- Әкімдерге құлаққағыс: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады
- Тарихи нәтиже! Жеті боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты
- Түркістанда құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады
- Алматыда «Медеуге» апаратын жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
- Қытайлық компания еліміздің ауыл шаруашылығына 350 млн доллар инвестиция салады
- Қазақстан ғарышқа өз зымыранын ұшырады
- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
Автор: asylbek
KAZINFORM – Көктемде жыл сайын қарғын суға тап болмау үшін сала мамандарын дайындап, су шаруашылығы мекемелерін ашуымыз қажет. Мұндай пікірді су шаруашылығы саласының ардагері, инженер-гидротехник Әмірхан Кеншімов білдірді. «Әлемнің түкпір-түкпірінде табиғи апаттар болып жатыр. Бірінде су басса, енді бірінде жанартау атқылап, жер сілкінісі орын алуда. Мұның бәрі қазіргі уақыттағы жаһандық жылынуға, климаттың өзгеруіне байланысты. Соңғы 30 жылдан астам уақыттан бері жердің ауа температурасы 1,5 градустан астамға жылынды. Мұхиттар мен теңіздердің суы жылына бастады. Кей ғаламдар мұхиттар мен теңіздердің беткі жағы ғана емес, түбі де жылынып жатқандығын айтады. Оған әртүрлі дәлелдер келтіреді. Қалай десек те, судың булануы артқан сайын циклондардың пайда…
KAZINFORM — 1 сәуірде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша вице-премьер Серік Жұманғарин көктемгі тасқын судан зардап шеккен өңірлердің әкімдіктерімен, АӨК секторының қаржы институттарымен, «Атамекен» ҰКП және салалық мемлекеттік органдармен жедел кеңес өткізді, деп хабарлады primeminister.kz. Ауыл шаруашылығы министрлігінің қазіргі деректері бойынша, еріген судан зардап шеккен Ақтөбе, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Абай облыстарындағы тұрақтандыру қорларында бүгінде 63,4 мың тонна азық-түлік бар. Барлық өнім құрғақ жерде сақталады және тасқын судан зақым келген жоқ. Басқа өңірлердің тұрақтандыру қорларында шамамен 110 мың тонна азық-түлік қоры бар және қажет болған жағдайда ол қор зардап шеккен өңірлерге жедел жөнелтілуі мүмкін. «Фермерлерге көмек көрсетуге келер болсақ, бүгінгі таңда…
Батыс өңірлерде судың төмендеуі байқалады, елдің орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде өзендер деңгейінің қарқынды өсуі байқалады. Су басу аймағында 5 облыс қалып отыр, әкімдіктер жергілікті ауқымдағы 20 ТЖ жариялады. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталуда.
Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықовтың баяндауынша Министрлік су тасқынының салдарын жою бойынша іс-шараларды үйлестіруді жалғастыруда. Алғашқы сағаттардан бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, әкімдіктер, Қорғаныс, Ішкі істер, Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Әрекет ету жедел, өзара іс-қимыл үйлесімді жүзеге асырылады. Су тасқыны жағдайы тұрақты күрделі: батыс өңірлерде судың шамалы төмендеуі байқалады, елдің орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде өзендер деңгейінің қарқынды өсуі байқалады. Су басу аймағында 5 облыс қалып отыр, әкімдіктер жергілікті ауқымдағы 20 ТЖ жариялады. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталуда. Министрліктің күштері мен құралдары дереу жұмылдырылып, жіберілді.
