Ақмола облысында мұз жару жұмыстары басталдыМұз кептелістеріне жол бермеу мақсатында Степногорск қ. маңында Сілеті өзенінде мұзды қопсыту және ұсақтауға бағытталған мұз жару жұмыстары басталды. Барлығы 700 шаршы метр аумақта 25 кг жарылғыш зат қолданылды.
Автор: shynggys
Алматыдағы автобус апаты: Жәбірленушілер жүргізушіні жазалауды талап еттіАпатқа қатысты сот басталды. Тергеу үш ай бойы жүргізілген. Қорытындыға сәйкес, үш адамның өліміне әкелген әрекеті үшін Дархан Ахметжанов сот алдында жауап берді. Ол бұзақылық жасағанын бірден мойындап, жәбірленуші тараптан кешірім сұрады.Сотта автобус жүргізушісі жәбірленуші ретінде танылып, оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Апаттан қаза болған Айдос Әлменбаевтың жары жүргізушінің де жауапқа тартылуын сұрайды. «Өз жауабыңызда күдіктінің жол ақысын төлей алмағанын, сосын өзіңізге шақырғаныңызды айтыпсыз. Бұл сіздің міндетіңізге кірмесе, неге жол ақысын талап еттіңіз? Өзіңізге шақырсаңыз, демек жанжалдың басталуына өзіңіз түрткі болдыңыз. Ер адам көпірдің алдына тоқтауды сұрапты. Жанжал басталғанын білесіз, неге автобусты тоқтатып,…
Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Физули қаласын дамытудың бас жоспарымен танысты Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына жасаған мемлекеттік сапарының екінші күні Ильхам Әлиевпен бірге Физули қаласындағы қираған жерлерді аралап көріп, шаһарды дамытуға арналған бас жоспармен танысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына келді Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды. Мұнда президенттер Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ жергілікті халықпен кездесіп, алдағы уақытта салынатын Физули қалалық Орталық ауруханасының жобасымен танысады. Бұдан кейін екі ел басшылары Шуша қаласындағы әлеуметтік-мәдени және басқа да нысандарды аралап көреді.
Жетісу облысында ақбөкен мүйізін сатушылар 3,5 миллиард теңге шығын келтіргенҰлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі департаментінің хабарлауынша, үш қазақстандық азамат ұсталды. Тінту кезінде олардан 1382 ақбөкен мүйізі тәркіленген. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, күдіктілердің іс-әрекетінен мемлекетке келтірілген залал 3,5 миллиард теңгеден асады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар үш жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.t.me/stankznews
Енді бағдаршамның сары белгісінде жүрген жүргізушілерге айыппұл салынадыСебебі жол апаттарының көбі сары белгі жанғанда болады. Әзірге тыйым елдің екі ірі қаласы – Астана мен Алматыда болады. «Бағдаршамның сары белгісі қозғалысқа тыйым салады, ал жыпылықтаған жасыл белгі енді тыйым салу белгісінің іске қосылатынын ескертеді. Мұндай заң бұзушылықтар камераға жазылып, көлік иесіне автоматты түрде айыппұл салынады», – деді полиция. Ал шымкенттік жүргізушілерге сәуір-мамыр айларынан бастап осы үшін айыппұл салынбақ. Енді бағдаршамның сары түсінен өткендерге 36 920 теңге айыппұл салынады. Ал 1 жыл ішінде осы заңбұзушылық қайталанса, айыппұл сомасы үш есе өсіп, 110 760 мың теңге төлейді.t.me/stankznews
Шетелге жұмыс істеуге барып, құлдыққа түскен қазақстандықтар көбейген Таиланд, Мьянма және Лаос елдерінің арасында алтын үшбұрыш аталып кеткен тропикалық ну орман арасында 100-ге жуық азаматымыз жоғалып кетті. Соңғы екі жылда қылмыстық топтардың құрығынан 28 қазақстандық құтқарылды. Қалғандарының тағдыры беймәлім. «Дубайдағы жақсы танысымның кеңесімен бардым. Мені Бангкокта ағылшынша білмейтін адамдар қарсы алды. Қымбат қонақ үйге орналастырды. Ертең Чианграй деген қалаға жұмысқа шығасың деді. Ол 20 минуттық жерде орналасқан. Бірақ екі жарым сағат орман мен жанартауы көп жаққа алып келді. Сол кезде үрей басталды. Қайықпен суды кешіп өтіп, әкелген жерді көргенде шошып кеттім. Амал тауып ағама хабарласып үлгердім. Әйтпесе жағдай қиын еді»,…
Италияда бокстан Париж олимпиадасына бірінші іріктеу турнирі аяқталып, Қазақстан ерлер құрамасы бес салмақта олимпиада жолдамасын иеленді. Сонымен Италиядағы жарыста мына боксшылар Париж олимпиадасына лицензия алды: Сәкен Бибосынов (51 кг) Махмұд Сабырхан (57 кг) Асыланбек Шымбергенов (71 кг) Нұрбек Оралбай (80 кг) Айбек Оралбай (92 кг) Былтыр Қытайдағы жазғы Азия ойындарында Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) күміс жүлдегер атанып, олимпиада жолдамасын алған еді. Қазір Қазақстанда ерлер арасында 63,5 келіде ғана жолдама жоқ. Италиядағы жарыста Мұхаммедсабыр Базарайұлы қатысып, екінші айналымда жеңіліп қалды. Енді мамырда Таиланда екінші іріктеу турнирі өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан ерлер құрамасы 63,5 келіде лицензия алуға тырысады. Бокстан әйелдер құрамасы Италиядағы…
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады. Құжат халықтың сапалы медициналық көмекке қол жеткізуді жақсартуға, пациент құқықтарын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ медицина қызметкерінің беделін арттыруға көмектеседі. Заң медицина қызметкерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуге, медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік кепілдік белгілеуге, медицина мамандығының мәртебесі мен тартымдылығын арттыруға бағытталған. Сенаторлардың айтуынша, заңның қабылдануы медицина қызметкеріне кәсіби қауіптерді азайтуға, медициналық қызмет алу кезінде азаматтар құқықтарын қорғау, сондай-ақ медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға ықпал ететін болады. Сенат комитетінің мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға…
Қазақстандағы ірі 43 кәсіпорын қоршаған ортаға әсерін азайту үшін автоматтандырылған бақылау жүйесін орнатты Ластаушы заттар шығарындыларының негізгі көлемі Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының аумақтарында қалыптасқан. ➤ Қоршаған ортаға техногендік әсерді азайту үшін ірі кәсіпорындар жыл сайын өз қаражаты есебінен өндірістерді күрделі жөндеу және жаңғыртуды көздейтін табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарларын әзірлейді. ➤Тексерулер, сондай-ақ экологиялық рұқсат беру кезінде талаптардың орындалуы бақыланады. «1-ші санаттағы нысандар үшін онлайн режимде қоршаған ортаға әсерді бақылауға және кәсіпорынның өзіне де, экологиялық инспекцияға да жедел ден қоюға мүмкіндік беретін автоматтандырылған бақылау жүйесін енгізу міндеттеледі. Бүгінгі таңда міндеттелген 91 ұйымның 43-і АБЖ құрды, 9 кәсіпорын Министрліктің…