Бүгін Бурабайда жүрекке жылу сыйлаған ерекше сәт орын алды. Жарты жыл бұрын әлсіреген күйде табылған бірқазан құсы табиғатқа қайта жіберілді.
Былтыр 16 қарашада бірқазан балапаны Бурабадағы курорттық зообаққа жеткізілген еді. Осы уақыт ішінде зообақтың ветеринарлары оған ерекше қамқорлық жасап, қыстан аман алып шыққан.
Жақында жүргізілген тексеру барысында бірқазан толық қалпына келгені анықталды. Енді ол табиғи ортасына оралуға дайын. Сөйтіп ол Жайнақ көліне жіберілді. Мамандардың сөзінше, жабайы табиғаттағы өмірін жалғастыра алады.
«Бұл біздің жануарлар әлеміне деген қамқорлығымыздың, жауапкершілігіміздің айғағы», дейді зообақ мамандары.