Автор: asylbek

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүк көліктерінің экономикалық контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады Тергеу барысында қылмыстық топтың Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып, есепке қойылған заңсыз 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізгені анықталды. Бұл мемлекетке 180 млн теңге төленбеген кедендік төлемдер, сондай-ақ 205 млн теңге тіркеу төлемдерін төлемеу түрінде залал келтірді. Тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды. ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Толығырақ

«2024 жылғы 26 наурызда Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», — делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Толығырақ

  Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында еліміздің көлік министрі М.Қарабаев контейнерлік пойыздарды жөнелту және өңдеу көлемі бойынша Қытайда бірінші орындағы Сиань қаласының халықаралық құрғақ портына барды. Құрғақ порт аумағында қуаттылығы жылына 66.5 мың ЖФЭ қазақстандық терминал іске қосылды. Министр кәсіпорын ұжымымен кездесіп, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша қазақстандық терминалдан алғашқы құрама пойыздың жөнелту рәсіміне қатысты. Сиань қаласына сапарын қорытындылай келе, министр қазақстандық және қытайлық бизнес өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.   ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Толығырақ

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Ақмола облысында Есіл су реттегішін салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмысын аяқтауда. Нысан Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы елдімекендерді су басу қаупін азайтуға, сондай-ақ жалпы ауданы 25 мың гектарға дейін Ақмола облысының суармалы жерлерін сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Су реттегіші Есіл өзенінің төменгі ағысы арқылы су тасқынының бір бөлігін қауіпсіз өткізу үшін суды ұстап тұруға немесе қайта бағыттауға, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев және Петропавл су қоймаларының тұрақты жұмысы үшін қажет. «Жоба бойынша құжаттар әзірленгеннен кейін мемлекеттік сараптама қорытындысын алу үшін тиісті мекемеге жіберіледі. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы осы…

Толығырақ

 «Zhas Project» жобасына 18-34 жас аралығындағы NEET санатындағы жастар (уақытша жұмыспен қамтылмаған) қатыса алады. Жоба жеңімпаздарының әрқайсысына әлеуметтік бастамаларды іске асыру үшін 1 миллион теңгеге дейін шағын грант бөлінеді, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігі. Өтінім 24 сәуір сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Әр өңір бойынша өтініш қабылдайтын үкіметтік емес ұйымдардың байланыс мәліметі cisc.kz сайтында, Zhas Project бөлімшесінде көрсетілген.

Толығырақ

Өндіріс технологияларының дамуы – экологиялық жағдайдың күрт нашарлауына себепкер болды, сондықтан, адамдар баламалы қуат көздерін іздестіріп жатыр. Адамзат энергиясыз өмір сүре алмайды. Біз күн сайын – көмір, газ, бензин сияқты органикалық отындарды пайдаланамыз. Бірақ, пайдалы қазбалардың қоры шектеулі екенін ұмытпауымыз керек, ғалымдардың пікірінше, мұнай қорлары шамамен 50 жылдан кейін таусылады. Дәстүрлі энергия көздері сарқылғасын не істейміз? Күн энергиясы Жер бетіне түсетін күн энергиясының бір апталық мөлшері – әлемдегі барлық мұнай, газ, көмір және уран қорларынан асып кетеді. Оны таусылмайтын қуат көзі деп айтуға болады. Қазіргі заманда, күн станциялары көптеген елдерде белсенді қолданылады, бұл станциялар – фотоэлектрлік қондырғылардың көмегімен, күн энергиясын…

Толығырақ

Автомобиль өнеркәсібі біздің өмір салтымызды айтарлықтай өзгертті. Әлемдегі қолданыстағы көліктердің жалпы саны 1 миллиардтан асты. Бұл көлік құралдары күн сайын үлкен мөлшерде көптеген улы заттар шығарады. Ғалымдардың айтуынша, автокөлік қозғалтқыштарындағы жанармайдың толық жанбай қалған өнімдері, қалалардағы тұманның (смог) пайда болуына себеп болды. Бұл қала тұрғындарының денсаулығына қауіп төңдіреді. Мұнайды теңіз арқылы тасымалдау кезінде болатын апаттар, экологияға үлкен зияның тигізеді. Мұнай судан жеңіл болғандықтан, жұқа қабықша түрінде үлкен аумаққа таралады. Оның теңізге төгілуі, сүтқоректілердің, құстардың, бауырымен жорғалаушылардың және балықтардың жаппай қырылуына әсер етеді. Жыл сайын Дүниежүзілік мұхитқа әртүрлі себептермен 2-10 миллион тонна мұнай құйылады екен. 2010 жылы Мексика шығанағындағы «Deepwater Horizon»…

Толығырақ

Қалдықтар – технологиялық процесстен немесе тұрмыстық пайдаланудан кейін одан әрі қолдануға жарамсыз деп танылған заттар.Ғалымдардың айтуынша, жер шарының әрбір тұрғыны жылына шамамен 1 тонна қоқыс шығарады. Жыл сайын 200 миллиардтан астам пластик бөтелкелер мен 58 миллиард бір реттік пластикалық стақандар қоқысқа тасталады. Табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдалану, техникалық прогрестің дамуы және халық санының көбеюі экологияның күрт нашарлауына әкеліп соқты. Қоршаған ортаның тұрмыстық қалдықтармен ластануы адамға ауа, су және азық арқылы әсер етуде. Қабылдау пункттерінің жағдайы қанағаттанарлықсыз күйде. Тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үшін ескірген әдістер қолданылады. Қоқыстарды қайта өңдеу зауыттарының жеткіліксіз болуы, әлемдегі ең өзекті проблемалардың бірі. Көму немесе өртеу сияқты әрекеттер…

Толығырақ

Қоқыс – қолдануға келмейтін әр түрлі заттың қалдықтары. Бұл өзі қайдан келеді? Соған тоқталайық… Анаң картоптың қабығын ашып, қоқысқа тастайды. Өйткені жеуге келмейді. Осындай қоқыстарды ас қалдығы дейді. Кез келген зат уақыт өте келе ескіреді, яғни өңін жоғалтады. Мысалы, көйлек созылып, жыртылады. Автомобиль, ұшақ пен ғарыш кемесі ескіріп, бұзылады. Түрлі зат шығаратын өндіріс орындарында қалдық қалады. Баспаханада жарамсыз кітаптарды қоқысқа тастайды. «Егер жарамдылық мерзіміне дейін бұзылса, қайта жөндеп береміз». Кей заттың сыртына осылай жазылады. Енді бірі ескірмей-ақ бұзылып қалады. Дүкеннен алған ыдысың жолда сынып қалуы мүмкін. Әрине, қоқысқа тастаймыз. Табиғат ас қалдығын қайта қорыта алады. Биологиялық қалдықтар жерде жатып ыдырап, шіриді. Уақыт өте…

Толығырақ

2024 жылғы қаңтарда 146,4 мың бірлік автокөлік есепке қойылды1), бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3% артық, оның ішінде автобустар 44,1%, жүк автомобильдері 11,4 және жеңіл автомобильдер саны 15,3% артты. 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 348,9 мың бірлікті құрады, оның 88,1% – жеңіл автомобильдер, 9,8% – жүк және 2,1% – автобустар. Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санының ең үлкен үлесі (44,6%) қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 текше см. дейін жеңіл автомобильдер, қозғалтқыш көлемі 1500 текше см. дейінгілер үлесі – 18,6%, 2000-2500 текше см – 17,4%, 2500-4000 текше см дейін – 15,1% және 4000 текше см жоғары…

Толығырақ