- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: shynggys
2024 жылғы 4 сәуірдегі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Атырау, Қарағанды, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 955 метр болатын су тасқыны орын алды. 4 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар 5 автомобиль жолдарында (ұзындығы 336 км) қозғалысқа шектеу қойылды. Қазіргі таңда республикалық жолдарда 722 бірлік техника мен 1787 адам жұмылдырылған.
Қырғыз Республикасының Парламент отырысында премьер-министр Ақылбек Жапаров Қазақстанның табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарына қажетті заттар жинала бастағанын мәлім етті. Жапаров атап өткендей, Қазақстан гуманитарлық көмек жіберу туралы өтініммен жүгінбеген. Алайда Қырғызстан 2 ақпан күні түнде Бішкектегі ЖЭО-дағы апат кезінде бауырлас ел көрсеткен қолдау шараларын ұмытпайтынын айтты.
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында ағымдағы жылдың 30 наурызында су тасқыны салдарынан «Щербаковское» бөгеті бұзылды. Су басу қаупіне байланысты ауданның жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарымен Т.Жүргенов атындағы ауылының тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Барлығы 178 жеке тұрғын-үйлерден 927 адам (оның ішінде 215-і балалар) эвакуацияланып, 78 тұрғын-үйді су басып, 10 үй қирады. Бөгеттің бұзылуынан Ырғыз өзені өз арнасынан шығып кетті. Электр және газбен жабдықтау желілері зақымдануынан Жүргенов атындағы ауылы жарықсыз, сусыз және газсыз қалды. «Щербаковское» бөгеті «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғи ресурстарды реттеу басқармасы» ММ-нің балансына тиесілі. 2023 жылы мемлекеттік сатып алу шарты негізінде, «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты…
Дзюдодан Тбилисидегі Grand Slam турнирі: Қазақстан үздік ондыққа енді Аталған әлемдік жарысты ел құрамасы 1 алтын, 1 қола жүлдемен аяқтады. Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, соның нәтижесінде құрама жалпы медаль кестесінде 83 елдің ішінде 7-орынға тұрақтады.
Жапонияда қауіпті ауру таралып жатыр Токио үкіметі ескерту жасады. Оған сирек кездесетін, бірақ бактериялық инфекцияның ауыр түрін жұқтыру жағдайы былтырғы көрсеткіштің жартысына қазірдің өзінде жетіп қойған. Japantimes мәліметінше, Токиода 88 жағдай, ал елде 517 жағдай тіркелген. Бұл ауру А тобындағы стрептококктар деп аталады, ол бактериялар тудыратын STSS бұлшықеттерді жабатын дәнекер тінінің некрозын тудыруы мүмкін. 2023 жылы жұқтырғандар арасындағы өлім-жітім көрсеткіші шамамен — 30%. «Бұл өлім-жітім деңгейінің өте жоғары көрсеткіші», — деп хабарлайды Токио билігі. Токио билігі жұртты инфекцияның осы түрін білдіретін аяқ-қолдың ауыруы мен ісінуі немесе безгегі сияқты белгілерді сезінсе, дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырды. Қалай сақтану керек? А тобындағы…
Қазақстандық боксшылар Литвадағы турнирде 9 медаль жеңіп алды Литваның Каунас қаласында өткен Альгирдас Шоцикас турнирінде қазақстандық боксшылар 6 алтын, 3 күміс жүлде иеленді.
Зеленский Путиннің Мәскеудегі «Крокус Сити холл» концерт залындағы лаңкестік шабуылдағы “украин ізі” туралы айтқан сөздері туралы пікір білдірді. Зеленский Путинді болған оқиға үшін жауапкершілікті «басқа біреуге» аударуға тырысып жатқанын айтты. «Олардың әрқашан қолданатын әдісі осы. Қазір де солай жасап отыр. Жарылған үйлерге де, атыс пен жарылысқа да олар әрқашан басқаларды кінәлайды. Қазір Украина жерінде өлтіріліп жатқан жүздеген мың ресейлік сарбаз сол террористерді тоқтату үшін жеткілікті болар еді», — деді Зеленский.
Юлия жарайсың! Майамиде (АҚШ) теннистен WTA 1000 турнирі өтіп жатыр. Қазақстан спортшысы Юлия Путинцева 1/8 финалға жолдама алды. Үшінші кезеңде Гретье Минненмен (Бельгия) ракетка түйістірген отандасымыз үш сетте (6:2, 2:6, 6:4) есебімен жеңіске жетті. 1/8 финалда Юлия Путинцева енді Ангелина Калининамен (Украина) сынға түседі. Айта кетейік, ерлер жарысында сынға түскен Александр Бублик пен Александр Шевченко қарсыластарына ұтылып қалды.
Лена жарайсың! Майамиде (АҚШ) теннистен WTA 1000 турнирі өтіп жатыр. Қазақстан спортшысы Елена Рыбакина әзірге сүрінбей келеді. Үшінші кезеңде Тейлор Таунсендпен (АҚШ) ракетка түйістірген отандасымыз үш сетте (6:3, 6:7, 6:4) есебімен жеңіске жетті. 1/8 финалда Рыбакина енді Мэдисон Кизбен (АҚШ) ширек финал жолдамасын сарапқа салады.
«Гүлдер» ансамблі Түркиядағы Наурыз фестивалінде өнер көрсетті Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» ансамблі Түркияның Амасия қаласында өткен Наурыз фестивалінде өнер көрсетті. Фестиваль түркі елдерінің рухани мұрасын насихаттауға бағытталған. Жыл сайын өтетін фестиваль биыл 4 күнге созылды. Қазақстаннан келген қатысушылар «Наурыз» атты басты мерекелік іс-шарада өнер көрсетті. «Гүлдер» ансамблінің үш солисі фестивальдың концерттік бағдарламасында бірнеше хореографиялық композиция ұсынды. Олардың арасында Анвара Садықова мен Алмат Шәмшиев көрерменнің көңілінен шыққан «Қара жорға», «Алтынай», «Көңіл толқыны», «Мен қазақтың қызымын», «Жетісуым», «Тоқымқағар», «Ермек» би композицияларын қойды. Ұжым мүшелері аталған композицияларды жеке, дуэт және триомен орындады. Сондай-ақ фестиваль аясында «Гүлдер» ансамблінің бас…