Саяси қуғынға ұшыраған 300 мыңнан астам азамат ақталды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Осыдан 5 жыл бұрын саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Көптеген сарапшы мен ғалым үш жыл бойы тынымсыз еңбек етті. Мемлекеттік және мекемелік архив құжаттары егжей-тегжей зерттелді. Саяси қуғынға ұшыраған 300 мыңнан астам азамат ақталды. Екі жарым миллионнан астам материалдың құпия белгісі алынып тасталды, – деді президент. Комиссия құрылған соң 72 томдық жинақ әзірленіп, Алашорда қайраткерлеріне қатысты 12 томдық материал жарық көрген.
Автор: journalist
Бүгін саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні. Президент «Алжир» мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл қойды. Бұл туралы «Ақорда» хабарлап отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл қойды. Президент боздақтардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды, – делінген хабарламада. Қасым-Жомарт Тоқаев жиында сөз сөйлеп, аштық пен репрессия туралы айтқан еді. Сталиндік репрессия кезінде ұлтымыздың зиялылары, білімді, көзі ашық азаматтар жаппай қудаланды. Мыңдаған адам халық жауы атанып, аяусыз азапталды, сотсыз атылды. Ұлтымыз аз ғана уақыт ішінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров сияқты мыңдаған ең асыл перзенттерінен айырылды, – деген ол.…
Негізгі ҰБТ (ұлттық бірыңғай тестілеу) 16 мамыр күні басталған. Содан бері 52 мың адам тест тапсырып үлгерді. Олардың ішінде 163-і – ерекше білім беруді қажет ететін тестіленушілер. Үміткерлердің 66%-ы қазақ тілінде, 33%-ы орыс тілінде және қалған пайызы, нақтырақ айтқанда, 65-і ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 62%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 61-ді құрады. Ең жоғары 140 балды Түркістан облысынан Әбілхан Жәнібек жинады. Жалпы, тестілеуге қатысуға 216 мың талапкерден 399 мыңға жуық өтініш келіп түскенін еске сала кетейік. Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 20%-ы «Математика-Физика», 17%-ы «Шығармашылық емтихан» пәндер комбинациясын тапсырды.…
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 27–29 мамыр аралығында Кенесары көшесінің Ә. Сембинова мен Е. Брусиловский көшелері арасындағы бөлігінде жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Аталған аумақта көлік қозғалысы толықтай тоқтатылады. Тұрғындар мен қала қонақтарына қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады. Жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін көлік қозғалысы қалпына келтіріледі. Айтпақшы Есіл өзенінің жағалауындағы Кенесары ханның ескерткіші қалпына келтіріліп, бұрынғы орнына қайта орнатылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Instagram парақшасында хабарлады. «Астанадағы Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарынан өтіп, қайта орнатылды! Қазір ескерткіш айналасында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде», — делінген…
Бүгін Бурабайда жүрекке жылу сыйлаған ерекше сәт орын алды. Жарты жыл бұрын әлсіреген күйде табылған бірқазан құсы табиғатқа қайта жіберілді. Былтыр 16 қарашада бірқазан балапаны Бурабадағы курорттық зообаққа жеткізілген еді. Осы уақыт ішінде зообақтың ветеринарлары оған ерекше қамқорлық жасап, қыстан аман алып шыққан. Жақында жүргізілген тексеру барысында бірқазан толық қалпына келгені анықталды. Енді ол табиғи ортасына оралуға дайын. Сөйтіп ол Жайнақ көліне жіберілді. Мамандардың сөзінше, жабайы табиғаттағы өмірін жалғастыра алады. «Бұл біздің жануарлар әлеміне деген қамқорлығымыздың, жауапкершілігіміздің айғағы», дейді зообақ мамандары.
