- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: bukebay.dina
Украина мен Оңтүстік Корея шенеуніктері Солтүстік Кореяны Ресейге көмектесу үшін Украинадағы соғысқа мыңдаған жауынгер жіберді деп айыптады, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Ким Чен Ын Украинаға офицерлерін жөнелтіп, мыңдаған сарбаз жіберуге дайындалып жатыр. Мәскеу де, Пхеньян да тағылған кінәні жоққа шығарып отыр. Ал АҚШ өкілдері бұл туралы хабарларды әлі де зерттеп жатқандарын мәлімдеді. ҚАНДАЙ ХАБАР ТАРАДЫ? Президент Владимир Зеленский бейсенбі күні Солтүстік Кореяны Ресеймен бірігіп, Украинаға офицерлер жіберіп, Мәскеудің соғыс әрекеттеріне көмектесу үшін 10 000 сарбазын дайындап жатқанын хабарлады. Жұма күні Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметі (NIS) Солтүстіктің Ресейдің Қиыр Шығысындағы әскери базаларға жаттығуға және климатқа бейімделуге арнайы күштердің…
Алматы облысында күдікті уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Ол зорлау бойынша күдікке ілінген. Ер адамды ұстау үшін арнайы «Дабыл» жоспары енгізілген. Негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды. Қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында, — деп хабарлады ведомстводан.
Бір жарым мың орынға 2023 жылғы күзде әскерге шақырылған мерзімді қызметтің 17 927 сарбазы үміткер болды, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты El.kz ақпарат агенттігі. Конкурсқа Қорғаныс министрлігінен – 8 169, Ұлттық ұланнан – 6 441, Төтенше жағдайлар министрлігінен – 315, Шекара қызметінен – 2 715, Мемлекеттік күзет қызметінен 287 сарбаз қатысты. Күштік құрылымдар әскери бөлімдері сарбаздарының қызметтің барлық кезеңіндегі үлгерімі мен тәртібі бойынша нәтижелері енгізілген «Срочники 2.0» ақпараттық жүйесі іріктеудің ашықтығын қамтамасыз етті. Білім беру жеңілдіктеріне ие болған әскери қызметшілердің толық тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабына айтылған. «Бас прокуратура деректеріне сәйкес, кәмелетке толмағандар жасайтын құқық бұзушылықтың жоғары деңгейі сақталып отыр. Айталық, осы жылдың 9 айында балалар қылмысының 50 фактіге (2024 жылдың 9 айында – 1 263, 2023 жылдың 9 айында – 1213 қылмыс) өскені байқалады. 2024 жылдың 8 айында балаға тәлім-тәрбие беру міндетін лайықты орындамағаны үшін 84 мың заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 345 адам ата-ана құқығын айырылды. Девиантты мінез-құлқы бар 125 жасөспірім балаларға арналған арнаулы мектепке жіберілді», – деп атап өтеді Үкімет басшысы. Айта кетейік, Жамбыл, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында девиантты мінез-құлқы бар…
2024 жылдың алғашқы жартысындағы деректер Қазақстандағы экологиялық жағдайдың күрделенгенін көрсетеді. Елдегі 70 елді мекеннің ішінде 5 қала өте жоғары ауа ластану деңгейіне жеткен, су ресурстары да сын көтермейтін жағдайда. Тіпті кейбір су айдындарының тек өнеркәсіптік мақсаттарда ғана қолдануға жарамды екені анықталған. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Massaget.kz тілшісінің ресми сауалына жауап берген хатында баяндады. Қазақстанның 5 бірдей қаласында ауа өте қатты ластанған Министрлік мәліметінше, 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан Республикасының атмосфералық ауасының сапасын бағалау қорытындысы бойынша елдегі бірқатар қалалардың экологиялық жағдайы алаңдаушылық туғызып отыр. 70 елді мекеннің ішінде 5 қала өте жоғары ластану деңгейіне, ал 21 елді мекен жоғары ластану…
Қазақстанда асыраушысынан айырылған 157 мыңнан аса адам бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 457,1 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 59,6 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды. 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 541,2 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша — шамамен 157,9 мың адам. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің…
Мәжілісмен Мархабат Жайымбетов бастаған бір топ депутат Еуразиялық одақтың талаптарын орындамаған қазақстандық бизнесмендерді қатаң жазалауды сұрап, Үкіметке жүгінді. «Елімізде ірі бизнес, яғни көтерме сатушылардың көбісі тауарды таңбалау талабын сақтамайды және таңбаланбаған тауарларды сатады. Содан кедендік ресімдеудің оңайлатылған түрі бола тұра, қажетті шарттар толық орындалмайды. Таңбалау бойынша міндетті талаптар сақталмайды. Өз кезегінде уәкілетті операторлар мен ірі импорттаушылардың жұмысы салғырттық танытып тұр. Солардың «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерінен салықтық төлемдер де дұрыс түспейді. Елімізде салық түсімдері бойынша орындау жоспарына сәйкес 2,4 триллион теңге қаражат бюджетке түспеген», – деген мәжілісмен Мархабат Жайымбетов пен оны қолдаған депутаттар Үкіметтен тауарларды таңбалау жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін…
Үкімет қоқыс өңдейтін кәсіпкерлерге 185 миллиард теңге көмек бөлмек. Сенат депутаттары Үкіметке ұсыныспен шығып, «егер бизнесмен қоқыс өңдеуші зауыт салса, оның инвестициялық шығындарының 25-30%-ын бюджеттен қайтарып беруді» сұраған болатын. Заң шығарушы биліктің бұл ұсынысын атқарушы билік қабылдамай тастады. Оның мәнісін Парламентке Премьер Олжас Бектеновтың өзі түсіндірді. Өйткені елді қоқыстан арылтуға бел буған бизнес субъектілеріне бұдан да жақсы игіліктер қарастырылып жатқан көрінеді. Сонымен бірге өндірістік, құрылыстық, тұрмыстық және басқа қалдығын қалаған жеріне, айдалаға төге салатын кәсіпкерлерге, қазақстандықтарға жаза күрт қатайтылады. «Экология және табиғи ресурстар министрлігі қалдықтарды басқару саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда. Оған қоқыс өңдеу зауыттарын салу, сұрыптау желілерін іске қосу,…
ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қызылордалық оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеуге қатысты атышулы істі тергеу қалай жүріп жатқанын айтты. Ведомствоның хабарлауынша, күдікті деп танылған 11 адамның бесеуі кәмелет жасына толмаған. Қызылорда облысының полиция департаменті кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Бұған қосымша кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту; жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық; бопсалау; есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қолдануға көндіру; азаптау; кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша қосымша істер қаралуда. «Қылмыстық істердің 9 қатысушысы қамауда отыр, ал екеуіне „үйқамаққа алу“ бұлтартпау шарасы таңдалды, оның ішінде кәмелетке толмағандар саны — 5. Сонымен қатар, істің мән-жайы бойынша жәбірленушіден…
ІІМ берген мәлімет бойынша, 2024 жылы Қазақстан тұрғындары сұранысы жоғары 31 667 көлік нөмірін берген. Еске салайық, сұраныс бойынша ең арзан мемлекеттік тіркеу нөмірлері (VIP нөмірлері) 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 болып табылады. Олардың құны 57 АЕК (210 330 теңге) болады. Құны бойынша келесі орында: 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 сандық белгілеу нөмірлері бірдей әріптік белгілермен. Мұндай нөмірлердің құны — 114 АЕК (420 660 теңге). Келесі: 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 800, 888, 900, 999. Олардың құны — 137 АЕК (505,530…