- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
- Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
- Қостанай атауының өзгерді ме?
- Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?
- Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті
- Қорғаныс министрлігі грантқа ие болған сарбаздардың тізімін жариялады
Автор: asylbek
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Жылу энергетикасы туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат жобалары бірінші оқылымда мақұлданды. «Заң жобасында жылу желілеріндегі бақылау функциялары, яғни ортақ жылумен жабдықтау жүйелері аясында әкімдіктерден Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне ауысатын нормалар көзделген. Бұдан бөлек, жылу энергетикасын жоспарлы дамыту бойынша жаңа тетік енгізу қарастырылған. Бұл өз кезегінде тұрғын үй құрылысы, халық санының өсуі, өнеркәсіпті дамыту және басқа да факторлармен өзара байланысты жылу энергетикасын жоспарлы дамытуға мүмкіндік береді», — деді Энергетика министрі.
Nazarbayev University-де Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев Қоры Жоғары Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Кеңес мүшелері NU-дың жоғары функционалды зертханаларымен және ғалымдардың жаңа әзірлемелерімен, атап айтқанда Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтымен, импульстік үдеткіш зертханасымен, заманауи наноматериалдармен, геномдық және дербестендірілген медицинамен танысты. Жоғары Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Олжас Бектенов ғылым мен өндірісті интеграциялаудың, сондай-ақ қазақстандық ғылыми қоғамдастық үшін ғылыми инфрақұрылымға қолжетімділікті кеңейту жөніндегі нақты міндеттерді атап көрсетті. NU-дың өнеркәсіптік өндірістерге жақын орналасқан өңірлік жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелеріне ерекше назар аудару қажет. «Университет ғылыми және білім беру ресурстарын дамытуды күшейтіп, өз әзірлемелерін коммерцияландыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындармен…
Қорғаныс министрлігі мамыр айындағы мереке күндері Қазақстанда әскери шерулер өткізілмейтінін мәлімдеді. «Қазақстанда 2024 жылы әскери парад өткізу бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбаған. Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін ұстап тұру басымдық болып табылады», — деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Ведомство өкілдері 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде де, 9 мамыр – Жеңіс күнінде де әскери шеру өткізу жоспарда жоқ екенін атап өтті.
Өңірлерде тасқыннан зардап шеккендерге көмек жинау пункттерінің жұмысы жалғасып жатыр. Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай және Ақмола облыстарында су тасқынына қарсы іс-шараларға 20 000-нан астам волонтер қатысты. Ақтөбе облысы Өңірде облыстық волонтерлер штабы құрылды. Еріктілер заттар мен азық-түліктерді жинау пункттерінен эвакопункттерге тәулік бойы тасымалдауға көмектесті. Соңғы тәулікте 2000 адамға арналған ыстық тамақ ұйымдастырылды. Ақмола облысы Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде волонтерлер су басқан аумақтардан тұрғындарды эвакуациялап, су бұру және құтқару қызметтерінің қызметкерлері үшін ыстық шай мен тамақ ұйымдастырды. Батыс Қазақстан облысы Аймақта 1000-нан астам волонтер жұмыс істейді. Олар ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, Өскен, Новостройка ауылынан 500-ден астам тұрғынды эвакуациялауға көмек көрсетті.…
Мәжіліс «Жылу энергетикасы туралы» заң жобасы және оған ілеспе жылу энергетикасы мен электр энергетикасы мәселелері бойынша заң актілеріне түзетулер енгізу туралы және Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады. Елімізде жылу энергетикасы саласындағы жеке заң алғаш рет әзірленіп отыр. Жоба жылу энергетикасы мен жылумен жабдықтау саласындағы қатынастардың барлық жиынтығын реттеу үшін толыққанды құқықтық негіз белгілеуге бағытталған. Түзетулер аясында Кәсіпкерлік кодексіне, «Электр энергетикасы туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы», «Табиғи монополиялар туралы», «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2024 жыл басталғалы 162 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 75 мың адам пайдаланды. Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем; жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша төленетін әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған…
Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларды несиелендірудің қолданыстағы ережелеріне қажетті түзетулер пакетін әзірлеуде. Бұл шешім «Ауыл аманаты» бағдарламасының 2023 жылғы жұмыс қорытындысын талдау және өңірлерден келіп түскен өтініштер нәтижесі бойынша қабылданды. «Субсидиялау ережесіне түзетулер жобасы ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 5 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2,5%-бен ауыл шаруашылығы техникасын лизингтеу мүмкіндігін қарастырады. Қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін қаржыландыру нормативін арттырудамыз», — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.
Премьер-Министрдің орынбасары – Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Атап айтқанда, төтенше жағдай жарияланған Амангелді, Жангелді аудандары мен Арқалық қаласындағы жағдаймен танысты. Вице-премьер апаттық-құтқару жұмыстарын әрі қарай жүргізу, құтқарылған адамдарды барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету, шығынды бағалау, бүлінген үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша бірқатар тапсырма берді. «Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зардап шеккендерге көмек көрсету үшін барлық жағдайды жасау керек. Су тасқынының зардаптарын жою жұмыстары тәулік бойы жүргізілуі тиіс. Өңірлерді қалпына келтіру үшін барлық қажетті ресурстар бөлінеді», — деп қорытындылады Штаб…
Балқаш қаласының тұрғындарынан келген ақпаратқа сәйкес, Балқаштың басы істейтін мердігерлері 27 көше жарығын сау ағаштарға орнатып тастаған. Қоғамға зардабын тигізетін мұндай жаңалық ойлап тапқандар ұзамай сау ағаштарды емдеумен айналысатыны сөзсіз. ең бастысы қанша қаражат бөлінді? кім игерді? Кімдер актіге қол қойып қабылдап алды екен? Әкімдік мақалаға сай түсініктеме берер деген үміттеміз.
Адвокаттар Гастроцентрдегі VIP бөлменің суретін көрсетті. Алайда зардап шеккен тараптың адвокаты сотқа суреттің 2023 жылы 8-9 қарашасында емес, 2023 жылдың наурыз айында түсірілгенін айтып, қарсылық білдірді. Судья Бишімбаевтың адвокаттарына сотты жаңылыстырғаны үшін ескерту жасады. Сондай-ақ суретті пайдалануға тыйым салды.