- Әкімдерге құлаққағыс: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады
- Тарихи нәтиже! Жеті боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты
- Түркістанда құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады
- Алматыда «Медеуге» апаратын жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
- Қытайлық компания еліміздің ауыл шаруашылығына 350 млн доллар инвестиция салады
- Қазақстан ғарышқа өз зымыранын ұшырады
- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
Автор: asylbek
Қызылорда облысында медицина саласында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Денсаулық сақтау саласына қажетті қызметтік көліктер алынып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде оң өзгерістер бар. Жақында көпбейінді облыстық аурухана базасында жаңа МРТ аппараты іске қосылды. Бұл сала мамандарының жоғары деңгейде жұмыс атқаруына оң септігін тигізеді. «Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласын басым бағыттардың бірі ретінде белгілеп, халыққа арнаған Жолдауында нақты талаптар қойды. Осыған орай көпбейінді облыстық аурухана базасында жаңа МРТ аппараты іске қосылып, 70 орындық перинаталдық бөлім ашылды. Бұрынғы аппарат бұзылып, ауруханада 2016 жылдан бері мұндай құрал-жабдық болған жоқ. Мәселенің шешімін табу үшін бюджеттен қаржы бөліп, биыл бағасы 646 млн. теңге тұратын МРТ аппараты…
KAZINFORM — Грузия астанасы Тбилисиде өткен дзюдодан Grand Slam турниріндегі жеңісінен соң қазақстандық Нұрқанат Серікбаев әлемдік рейтингте жоғарылады. Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 60 келі салмақта сынға түскен Нұрқанат Тбилисидегі жеңісі үшін 1000 ұпай еншіледі. Нәтижесінде, қазақстандық спортшы 20-орыннан 15-орынға көтерілді. Ал олимпиадалық рейтинг әлі жаңарған жоқ. Айта кетелік, Нұрқанат Серікбаев Антальяда өтетін Grand Slam турнирінде де бақ сынайды.
KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының жүзден аса әскери қызметшісі су басуға қарсы жұмыс жүргізу үшін Орал қаласына келді. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде су тасқынына қарсы жүргізілген алдын алу шараларына қарамастан, қардың еруі мен нөсер жаңбыр салдарынан облыс орталығының бірқатар ауданын су басу қаупі туындап отыр. Фото: Қорғаныс министрлігі Полковник Расул Зәкіровтың басшылығымен 99250 әскери бөлімінің әскерилері бір тәулік ішінде тұрғын үйлерді, әкімшілік ғимараттар мен жолдарды су басудан қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Фото: Қорғаныс министрлігі Бұл ретте 5 мыңнан астам құм салынған қап дайындалды, олар еріген суға бөгет болады. Бірнеше жүз метрлік кедергілер салынды,…
KAZINFORM – 2023 жылы TikTok әлеуметтік желісінің әкімшілігі қазақстандық қолданушылардың 4,2 миллионнан астам видеосын жойып жіберген. Компания басшылығы бұған қоғамдастық ережелерінің бұзылуы себеп болғанын алға тартып отыр. Платформадан жойылған бейнелердің шамамен 90 пайызы 50 елдің тұрғындарына тиесілі. Қазақстан бұл антирейтингке тұрақты түрде енетінін атап өткен жөн. 2023 жылдың бірінші тоқсанында әлеуметтік желі әкімшілігі қазақстандық қолданушылардың 766,7 мың видеосын жойды. Оның 88,8 пайызы жарияланғаннан кейін 24 сағат өтпей алынып тасталған. Екінші тоқсанда TikTok тағы 950,2 мың бейнені жойды (88,2%-ы алғашқы 24 сағатта). Үшінші тоқсанда жойылған бейнелер саны төмендеген жоқ. Үш айда 1,1 миллион (алғашқы 24 сағатта 90,5%) видео алынған. Ал төртінші…
KAZINFORM — Бүгін Бас прокуратурада су тасқыны жағдайы бойынша барлық мүдделі органдардың жұмылдырылыуымен ведомствоаралық жедел кеңес өтті. Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі ағымдағы жағдайды баяндады. Су тасқынының жоғары қаупі Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, сондай-ақ Абай, Ұлытау облыстарына төніп тұр. «Республикалық және 12 облыстық штаб орналастырылды. Сенім телефоны жұмыс істеп тұр. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Жергілікті әкімдіктер, полиция сондай-ақ төтенше жағдайлар органдары су басқан нысандарды сорып алу және хабарламаларды қалпына келтіру бойынша шұғыл жұмыстар жүргізіп жатыр. 94 адам эвакуацияланды. Барлығы 2,5 мың қызметкер мен 693 техника, 288 суды сорып алу қондырғылар жұмылдырылды. Қабылданған шараларға қарамастан, аталған аймақтарда тұрғын үйлерді, аула аумақтарын…
