- Әкімдерге құлаққағыс: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады
- Тарихи нәтиже! Жеті боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты
- Түркістанда құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады
- Алматыда «Медеуге» апаратын жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
- Қытайлық компания еліміздің ауыл шаруашылығына 350 млн доллар инвестиция салады
- Қазақстан ғарышқа өз зымыранын ұшырады
- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
Автор: asylbek
Су тасқыны болып жатқан Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылында егіз сәби дүниеге келді. Ана мен балалар тікұшақпен аудан орталығына жеткізілді.Нұра ауылында жүкті әйел мерзімінен бұрын егіз сәбиді босанды. Ауыл дәрігерлері әйелді аман-есен босандырып алды.Салмағы 2800-3050 грамм болатын екі қыз өмірге келді. Қазір ана мен балалардың жағдайы жақсы. Бұл 36 жастағы әйелдің 6-шы жүктілігі екен.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қайрат Сатыбалдыұлы кінәсін толық мойындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Сот отырысында прокурор айыптау актісін жариялады. Сатыбалдыұлына ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру) бойынша айып тағылды. «Құрметті сот, толық мойындаймын», — деп жауап берді Қайрат Сатыбалдыұлы.
Бұған дейін Орал қаласы мен бірқатар аудандар төтенше жағдай режиміне көшкен болатын. Батыс Қазақстан облысында тұтастай өңір бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау жоспарланып отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің шешімінің жобасынан белгілі болды. «Батыс Қазақстан облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.Ш.Айтмұхамбетов табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын», – делінген шешім жобасында. Қоғамдық талқыдан кейін шешім бүгіннен бастап күшіне енуі тиіс. Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында және бірқатар аудандарда жергілікті табиғи…
Қазақстанның 7 өңіріндегі 26 елді мекенде көлік қатынасы үзілген. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы туралы есеп берді. Бүгін 16.00-дегі жағдай бойынша, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 439 жеке тұрғын үй, 334 аула аумағы және 75 саяжай үйі су астында қалып отыр. Сондай-ақ республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдардағы 24 автожолды су шайды және 84 жол төсемі арқылы су жүрді. Қазақстанның 7 өңіріндегі 26 елді мекенде көлік қатынасы үзілген. Азаматтық қорғау қызметтері 4 733 адамды, оның ішінде 1 686 баланы құтқарды және эвакуациялады. Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттерінде 2 992 адам, оның ішінде 1001 бала…
Ол ерекше қатыгездікпен қасақана, жоспарланған кісі өлтірді деп тағылған кінәні мойындамайтынын айтты. Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев сотта мәлімдеме жасады. Бұған дейін марқұмның ағасы Айтбек Амангелдіден сотта жауап алынғаннан кейін Қуандық Бишімбаев дәлелдерді зерттеу тәртібін өзгертіп, мерзімінен бұрын куәгер болғысы келетінін айтты. Судья айыпталушыға мәлімделген куәлардан жауап алғаннан кейін ғана сөз сөйлеуге рұқсат беріп, қорғаушының бірінші өтінішін қанағаттандырмады. «Маған сөйлеу қиын. Кешірім болмайтынын түсінемін, бірақ бұл менің адами парызым. Осында құрбан болғандар, ата-анасы, туыстары, оны жақсы көретіндердің бәрі бар. Шынымды айтсам, бастапқыда оның өлгенін қабылдау қиын болды. Кешірім сұрағым келеді. Кешіреді деп күтпеймін. Бірақ, бұл менің…
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Kazenergy қауымдастығының бас директоры болып тағайындалды. Бұл қызметте ол Кенжебек Ибрашевті алмастырды, деп хабарлады petrocouncil.kz. Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған. Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады. 2005-2010 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2010-2013 жж. — ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары. 2013 ж. — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары. 2013-2019 жж. — ҚР Президент әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.…
Ол бұл қызметке 2022 жылы тағайындалған болатын. Мемлекет басшысының жарлығымен Наталья Николаевна Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. Ол 2018 жылғы ақпаннан бастап Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы болса, президенттің 2022 жылғы 28 қарашадағы № 9 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы болып тағайындалды. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Оқиға Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болған. Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 26 жастағы азаматтық қорғау сержанты жараланды Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағындағы екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында. Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы мас күйінде болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
CaspianLife, — Каспий теңізінде суға батқан кемелер шоғырланған бірнеше аймақтар бар. Ең қауіпті саналатыны – 200 және 214-ші аудандар. Бейнедегі Каспий теңізіндегі суға батқан кемелердің ең үлкен зираты. Бұрын бұл аймақ оқу-жаттығу полигоны, ал суға батқан кемелер нысана қызметін атқарған. Енді бұл аймақтар навигация үшін қауіпті деп танылып, кемелер олардан аулақ жүреді. Түпқараған шығанағының жағасында да суға батқан кемелер бар. Мұнда иесіз кемелер отыз жылдан астам уақыт бойы жиналып жатыр. Олар тасымалдауға қауіп төндірмейді. Жойып жіберу де мүмкін емес. Өйткені кез-келген уақытта иелері келіп, кемеге құқтарын талап ете алады. Бірақ олар өздерін жариялауға да асықпайды, себебі кемені өз есебінен жоюға…
Әлемдегі су тасқыны қаупіне ең үздік қорғанысын жасап шыққан ел Нидерланды елі. 1953 жылы Солтүстік теңіздегі дауыл салдарынан тасқын болып 2 мыңға жуық адам қаза болып 40 мыңға жуық үй қирайды. Осыдан соң теңізге өте жақын орналасқан Нидерланды 47 жыл бойы дамбалар салумен айналсқан. Бұл мықты дамбалар теңіз суы көтерлігенде суды елді-мекендерге өткізбейді. Негізгі бөгеттердің ұзындығы 2,5 мың шақырым, ал көмекші бөгеттердің ұзындығы 13 мың шақырымды құрайды. Нидерландының бұл жобасы «Дельта» жобасы деп аталады. Теңіз тыныш кезде ашық тұрады. Дауыл тұрып су деңгейі көтерілген бастағанда дамбылар автоматты түрде жүйе сигнал беріп дамбылар жабылады. Бір қызығы жұмысына электр қуаты…