- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
- Олжас Бектенов: Мұнай өндірісінің төмендеуіне қарамастан ЖІӨ 4%-ға жетті
- 2025 жылы инфляция төмендей ме – Ұлттық банк болжамы
- 2025 жылы ұлттық фильмдерді дамытуға қанша теңге бөлінетіні белгілі болды
- Түркістан облысында 203 млн теңге субсидия қаржысы жымқырылды
- Қостанай облысында 184 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
- Ұлытау облысында қанша үйді су басты?
Автор: shynggys
Үшінші елдермен сыртқы тауар айналымы 2023 жылы 111,3 млрд АҚШ долларын құрады Оның ішінде, экспорт – 67,6 млрд АҚШ доллары, импорт – 43,7 млрд АҚШ доллары. ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаевтың мәліметінше, шет елдер арасында Қытай елімен тауар айналымы ең жоғары. «Екі ел арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 31,5 млрд АҚШ долларын құрады», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Кедендік әкімшілендіру шаралары есебінен бюджетке қосымша 149,6 млрд теңге өндірілді 2023 жылдың қорытындысы бойынша 4 трлн 81 млрд теңге мөлшерінде кедендік төлемдер мен салықтар түсті. 2021 жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 78% ұлғайды. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев осындай мәліметтерді жария етті. «2023 жылы экспорттық кедендік алымдарды есепке алмағанда кедендік төлемдер мен салықтар 2 400 млрд теңге түсті. 2021 жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 92% өсті», — деді спикер.
Қостанайда Chevrolet Onix автомобильдерінің шағын құрамдас бөліктері өндірісі іске қосылдыЖоба жылына 30 мың автокөлік шығаруға арналған. Инвестициялар 33,7 млрд теңгені құрап, 400 жаңа жоғары білікті жұмыс орны ашылды. ortcom.kz
Су ресурстары және ирригация министрлігі Астана су қоймасының көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр Астана су қоймасына қосымша су жіберу үшін құрылыс нысанының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Мұнда Есіл өзенінің арнасы арқылы Қ.Сәтбаев атындағы каналдан жіберілген су келеді. ortcom.kz
15 наурыз – «Қайырымдылық» күні Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды. Өйткені көшпенділер мәдениетінде өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық кез келген қиындықты жеңіп, мақсат-мұратқа жетудің тетігі болған. @baq_kz
Сенатор Ұлттық құрылтай бізге не бергенін айтты Ұлттық Құрылтай төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай ел тарихында қайта жаңғырып, қолға алынған құрылтайдың маңызына тоқталып, қандай дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Ел тарихындағы ең көне қала, өркениеттің бастауы, әулиелер мекені, хандарымыз ту тіккен жер — Сарайшық жерінде, Атырау да Ұлттық Құрылтайдың үшінші басқосуы өтіп жатыр. Ел тарихындағы елеулі оқиға саналатын бұл құрылтайдың Атырау қаласында өтуі де тегін емес. Киелі Түркістан қаласында өткен екінші Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы «Былтыр Ұлытауда, биыл киелі Түркістанда бас қосып, елдік мәселелерді талқыладық. Ел тарихында айрықша орны бар тағы бір аймақ – Атырау облысы. Ондағы әйгілі Сарайшық қаласында атақты…
АСТАНАДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛЕРІНІҢ ЖЕТІНШІ КЕҢЕСІ ӨТТІ Кездесудің күн тәртібі шеңберінде денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, халықаралық ұйымдардың рөліне, кадрлық әлеуетті арттыруға, биологиялық қауіпсіздікке, технологиялар трансферті мен медициналық туризмге қатысты бірқатар мәселелер қаралды.
13 наурызда Жамбыл ауылында жазушы Жұмабай Шаштайұлын ақтық сапарға шығарып салдыАлматы маңындағы Жамбыл ауылының мәдениет үйінің алдында өткен қаралы рәсімге 100-ге жуық адам – зиялы қауым өкілдері, туған-туыс, марқұмның дос-жарандары жиналды. Билік өкілдерінен Алматы облысының әкімі, ақпарат вице-министрі қатысты.Жұмабай Шаштайұлы 12 наурызда 73 жасында көз жұмды. Ол әр жылдары «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті» және өзге басылымдарда басшылық қызмет атқарған. Qazaqstan ұлттық телеарнасында «Үзеңгі жолдас» бағдарламасын жүргізген.Жазушының қазасына байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты. www.azattyq.org
«Ауыл» партиясының бұрынғы төрағасы Ғани Қалиев өмірден өтті.