• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Көп ақылдың керегі жоқ»: Ислам Әбішев әкімдер су тасқынына алдын ала дайындалмағанын айтты

«Көп ақылдың керегі жоқ»: Ислам Әбішев әкімдер су тасқынына алдын ала дайындалмағанын айтты

8 апреля, 2024 Жаңалықтар

Мемлекет және қоғам қайраткері, еліміздегі Су ресурстары комитетін ұзақ жыл басқарған маман Ислам Әбішев «Adal Adam» YouTube арнасына берген сұхбатында су тасқынының қорғануға лауазымды тұлғалар су тасқынына алдын ала дайындалмағанын айтты.

«Өзіңіз ойлап қараңыз, биыл алдыңғы жылдарға қарағанда қардың көп болғанын, ылғалдың көп түскенін ауылдағы қарапайым адам да, біз де көріп-біліп отырмыз. Бұл бір. Екінші, тоңның қалың екені белгілі болды. Үшінші, кез келген уақытта күннің ысып кетуі мүмкін екенін — біреу барып айтудың керегі жоқ қой. Төртінші, дайындық жұмыстарын қаңтарда, ақпанда емес — жазда жасайды. Ал Казгидромет ескерту берді және Казгидрометтің айтуының да қажеті жоқ. Ол дайындықты тіке аудан, облыс әкімдері жүргізуі керек еді. Қазір қараңыз, су тасқынын телевизордан, басқадан көрсеңіз, «дамбы» салып жатыр. Осындай қиын жағдайда топырақты қапқа салып, соны апарып, жауып бөгет қылып. Соны неге жазда жасамадық? Су кеп қалуы мүмкін деп, алдын ала ойлану керек қой. Яғни көп аймақта тасқыннан қорғануға мүмкіншілік бар еді. Әлі де бар», — деді Ислам Әлмаханұлы.
Оның айтуынша, Жайық өзенінің суы да қатты көтерілгелі жатыр. Ол да алдын ала айтылып жатыр. “Бәрібір қиыншылықтары болады” дейді ол.
Сондай-ақ Ислам Әбішев су тасқынынан қорғанудың жолдарын айтты.
«Ең бірінші біз ауылдық елді мекендерді қорғауымыз керек. Ауылдық елді мекендер қыраттарда, тау етектерінде орналасады, таулы жерлерде. Мәселен, Жамбыл, Алматы облысы, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай облыстарында осылай. Ал Батыс Қазақстан, орталық Қазақстан, Солтүстік Қазақстанда тегіс жерлерде орналасады. Енді сол қыратты жерде орналасқан елді мекеннің су келетін жағын білу үшін көп ақылдың қажеті жоқ. Су келетін жағына тиісті белдеулер қойып, суды бағыттап, елді мекеннен ары қарай өткізіп жіберу керек. Елді мекеннің ішінде қардың өзі ерісе, төмен қарай ағып кетеді. Бірақ, қарды шығарып отыру керек. Ал тегіс жерде елді мекенді сақина ғып белдеу жасап қоршау керек. Барлық жерде ағын су тасқынының тереңдігі бір жарым метрден аспайды. Яғни, бір жарым метр деңгейінде су тоспаларын қойып отырсақ, белдеулерді айналдырып қойып отырсақ, көп мәселе туындамас еді.
Аудан орталықтары мен қалалардың рельефіне байланысты, су келуі мүмкін жақтарға тиісті тоспаларды қою керек. Оны жазда, құрғақта істеу керек, сүйтіп суды бағыттау қажет. Судың қай жақтан келіп, қай жақтан өтетінін біз білеміз ғой», — деді Ислам Әбішев.

Д. Сейтжанұлы

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.