Автор: shynggys

Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалады? Биыл Құрбан айт мерекесі 17 маусымға, дүйсенбіге түсіп тұр. Мұсылмандардың қасиетті мерекесі, Оразадан кейін 70 күн өткен соң тойланатын бұл күн, күнтізбеде қызыл күн ретінде белгіленген. Осыған байланысты, қазақстандықтар 15, 16 және 17 маусымда қатарынан 3 күн демалады.

Толығырақ

Премьер-Министр Олжас Бектенов China Nonferrous Metal Mining Co. Ltd. Директорлар кеңесінің төрағасы Си Чжэнпинмен осындай келісімге келді. Зауыт Абай облысындағы Ақтоғай кентінің маңында салынады. Алдын ала құны 1,5 млрд доллар болатын жобаның пайдалану кезеңінде 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Жоба 2028 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Толығырақ

Иран тарихында алғаш рет әйел адам президенттікке кандидат ретінде тіркелді Иранда президенттікке үміткерлердің сайлауалды науқаны басталды. Ел тарихында тұңғыш рет Зохре Элахиан есімді әйел президенттікке кандидат болып тіркелген. Бұл ақпаратты БАҚ өкілдеріне ислам республикасының сайлау штабының өкілі Мохсен Эслами мәлімдеді. Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад да президенттікке кандидат болуға ниет білдірген. Осы уақытқа дейін 20-ға жуық адам президенттікке кандидат ретінде тіркелген. t.me/kaznurkz

Толығырақ

Павлодарға «Қазақтың Қанышы» атты жылжымалы көрме келді. Көрмеге ұсынылған құнды жәдігерлердің бірі – 1947 жылы Англияға барған іс-сапарында, саясаткер Уинстон Черчилльмен кездескен кезде киген кашемир пальтосы, шляпасы, аяқ киімі. Сондай-ақ көрмеде геологтың костюмі, мұражайға академиктің қызы сыйға тартқан домбырасы, көзілдірігі, қаламы, шақшасы, жер астына түскен кезде басына киген каскасы, қолына ұстаған балғасы, бала күнінде тақымы тиген ертоқымы мен қамшысы сияқты 30 жәдігер назарға ұсынылған.

Толығырақ

 Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен судың деңгейі төмендегідей өзгерді: Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 555 см., деңгей +8 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 332 см құрады. Жайық өзені – Махамбет кентіндегі су деңгейі 679 см., деңгейдің + 7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 362 см құрайды. Жайық өзені – Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 396 см., тәулігіне 0 см. өзгеріссіз, су тасқыны басталғаннан бастап жалпы су көтерілуі 205 см. құрайды, су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

Толығырақ

Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы офицерлерінің бір бөлігін Сириядан шығарады. Бұған Израильдің шабуыл жоспары түрткі болған. Бұл туралы Сирия мен Иран шенеуніктеріне сүйенген The Wall Street Journal жазды. Сирия қауіпсіздік қызметі өкілдерінің айтуынша, Сирияда АҚШ, Еуропа одағы мен бірқатар ел террор ұйым санатына қосқан Ливандағы ираншыл «Хезболла» тобының жоғары лауазымды адамдары да азайған. Сирияда орта шенді офицерлер қалады, бірақ олар орындарын ауыстырады. The Wall Street Journal жазуынша, Иран әскері Израиль соққысы болатын кезде көшуі мүмкін. Газеттің ақпаратынша, Израильдің қарымта шабуылы шектеулі болмақ. Бұған дейін Израиль билігі араб елдеріндегі одақтастарына Израиль қорғаныс күштерінің әрекеті олардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмейді деп сендірген. The…

Толығырақ

7 сәуірде Қостанай қаласының әкімшілік соты «Көктем» бағбан серіктестігінің тұрғыны 39 жастағы Қайрат Мұсабаевты 10 тәулікке қамаған. Ақпаратқа қарағанда, «Көктем» тұрғыны «қоғамдық орында былапыт сөз айтқаны үшін» әкімшілік жазаға тартылған. Сот қаулысында оның нақты қандай «былапыт сөз» айтқаны көрсетілмеген. Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның президент Тоқаев пен үкіметті сынап, эмоциямен пікір білдіріп жатқаны жөнінде видео жарияланған. «Қыста тоңамыз, жазда өртенеміз. Көктем келетінін болжай алмай, кенеттен суға батамыз. Ешқашан ештеңеге дайын болған емессіздер» дейді видео авторы. Видеоны оппозиция белсенділері мен телеграм-арналар жариялады. Осыған ұқсас айыппен әкішілік қамауда болған 57 жастағы Ақылбек Темірғалинов 17 сәуірде қамаудан босап шықты. Ол су тасқынына…

Толығырақ

Мемлекет және қоғам қайраткері, еліміздегі Су ресурстары комитетін ұзақ жыл басқарған маман Ислам Әбішев «Adal Adam» YouTube арнасына берген сұхбатында су тасқынының қорғануға лауазымды тұлғалар су тасқынына алдын ала дайындалмағанын айтты. «Өзіңіз ойлап қараңыз, биыл алдыңғы жылдарға қарағанда қардың көп болғанын, ылғалдың көп түскенін ауылдағы қарапайым адам да, біз де көріп-біліп отырмыз. Бұл бір. Екінші, тоңның қалың екені белгілі болды. Үшінші, кез келген уақытта күннің ысып кетуі мүмкін екенін — біреу барып айтудың керегі жоқ қой. Төртінші, дайындық жұмыстарын қаңтарда, ақпанда емес — жазда жасайды. Ал Казгидромет ескерту берді және Казгидрометтің айтуының да қажеті жоқ. Ол дайындықты тіке аудан, облыс…

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты Үндеуінде баршамыз жұмыла, зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырған болатын. «Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері жұртпен жұмыла Атырау облысы, Құлсары қаласы мен Жылыой ауданына гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда. Экологиялық партия Алматы қаласы мен еліміздің бірнеше өңірінен гуманитарлық көмек жинауда. Екі күн ішінде 22 тонна киім-кешек пен азық-түлік жинаған. Төтенше жағдай жарияланған өңірлерге көмек көрсетуді «Байтақ» жасылдар партиясының республикалық штабы ұйымдастыруда және бұл игі іс партия төрағасы Азаматхан Әміртаевтың бақылауында, дейді олар.

Толығырақ

Президент су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап шыққаннан кейін аудан орталығындағы Қажым Жұмалиев атындағы мектеп-гимназия базасында орналасқан эвакуациялық пунктке барды. Мемлекет басшысы гуманитарлық көмекті тарататын пункттің жұмысымен танысып, су тасқынына байланысты жақын маңдағы ауылдардан көшірілген тұрғындармен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындармен әңгімелесу барысында мұндай көлемдегі тасқынның бұрын-соңды болмағанына назар аударды. Оның айтуынша, осыған ұқсас жағдай 1994 жылы болған. Бірақ биылғы тасқын одан да асып түсті. Президент шығындарды өтеу үшін мемлекет барлық қажетті шараны қабылдайтынын айтты. – Хал-жағдайларыңызды білу үшін арнайы келіп отырмын. Бұл – бұрын-соңды болмаған үлкен табиғи апат. Сондықтан бәріміз бір ел, бір халық болып әрекет етуіміз керек. Мемлекет, Үкімет баршаңызға…

Толығырақ