Автор: asylbek

Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған америкалық Тейлор Таунсендпен бетпе-бет келді. Екі сағат 23 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Рыбакина 16 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді.

Толығырақ

Түркістан облысының бірнеше ауданы мен ауылдары судан улануы мүмкін. Облыс тұрғындары осылай дабыл қағып отыр. Атап айтақанда Түркістан қаласының бір бөлігі, Сауран ауданына қарасты 4 ауыл мен Кентау қаласы және оның маңындағы тағы 4 елді-мекен тұрғындарының денсаулығына қауіп төніп тұр. Кентау қалалық мәслихатының депутаты Самат Сәденовтың сөзінше аталған елді-мекендер шахтаның суын ауызсу ретінде пайдаланады. Оның жанында шетелдік компания алтын өндірісімен айналысып отыр. Және химиялық қалдықтарды су шахтасының жанына төгеді. Нәтижесінде судың дәмі бұзылып, соңғы 2 аптада бірнеше адам ауруханаға түскен. Қоғам белсендісі Бахтияр Жаңабаев та бұл мәселені бірнеше жылдан бері көтеріп келеді. Айтуларынша қытайлық компания 2 рет сотта жеңіліп, химиялық…

Толығырақ

Ұлттық құрылтай мүшесі, әлеуметтанушы Гүлмира Илеуовамен кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуде Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, жастар арасында құндылықтарды насихаттау, соның ішінде еңбексүйгіштік, техникалық мамандықтарды дәріптеу туралы айтылды. Сонымен қатар Қазақстанды өркендетуге үлес қосатын ұлттық буржуазияны қалыптастырудың өзектілігіне, ұлттың бәсекеге қабілетін арттыру үшін білім культін нығайтуға, инновациялық ойлау жүйесін дамытуға, «Құқықтық тәртіп», «Әлеуметтік әділеттілік» қағидаттарына басымдық берілетін қоғамдық қатынастарды ілгерілетуге назар аударылды. Гүлмира Илеуова қоғамда кеңінен талқыланып жатқан мемлекеттік рәміздерге қатысты пікірін білдіріп, Елтаңбаға және мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қарым-қатынасына байланысты ұсыныстарын жеткізді.

Толығырақ

Дәулет Сәрсенбаев ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады. Былтыр қала аумағында орналасқан 16 сейсмикалық станцияның 11-не 527 миллион теңгеге құрал-жабдық сатып алынғаны туралы мәлімет берді. 2021-2023 жылдарға арналған мақсатты қаржыландыру бағдарламасының нәтижесінде 25 бақылау пункті ашылған. Халықаралық ынтымақтастық аясында 10 жаңа станция ішінара жаңғыртылып, 6 жаңа станция пайдалануға берілген. Мемлекет басшысы сейсмикалық қауіпсіздік халықты қорғау деңгейіне, экономикалық нысандар мен қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін ұлттық қауіпсіздіктің негізгі факторы саналатынын айтты. Президент ерте құлақтандыратын озық жүйе енгізуге және сейсмологтардың біліктілігін арттыруға қатысты бірнеше мәселеге назар аударды.

Толығырақ

Ерболат Досаев Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Биылғы екі айдың қорытындысы бойынша қала экономикасының қарқынды өскені, Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсімі 1,7 пайызға жеткен. Жергілікті бюджетке түскен қаржы 55 пайызға, яғни 287,5 миллиард теңгеге дейін көбейген. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артып келеді. 190 миллиард теңге инвестиция тартылып, өсім көрсеткіші 24,5 пайызды құраған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдай кезінде азаматтарды уақытылы құлақтандыру мақсатында биыл 1 маусымға дейін пилоттық режимде «Mass Alert» жүйесі енгізіледі.

Толығырақ

ҰОК басшысы Грекия астанасына Қазақстан футбол федерациясының шақыртуымен барған. Геннадий Головкин Ұлттар лигасының жартылай финалы аясында өтетін Грекия-Қазақстан матчын тамашалайды. Ол құрама үшін маңызды матчта футболшыларға трибунадан қолдау көрсетпек.

Толығырақ

Бұған дейін ол бастаманы депутаттар көтеріп, кабминге сауал жолдаған еді. Бастаманы Үкімет келесі негіздерді есепке алып қолдамайтынын білдірген: Мемлекет қазірдің өзінде кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша шаралар қабылдап жатыр. Кәмелетке толмаған балаларға әлеуметтік көмек беріледі. – Қор құрылса борышкерлердің көбеюіне, алимент алу үшін некені өтірік бұзуды жасанды түрде ұлғайту, жалтару жайттарын көбейтуі ықтимал. Ал қордың алдында борышты өтей алу мәселесі даулы болып қала береді. Оның үстіне ол қорды құру үшін шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай мемлекет бюджетінен қосымша қаражат бөлуді талап етеді. Қорды арнайы құрылым ретінде құрып, штат бөліп, қаражат бөлу керек болады, – делінген жауапта.

Толығырақ

Қазақстан мен Кореяның авиациялық билігі арасында келіссөздер жүргізілді. Алматы қаласында Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді. Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Корея Республикасы Азаматтық авиация кеңсесінің бас директоры Йонг Коок Киммен кездесу өткізді. Келіссөздер нәтижесінде тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 10-нан 42-ге дейін ұлғайтуға келісіп отыр.

Толығырақ

Люксембург прокуратурасы Статиге қарсы қылмыстық істе ешқандай дәлел таппағандықтан, оны біржолата жабуды ұсынады. Редакцияға прокурордың бұл тұжырымы Швецияда Қазақстанның Ұлттық қорына тиесілі 75 млн доллар алынғаннан кейін келгені белгілі болды. Жылына 25 млн доллар мөлшерінде есептелетін пайыздарды ескере отырып, Стокгольм төрелік шешіміне сәйкес, Қазақстанға Статидің пайдасына төленетін жалпы сома 585 млн долларды құрайды. Люксембургтегі қылмыстық істі 2019 жылы Қазақстанның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев бастаған. Бұл оның Статидің экспроприацияланған мұнай бизнесі үшін 500 миллион доллар өтемақы төлеуге міндеттейтін Стокгольм арбитражының шешімін жою жөніндегі тағы бір сәтсіз әрекеті болды.

Толығырақ

Бұл туралы үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр депутаттарға берген жауабында хабарлаған. «Қазіргі кезде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде құрылымдық өзгерістер жүргізіліп жатыр. Соның аясында дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік шеңберінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын министрліктің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің штат санын 5 бірлікке ұлғайту мәселесі қаралуда», — делінген жауапта. Бұған дейін Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігімен ынтымақтасатын iSoon компаниясы құпия құжаттамалардың жылыстап кетуіне жол бергені белгілі болды. Файлдар GitHub қызметінде ашық жарияланып кеткен еді. Қытайда алынған деректер талданып, сұрыпталып, интернеттегі жарияланымдарды бақылау жүйесі жасалған.

Толығырақ