• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Өзбекстан Республикасына барды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Өзбекстан Республикасына барды

15 марта, 2024 Әлем

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Өзбекстан Республикасына барды.

📌Ташкентте Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Үкіметінің басшысын қабылдады.

🇰🇿Қазақ-өзбек қарым-қатынастары жоғары деңгейдегі сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестіктің жарқын үлгісі.

📊Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты тауар айналымы $4,5 млрд-ты құрады.

🤝Екі ел үкіметтері тауар айналымын одан әрі арттыру үшін инвестициялық және өнеркәсіптік жобаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

✅Өз кезегінде Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен жүргізілген үкіметтік деңгейдегі келіссөздер сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, транзиттік көлік және мәдени ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимылды нығайту бойынша қабылданып жатқан шараларға арналды.

«Екі елдің президенттері қазақ-өзбек ынтымақтастығын сапалы жаңа деңгейге шығару міндетін қойды. Тауар айналымын арттыру үшін зор әлеует бар екенін көріп отырмыз, сондай-ақ екіжақты және көпжақты форматтардағы өзара іс-қимылдың жоғары нәтижелеріне жету үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмылдырамыз», — деді Олжас Бектенов.

📌Өз тарапынан Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов екі мемлекет басшылары деңгейіндегі сенімді және достық қатынастар стратегиялық әріптестік пен одақтастықты нығайтудың маңызды факторы екенін айтты.

«Екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көпжоспарлы қатынастарды одан әрі кеңейту бойынша нақты міндеттерді айқындады. Осы міндеттерді орындау үшін барлық қажетті шараны қабылдауға дайын екенімді білдіремін», — деді Абдулла Арипов.

✅Тараптар өнеркәсіптік кооперация саласындағы елеулі прогресті атап өтті және оны әрі қарай дамытуға зор әлеует бар екенін атап өтті.

🟢Қазіргі уақытта өнеркәсіптік кооперация аясында 13,3 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы $2,6 млрд болатын 60 жоба іске асырылып жатыр. Қосымша 43 жобаның перспективасы да жоғары болып отыр.

🟢Екіжақты сауда әлеуетін одан әрі кеңейтуде «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығына маңызды рөл беріледі.

🟢Сонымен қатар екі ел арасында ауыл шаруашылығы саласында толық өзара түсіністік жолға қойылған.

📌Келіссөздер барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы өңірдегі транзиттік көлік әлеуетін одан әрі арттыру қажеттігін айтты.

💧Сондай-ақ су пайдалану саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.

📌Оған қоса Олжас Бектенов қазақстандық тараптың Өзбекстанға 255 позиция бойынша $500 млн сомасына экспорттық жеткізілімдерді кеңейтуге дайын екенін атап өтті.

🇰🇿
🤝
🇺🇿

Келіссөздер қорытындысы бойынша Олжас Бектенов пен Абдулла Арипов Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтерінің екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша арадағы ынтымақтастықты кезең-кезеңмен дамыту үшін бар күш-жігерді салуға дайын екенін растады.

Оқылып жатыр

Ақтөбеде жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Президент Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

«Артемида-2» миссиясымен Айға кеткен астронавтар Жерге оралды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ақтөбеде жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Жаңалықтар 11 апреля, 2026

Астана. 11 сәуір. BM.KZ — Жол-көлік оқиғасы Батыс Қытай — Батыс Еуропа халықаралық дәлізінің Ақтөбе…

Президент Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

11 апреля, 2026

«Артемида-2» миссиясымен Айға кеткен астронавтар Жерге оралды

11 апреля, 2026

«Қазгидрогеология» 700-ден астам жаңа бұлақ тапты

10 апреля, 2026

Бұршақ, қар, жаңбыр: 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамы

10 апреля, 2026

Қартаю индексі бойынша Солтүстік Қазақстан көш бастап тұр

10 апреля, 2026

Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді — Президент

10 апреля, 2026

Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионы атанды

10 апреля, 2026

Ақтауда далалық жерден снаряд табылды

10 апреля, 2026

Қазақстанда электр энергиясын өндіру профициті қамтамасыз етілді

10 апреля, 2026

Путин мен Зеленский Пасха мерекесіне орай уақытша бітім жариялады

10 апреля, 2026

Ақтөбеде заңсыз көші-қонды ұйымдастырған күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)

10 апреля, 2026

Қазақстан мен Армения арасындағы әуе қатынасы жақын арада қайта жанданады

10 апреля, 2026

«Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын иеленді

10 апреля, 2026

Бублик Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде ширек финалға шықты

10 апреля, 2026

Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады

9 апреля, 2026

Дина Исламбекова Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

9 апреля, 2026

Қазақстанда халықаралық AI-фильмдер фестивалі өтеді

9 апреля, 2026

Наурыздағы ҰБТ нәтижесі жарияланды: 70% шекті балдан өтті

9 апреля, 2026

Полиция азаматтарды тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыруға шақырады

9 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.