлап, екі отбасын қуантқан азаматқа мың алғыс. Ол, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Cotton мақта» ЖШС-нің директоры Абдухашим Боев деген азамат. Кәсіпкер екі тұрғын үйді сатып алу үшін 26 миллион теңге жұмсаған. Үйлердің аумағы 15-20 сотықты құрайды. Аталған үйлер мұқтаж отбасылардың тұрғылықты жеріне қарай, бірі Мақтаарал ауылдық округіндегі Елқоныс ауылында орналасса, екіншісі Еңбекші ауылдық округіндегі Т.Жайлыбаев елді мекенінде орналасқан. “Екі отбасын қуантқан Түркістан облысы ҚХА мүшесі Абдухашим…
Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымы кезінде өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, «Үш зұлым күшке» бірігіп қарсы тұру мақсатында құрылғанын еске салды – Бүгінде мұндай қатерлердің сейілмегені өз алдына, олар түрленіп, бұрынғыдан бетер қауіпті бола түсті. Өз кезегінде, біздің тарапымыздан анағұрлым жүйелі әрі батыл шаралар қабылдау қажет. Мемлекеттеріміздің шырқын бұзатын терроризм, экстремизм және сепаратизм әрекеттерінің белең алуына жол беруге болмайды. «Үш зұлым күшке», сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз есірткі айналымына және киберқауіпсіздік сын-қатерлеріне қарсы күрес Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалық ету кезеңіндегі ең басты басымдықтардың бірі саналады, – деді Президент.
Елордада дәстүрлі «KazChess Awards» сыйлығы табысталды. Биыл қатарынан екінші жыл аталған жүлдемен үздік спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер және Қазақстанда шахмат спортының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. Биыл номинациялар тізімі 12 санатқа дейін кеңейтілді, өткен жылы 9 номинация болған. Салтанатты іс-шараға Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов, сондай-ақ атақты спортшылар, еңбек сіңірген жаттықтырушылар және өзге де тұлғалар қатысты. Марапаттау рәсімінде Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйлеп, кейінгі жылдары елімізде шахмат спорты қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда республика бойынша 7 мың секция жұмыс істейді, онда 200 мыңнан астам адам…
Әлеуметтік желіде мектеп оқушыларының төбелесінің видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Оқиға Түркістан облысында болған. Бейнежазбада екі жеткіншек өздері қатарлас баланы ұрып-соғып, басынан, бетінен тебеді. Одан ақша бопсалап, енді өз ауылына келмеуін талап етеді. «Черняевкада екінші жүрмеймін де, қарыздарды қашан қойып тастайсың… Ақшаң керек емес, Черняевкадан вообще көрінбе, түсіндің бе», — дейді баланы таяқтың астына алған жеткіншектің бірі. Түркістан облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Қалдарбеков Асылжан оқиғаның Сарыағаш ауданында болғанын мәлімдеді. Қазір бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалған. «Кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды, олардың барлығы полицияға жеткізілді, тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Бүгінгі таңда жанжалдың шығу себептері анықталуда. Жәбірленуші анасымен бірге…