Алматы қаласының экс-әкімі Ерболат Досаев мегаполисті басқару өзі үшін үлкен жауапкершілік болғанын айтты. — Ең алдымен, туған қалама еліміздің ең қиын кезеңдерінің бірінде қызмет етуге сенім мен мүмкіндік бергені үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Бұл мен үшін ерекше мәртебе және үлкен жауапкершілік болды. Алғашқы жұмыс күннен бастап осы жоғары сенімді ақтау үшін барлық білімім мен тәжірибемді салып, Алматыны тұрақты даму жолына шығаруға тырыстым. Өткен үш жылдан астам уақыт мен үшін күрделі сынақтар мен маңызды жетістіктерге толы кезең болды. Қаланың дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты өзгерістер уақытына айналды, — деген қаланың бұрынғы…
Мәжілісте көптің көкейіндегі мәселе қозғалды. Депутат Мархабат Жайымбетов такси нарығындағы шетелдік агрегаторлардың үстемдігін сөз етті. Оның айтуынша, бұл – тек баға саясатына емес, елдің цифрлық қауіпсіздігіне де тікелей әсер ететін жайт. – Шетелдік платформалар өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, нарықты жаулап алды. Ал отандық цифрлық сервистерге қолдау аз. Ресурстары жеткіліксіз. Бәсеке жоқ жерде сапа да, баға да реттелмейді. Қазір халық мереке күндері, ауа райы құбылғанда тарифтің шарықтап кететінін жиі айтып жүр, – деді депутат. Баға қашан тұрақталады? Сала маманы, автосарапшы Алексей Алексеев бұл мәселеге нақты түсінік берді. Оның айтуынша, такси қызметіндегі комиссия екі бөлек алынады: бірі агрегатордан, екіншісі автопарктен жүргізушіге жүктеледі.…
Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан сот процесінде маңызды айғақтар жарияланды. Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай сот отырысында күдікті Нұрбол Тоқтаубаев мініп келген Volkswagen Golf көлігіне жүргізілген тексеру хаттамасын оқып берді. Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев тергеу кезінде бұл көлік оқиға орнында болғанын растаған еді. Прокурор көліктің түрлі зақым алғанын айтты. – Көліктің алдыңғы терезесінде сынған және тесілген іздер бар. Артқы терезеде де тесілген жерлер байқалды. Ал салонын қарап тексеру кезінде алдыңғы сол жақ орыннан үлкен пішінді тас табылды, – деді прокурор. Бұл тас айғақ ретінде тәркіленген. Бұған қоса, көліктің жүк салғышынан тағы екі тас алынған.…
Еңбек адамы дегеніміз – көпшілікке көрінбей, тыныш жүріп тірліктің ауырын арқалайтын жан. Олар жайлы жиі айтыла бермейді, бірақ солардың арқасында күнделікті жұмыс алға жылжиды. Сол жандардың бірі – он жылдан бері көлік жүргізіп келе жатқан Амурбек Молдыбаев. Ол – Бурабайдың әр бұрылысын, әр белесін жаттап алған адам. Туристік маусымның ыстығы мен суығында, қысы-жазы жолда жүріп, курорт өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. – Туристер Бурабайға алғаш рет келгенде алдымен мені көреді. Менің көлік жүргізу мәнерім мен оларға жасаған қарым-қатынасым алғашқы әсеріне тікелей ықпал етеді, – дейді А.Молдыбаев. Ол осы он жылда мыңдаған туристі қарсы алып, талай шақырым жол жүріп, сансыз алғыс естіді.…
Жазғы маусымда Алакөлге демалатындар үшін көлік қатынасы айтарлықтай жеңілдеді. Көлік министрлігінің мәліметінше, биыл демалыс орнына қосымша пойыз бағыттары мен әуе рейстері қосылады. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар автожолдар да саяхатшыларға сақадай сай. Абай облысынан Алакөлге қалай жетуге болады? Тізімнің басында теміржол тұр. Мәселен, Семей – Достық арасында №457/458 пойызы тақ күндері қатынайды. Сонымен қатар, Ақтоғай арқылы өтетін №6941/6942 пойызы күн сайын жүреді. Бұл бағыттар Абай өңірінің тұрғындары үшін ең тиімді жолдардың бірі саналады. Ал автокөлікпен қатынағысы келетіндерге де жол ашық. Абай облысы арқылы Алакөлге жетудің ең қолайлы жолы – «Таскескен – Бақты» автожолымен Мақаншы ауылына дейін (133 км), одан әрі жаңартылған…