Сирия астанасы Дамаскіде Иран елшілігі аумағына жасалған әуе шабуылынан Иранның элиталық Ислам революциясы сақшылары корпусының екі генералы қаза тапты. Шабуылды Израиль жасаған деген болжам айтылды. ISNA агенттігінің жазуынша, қаза тапқандар арасында Иранның арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің бірі — «әл-Құдыс» күштері командирлерінің бірі Мұхаммед Реза Захеди, оның орынбасары, бригада генералы Мұхаммед Хади Рахими және олардың бес әріптесі бар. Иранда оларды Сириядағы әскери кеңесшілер деп атаған. Сирия қорғаныс министрлігі Израиль ұшақтары Голан жотасынан шабуылдаған деп хабарлады. Сирия әуе қорғанысы израильдік бірнеше зымыранды атып түсірді деген хабар тарады. Шабуыл салдарынан елшіліктің екі күзетшісі жараланған. Израиль шабуылға түсініктеме бермеді.
Қытайда шығарылатын «Рапилин» атты жаңа инсулин секем туғызатынын 18 наурызда алғаш болып мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова айтты. Палата отырысында депутат қазақстандық пациенттерге арналған жаңа инсулин клиникалық зерттеулерден өтпегенін мәлімдеді. Алайда Денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктері препарат пациенттерге тегін медициналық көмек ретінде беруге болатындай сапалы деп есептейді.
Бұл арнаулы әлеуметтік төлемді енді елімізде тұрақты тұратын шетелдіктер де ала алады. Еңбекминінің түсіндіруінше, Қазақстан бұл қадамға Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ықпалымен барып отыр. Себебі, Парламент ратификациялаған ХЕҰ конвенцияларына сәйкес, республика шетелдік мигранттарға қазақстандық еңбеккерлермен бірдей қарауға және лайықты қорғауға халықаралық міндеттеме алған. Жаңа Үкімет ел мойнындағы сол ескі міндеттемелерін жүзеге асыруға кірісіпті. Тиісінше, елімізде еңбек қызметін атқарып жатқан шетелдік азаматтар да, азаматтығы жоқ адамдар да қазақстандық жұмысшыларға төленетін төлемдерді алуға құқылы көрінеді. Осы мақсатта Еңбек министрлігі ұлттық заңнаманы өзгертуге бастамашы болды. Төлемнің өзіне тоқталсақ, Президенттің тапсырмасымен, елімізде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «арнаулы әлеуметтік төлем» (АӘТ) енгізілгені белгілі. Соның…
Сондай-ақ, сотталушы жәбірленушінің пайдасына 28 000 000 теңге өндіріп беретін болды. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Оқиға 2018 жылы болған. Колледжге қызметке орналасқан келіншек директормен жыныстық қатынасқа түсіп, оны ұялы телефонына басып алған. Содан бастап, қомақты қаражат бермесең, әлеуметтік желіге жариялаймын деп қорқытып келген. Алғашқыда 2 500 000 теңге алған әйел, бұл әрекетті бірнеше мәрте қайталаған. Бірте-бірте қаржы көлемінде ұлғайтып отырған. Бірінде көлік алып беруін талап еткен. Ал, ең соңғы талабында 13 млн теңге сұраған. Күдіктінің қылмыстық әрекет жасауын тоқтатпайтынына көзі жеткен жәбірленуші Түркістан…
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар тағы екі адам бас бостандығынан айырылды. Шымкент қаласы аудан әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен алдын алу мақсатында сот органдарымен өзара келісімге қол жеткізу арқылы жемқорлыққа айыпталған мемлекеттік қызметшілердің ұжымдары сот отырыстарына қатысады. 2024 жылдың 1 сәуірінде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталғандардың бұрынғы әріптестерінің қатысуымен Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Е. Тіленшинге, осы әкімдіктің бас маманы А. Балқыбековке, сондай-ақ мердігер ұйымның өкілі А. Манатқа қатысты үкім жариялады. Аталған адамдарға тиісінше 11, 10 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру…
Жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында орналасқан. Сейсмикалық станциялар желісінде 2 сәуірде Алматы уақытымен 08:56-да (2024 жыл, 2 сәуір, Гринвич бойынша 03 сағат 56 мин 39 сек) жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 108 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.1. MPV магнитудасы 4.4. Эпицентрдің координаттары 43.13° С. Е. 78.23° ш. б. Тереңдігі 15 км.