Автор: shynggys

Жыл басынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 130 мыңнан астам адам қамтылды 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 131,5 мың адам қатысты. 110,8 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 35,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты. ortcom.kz

Толығырақ

 Енді Астанадан Алакөлге тікелей ұшуға болады QAZAQ AIR әуекомпаниясы 1 маусымнан бастап келесі туристік бағыттар бойынша маусымдық рейстерді іске қосады: Астана – Үржар – Астана және Алматы – Үржар – Алматы.

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысының ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыруға кірісті Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов а.ж. 15 наурызда өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді. Президент ТКШ инфрақұрылымын жөндеу және жаңғырту мәселесі бойынша қолданыстағы 55 жылу көзін жөндеуді және кемінде 6,5 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғыртуды тапсырды. ➤ Бұл мақсаттарға 650 млрд теңге инвестиция тартылатын болады. Азаматтардың баспаналы болуын қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін Үкімет кезекте тұрғандар, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін…

Толығырақ

«Тақиялы депутат»: Ұлттық киім ұлттық рухты қалыптастырадыҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев соңғы уақытта ұлттық киімге деген сұраныстың арта бастағанын аңғарғанын айтады. Тіпті, Парламент қабырғасындағы әріптестерінің жұмысқа ою-өрнегі бар киімдерді киюге қызығушылығы арта бастаған.«Парламентке алғаш келгенде біреулер «тақияңды шешіп таста, бұл жердің өзіндік этикасы, дресс-коды бар» деген ескерту жасайды ма деп ойлағаным рас. Бірақ антты да тақиямен қабылдап, осы уақытқа дейін басымнан шешкен емеспін»,-дейді ол.Сондай-ақ, «Үй жанындағы дүкенге шапанмен, тақиямен кіріп келсеңіз, өзге ұлттың сатушылары қазақша амандасып жатады. Ал күнделікті киіммен кіріп қалсаң «что искали?» деп автоматты түрде тіл қатады, – дейді депутат.

Толығырақ

Санжар Тәшкенбай бастаған 4 боксшы Белград турнирінің чемпионы атанды Дәстүрлі Бранко Пешич мемориалының финалында жұдырықтасқан сегіз боксшының ішінде Ернұр Қайрат, Санжар Тәшкенбай, Дәулет Молдашев және Диас Молжігітов чемпион атанды. Ал Сабыржан Аққалықов, Ерасыл Жақпеков, Данияр Рахымбердинов, Олжас Боқаев күмісті қанағат тұтты.

Толығырақ

Астанада қоймадан өрт шығып, мың шаршы метр аумағы жанып кетті Байқоңыр ауданында ангар үлгісіндегі жеке тұрған бір қабатты қойма өртеніп, жалын 1000 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт кезінде ғимараттың алдыңғы қабырғасы мен шатыры құлады. Өртті сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамынан 65 астам адам және 15 техника жұмылдырылды.

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Өзбекстан Республикасына барды. Ташкентте Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Үкіметінің басшысын қабылдады. Қазақ-өзбек қарым-қатынастары жоғары деңгейдегі сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестіктің жарқын үлгісі.

Толығырақ