- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
- Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
- Қостанай атауының өзгерді ме?
- Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?
- Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті
- Қорғаныс министрлігі грантқа ие болған сарбаздардың тізімін жариялады
Автор: asylbek
Батыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды Сырым, Теректі, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында тұрғын үйлерді су басты. Осы уақытта бұл өңірлерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Зардап шеккендердің әрқайсысы мемлекет тарапынан берілетін көмектен қалыс қалмайды, — деді Батыс Қазкақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев. Орал қаласындағы Шаған және Деркөл өзені қауіпті деңгейге жеткен. Жайық өзенінде де су көлемі артып жатыр.
Олжас Бектенов қазақстандықтарды әкімдіктер мен арнайы қызметтердің хабарламаларына ерекше мән беруге шақырды ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқыны жағдайы қаралды. «Қазақстандықтарды әкімдіктер мен арнайы қызметтердің хабарламаларына ерекше мән беріп, олардың нұсқауларын орындауларын сұраймын. Бұл адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Эвакуациялау – бірінші кезекте, Сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз етуге бағытталған!» — деді Премьер-Министр. Олжас Бектенов зардап шеккендердің ешқайсысы мемлекет тарапынан көмексіз қалмайтынын атап өтті. Үкімет басшысы отырыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Астанадағы Қарулы Күштердің әскери-тарихи мұражайында осыдан алты жыл бұрын орналастырылған экс Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіні жоғалып кетті. Оның орнына Назарбаевтың жазу үстелінің артында Халық қаһарманы, Кеңес Одағының бастыры, Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың мүсіні қойылған.
Кездесу барысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері талқыланды. Президент Жоғары аудиторлық палатаға бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімді және рационалды жұмсалуын республикалық, сондай-ақ жергілікті деңгейде қатаң бақылауды қамтамасыз ету міндеті жүктелетінін айтты. Әлихан Смайылов мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі ой-пікірін жеткізді, сондай-ақ ведомствоның осы жылға арналған жоспары туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловтың мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі жүктелген міндетті сапалы орындауға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Депутаттар мен қоғам белсенділерінің бір тобы Қазақстанның ірі кен орындарын Ресейге беруді ұсынған. Батыс елдері – АҚШ пен Еуропа Ресейдің санкция аясында бұғатталған шетелдік резервтерін, алтынын, қаражаттарын, дүние-мүлік, акциялар және басқасы түріндегі активтерін соғыстан зардап шеккен Украинаға беру жолдарын қарастыруда. Әзірге ұжымдық Еуропа елдерінде де ортақ келісім жоқ. Салдарынан, Politico жазуынша, Еуроодақ бұғатталған ресейлік активтер түгіл, оларды инвестициялаудан 2022-2023 жылдары түскен 5 миллиард еуро табысты да Украинаға бермеуге шешім қабылдады. Ақша әзірше Бельгияда, Euroclear құнды қағаздар депозитарийінде қала береді. Себебі, Еуропа Мәскеудің сот арқылы көп миллиардтық қарсы талап қоюынан қорқады. Сонымен қатар, «Банк России» шетелдік инвесторлардың РФ аумағындағы 500 миллиард…
Әзірге тасқыннан келген залалды барлық өңір бірдей есептеп біткен жоқ. Топан су Қазақстанның бірнеше облысындағы тұрғындарды есеңгіретіп жіберді. Бірінде үйі мен мал-мүлкі су астында қалса, екіншісінде тұратын баспанасы ішінара бұзылған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қалыптасқан жағдай «Үкімет пен әкімдіктердің арасында жүйелі байланыс болмағандығынан» деп баға берді. Мемлекет басшысы тасқынға байланысты қазақстандықтардан кешірім сұрап, жауапты шенділерге қатаң сөгіс берді. Үкімет су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың барлық шығынын өтейміз деп отыр. Тасқыннан зардап шеккендер өтемақыны қалай ала алады? Ол үшін қайда жүгінулері тиіс? inbusiness.kz сайты осы тақырып төңірегінде шолу жасады. Жалпы алғанда тасқын болған өңірлерде тұрғындарға келген шығынды өтеу алгоритмі ұқсас. Алайда бүгінде ТЖ жарияланған…
Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы хабарлады. Екінші деңгейлі қазақстандық банктер су тасқыны салдарын жоюға және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен халықты қолдауға бағытталған Үкіметтің шұғыл шараларын қолдау мақсатында тасқыннан зардап шеккендердің қарызын кешіреді, — делінген хабарламада. Су тасқыны салдарынан кредит төлеуді кешіктіргендерге айыппұл мен өсімпұл есептелмейді.
Ақтөбе су қоймасына 27-29 наурыз аралығында 200 млн текше метр су келіп түсті, бұл оның жобалық көлемінің 80% құрайды. Сонымен қатар, жергілікті органдармен бірлесіп, тұрғындарды эвакуациялауды қамтамасыз ету мақсатында төменгі ағыста жобалық қуаттан жоғары 15 млн. текше метр су жиналды. 1 сәуірге Ақтөбе су қоймасын толтыру көлемі 86% құрайды (жобалық 245,0 млн.м³-тан 211,4 млн.м³). Қазіргі уақытта 300 м³/сек транзиттік жіберу орнатылды, су тасқыны ағынын қабылдау мүмкіндігі бар. Ақтөбе және Қарғалы су қоймаларында ағындардың жоғарылау қаупін бағалау үшін Елек және Қарғалы өзендерінің бассейндеріне аралап ұшып шығу және тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша Ақтөбе су қоймасына еріген судың қосымша ағыны түсетінін…
Су тасқыны кезеңінің басында республикалық меншіктегі 94 су қоймада (жобалық көлемі 86,3 км³) су тасқынын қабылдау және оны өткізу үшін бос сыйымдылықтар құрылды. 1 наурыздағы жағдай бойынша су қоймаларының орташа бос сыйымдылығы 60% құрады. АНЫҚТАМА ҮШІН: жалпы жинақталу көлемі 89 км³ болатын 405 су қоймасы, оның ішінде республикалық меншіктегі – 86,3 км³ жобалық көлемі бар 94 су қоймасы, коммуналдық меншіктегі – 2,6 км³ жобалық көлемі бар 272 су қоймасы, жеке меншіктегі – көлемі 851,1 км³ болатын 38 су қоймасы және 1 иесіз су қоймасы. 1502 тірек гидротехникалық құрылыстар (су қоймалары — 405, бөгеттер (дамбы) — 247, бөгеттер — 461, су…
KAZINFORM — Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде ТЖМ, ҚМ және ІІМ Ұлттық ұланның 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылды. Бұл туралы «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. Құтқару жұмыстары Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Абай облыстарында белсенді жүргізіліп жатыр. Қауіпті аймақтарды тиімді бақылау және анықтау үшін авиаторлар 27 аэровизуалды ұшуды жүзеге асырды. Қазіргі уақытта 1660 адам, оның ішінде 425 бала эвакуацияланды. 30 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданды. Фото: «Қазавиақұтқару» АҚ Бұған дейін вице-премьер – Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев және Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс…