Автор: shynggys

Полиция боксшы Бейбіт Шүменовті әлі іздеп жатыр Ол іздеуде. Тиісті шараны қабылдап жатырмыз. Болашақта елге қайтаруға тырысамыз, — деп жауап берді Ішкі істер министрі Ержан Саденов. Еске салсақ, маусым айында Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде төбелес болды. Белгілі болғандай, белгілі спортшы Бейбіт Шүменов бала көтерген ер адамды соққыға жыққан. @baq_kz

Толығырақ

«Айка тізімі» есіңізде ме? Бір уақытта шу болып, тез-ақ басылып қалған бұл оқиғаның арты не болды? Қазақстандық баспасөз Айка тізімі туралы ақпаратты былтырғы желтоқсанда дүркіретіп хабарлаған. Онда атақты тұлғалар да жүргені белгілі болған. Бұл тізім шу туғызғаны сонша, тіпті интернетте тізімдегілердің бірі әзілге айналдырды, кейбірі ақталып жатты. Артынша шенеуніктер де пікір білдіре бастады. Мәселен ішкі істер министрі Ержан Сәденов дербес дерек таратқандар 7 жылға дейін сотталады деген. Қызметтік тексеріс басталған. Алайда 3 айдың жүзі өтсе де, «Айка тізімінен» хабар жоқ. Жұрт та ұмытты, шенеуніктер де еске алғысы келмейді. Ал мұның басында полиция тек байларға арналған қызмет түрін ұсынды деген бір…

Толығырақ

Елордалық сот ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болған Самат Әбішке қатысты үкімді түсіндірді «Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жарияланымдарға байланысты Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты билікті асыра пайдаланды деп айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық іс (ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі) қаралғанын хабарлайды. «Құпия» белгісін ескере отырып, сот отырыстары жабық форматта өтті», – делінген хабарламда. Прокурор айыпты қолдап, соттан оны 10 жылға белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Сотталушы кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінген. «Сот үкімімен А. Қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 10 жыл…

Толығырақ

Әйгілі спорт комментаторы Василий Уткин дүниеден озды РИА Новости басылымы «Эгриси» әуесқой футбол клубына сілтеме жасап хабарлауынша, спорт комментаторы Василий Уткин 52 жасында көз жұмды. Спорт комментаторының неден дүниеден озғаны анықталмаған. Басылым ақпараты бойынша, Уткин 1994 жылдан бері телеарналарда жұмыс істеген, бірқатар футбол бағдарламасын жүргізіп, НТВ мен НТВ-Плюс телеарналарында көптеген матчта комментатор болған. 2017 жылы спорт комментаторы саласынан кететінін мәлімдеген. Сонымен қатар ол фильмдерге түсіп, танымал болды. «День выборов» және «День выборов 2» фильмдерінде Уткин басты рөлді сомдаған.

Толығырақ

Бүгін композитор, этнограф — ғалым, қазақтың және көптеген халықтардың дәстүрлі ұлттық музыкасын зерттеп оны нотаға түсіруші және ҚазССР-нің тұңғыш халық әртісі Александр Викторович Затаевичтің туғанына – 155 жыл толды. 1869 жылы Орлов губерниясының Болхов қаласында дүниеге келген ол алғашқы білімін Орел қаласындағы әскери гимназияда алған. 1920 жылдан бастап жол қиындығына қарамастан Қазақстанның барлық аймақтарын аралап, өмірінің соңғы жылдарына дейін қазақтың өнердегі бай-мұрасын жинап, ұлттық музыканы зерттеуге жол ашты. Ол ел аралап жүріп қазақ зиялыларымен, белгілі әнші-күйшілермен, қарапайым жұртшылықпен кездесу нәтижесінде 1925 жылы «Қазақтың 1000 әні», ал 1931 жылы «Қазақтың 500 әндері мен күйлері» атты жинақтарын шығарды. А.В. Затаевич жинап нотаға…

Толығырақ

Сауда министрлігінің өкілі қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келмейтін көлік құралдарын елге әкелуге жол бермеу шаралары туралы баяндады ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаевтың айтуынша, бүгінде қолданыстағы 71 аккредиттелген зертхананың 55-інде көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік рәсімделеді. 2023 жылдың қорытындысына сәйкес, мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша 1300 куәліктің күші жойылды, зертханаларды аккредиттеудің 4 аттестаты кері қайтарылды. «Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін көлікті әкелуге жол бермеу мақсатында жедел шаралар шеңберінде Мемлекеттік кірістер комитеті мен Техникалық реттеу және метрология комитеті арасында өзара іс-қимыл туралы бірлескен бұйрыққа қол қойылды. Оған сәйкес ішкі тұтынудың кедендік рәсіміне орналастырылатын жүк көлік құралдары бірлескен тексеруге…

Толығырақ

Қазақстанда отандық тауарлар тізімін жасау жоспарлануда Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев мәлімдеді. Сенат депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына бастама жасады. «Заң жобасында СТ КЗ сертификаттары мен Индустриялық сертификаттың орнына қазақстандық Тауарлар тізімін жасау, сондай-ақ салалық мемлекеттік органдармен локализация үлесін, шығарылатын тауарлардағы қазақстандық қамтудың үлесін ұлғайтуға, шыққанын растау тетіктерінің айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған өндіріс шарттарын қалыптастыру қарастырылған», — деді Қайрат Балықбаев. Вице-министр атап өткендей, тізімге Қазақстанда шығарылған тауарлар туралы ақпараттың бірыңғай көзі ретінде енгізілген өндірушілерге ғана мемлекеттік қолдау…

Толығырақ

Астанада алғаш рет дипломатиялық корпустың қатысуымен «Наурыз балы» өтті Елордада алғаш рет Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған «Наурыз бал» атты іс-шара өтті. Бұл кеш түрлі елдердің дипломатиялық корпусын, халықаралық ұйым басшыларын және шетелдік компаниялар өкілдерін жинаған ерекше мереке болды. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматына тоқталып, Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы сөз еткен негізгі тезистерді атап өтті. Сонымен қатар министр мәдени мұраны насихаттау мен оны әлемдік аренада таныту мақсатында министрлік тарапынан жасалған жобаларға тоқталды. Соның ішінде аталмыш іс-шара барысында таныстырылымы өткен Qazaq сulture ақпараттық-танымдық порталы бар. Онлайн портал…

Толығырақ

Әр жетім балаға 70 мың теңге әлеуметтік көмек беріледі Шымкентте наурыз мерекесінің қарсаңында жетім балаларға, мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек беріледі. Наурыз мерекесіне орай, 18 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 20 АЕК, ал қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы бір реттік әлеуметтік көмек беріліп жатыр, — делінген хабарламада.

Толығырақ

2024 жылғы ақпанда көпбалалы отбасылар 30 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 574,5 мың отбасы жалпы сомасы 77,1 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде ақпан айында 577,3 мың отбасыға 39 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді. Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы: — 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге; — 5 балаға – 20,04 АЕК…

Толығырақ