Тілімен оқ жаудыратын атышулы блогер Диас Құзайыровқа “ұсақ бұзақылық” жасады деген айып тағылды. Ол тікелей эфирде Владимир Путинді әдепсіз сөзбен балағаттап, Ресейде өткен сайлауды мойындамайтынын айтты. Бұл жағдай әлеуметтік желілерге мониторинг жасап отыратын полицейлердің назарына іліккен. Ведомство тікелей эфирде боғауыз сөйлеуге жол жоқ деп ұйғарған. Блогердің өзі бейәдеп лексика қолданғанын жоққа шығарды. Диастың сөзінше, ол Путинге тіл тигізбегенін, тек “құйлы” деген сөзді қолданғанын атап өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылдан бастап елімізде менеджерлердің кадрлық резервін іріктеу және дайындауға бағытталған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы іске асырылуда. Оның алғашқы құрамына 207 педагог іріктеуден өтті. Қазір олардың 100-ге жуығы мектеп директоры қызметіне кірісті, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Кадрлық резервке алынған елордалық педагогтермен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев кездесті. Кездесуде ведомство басшысы білім беру сапасын арттырудың маңызды міндеттеріне тоқталды. Бұл — менеджментті нығайту, оқу бағдарламаларын жаңарту, ауыл мектептерін қолдау бойынша кешенді бағдарламаны іске асыру, педагогтерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру тәсілдерін жетілдіру, инфрақұрылымдық кешенді жақсарту, сапаны бағалаудың ұлттық жүйесін трансформациялау сияқты бес негізгі бағыт. Жобаға…
Business.enbek.kz порталында 2024 жылғы 8 сәуірден бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады. Республика бойынша бірінші лекте 4 500 адамға грант беру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады. Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өтінім беру үшін қажет: — Порталда тіркелу; — грант алу шарттарына сәйкестігіне…
– Сирек кездесетін металдар көптеген технология үшін аса маңызды компонентке айналды. Олар өнеркәсіп, цифрлық технологиялар, ғарыш және қорғаныс сияқты стратегиялық салаларда мүлдем қалдық болмайтын деңгейге жету үшін қажет. Біз уран, литий, титан және басқа да сирек кездесетін элементтердің ірі кен орындарын игерудің ең тиімді тәсілдерін қолдану мақсатында халықаралық серіктестермен бірлесе жұмыс істеуді жалғастыра береміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, Азия өзінің экономикалық, технологиялық және мәдени артықшылықтарын пайдалану арқылы әлемнің келешек даму бағытын айқындауда шешуші рөл атқара алатынына сенім білдірді. Бұл ретте Президент Боао Азия форумы және Астана халықаралық форумы (AIF) сияқты маңызды халықаралық диалог алаңдарының практикалық…
– Дүниежүзі тұрғындарының шамамен үштен бір бөлігі әлі де азық-түлік тапшылығын сезініп отыр. Орталық Азияда бидай өндіру бойынша жетекші ел саналатын Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін жаһандық азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін пайдалануға ниетті. Біз мақсатты бағдарламалар жасау, бірлескен агроинновациялық орталықтар құру және инновациялық технологиялар трансферті арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға тиіспіз. Ол үшін күш жұмылдыруымыз керек, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Азия елдері арасындағы көлік-транзит ынтымақтастығын нығайтудың стратегиялық мәні зор екеніне назар аударды. – Қолданыстағы және жаңа көлік бағыттарын дамыту үшін барынша күш-жігер жұмсау аса маңызды. Транскаспий халықаралық көлік бағыты немесе «Орта дәліз» осы санатқа жатады. Аталған көлік бағдары…