Қазақстанда бір жылда 4 716 қоқыс орны жойылды Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. ➤ Ғарыштық мониторинг аясында 2023 жылы Қазақстанда 5 534 санкцияланбаған қоқыс жинау орны анықталды, әкімдіктер бүгінде олардың 86%-ын жойды. ➤ Мобильді топтар 63 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркеді. Сондай-ақ ведомство басшысы еліміздегі коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша жағдайды жақсарту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. «Қалдықтарды мемлекеттік реттеу, атап айтқанда, қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу және жою саласындағы қызметті лицензиялау, сондай-ақ олардың барлық түрін жинауды, сұрыптауды, тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілер үшін хабарлама жасау тәртібі енгізіледі. Стихиялық қоқыстардың азаюына ықпал ететін…
Автор: shynggys
Олжас Бектенов мемлекеттің экономикадағы үлесін кезең-кезеңмен қысқарту жөніндегі жұмысты жеделдетуді талап етті: «Осы саясатты іске асыру кешенді жекешелендіру және мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелестік ортаға беру арқылы сүйемелденуге тиіс. Біз мемлекеттің экономикадағы үлесін 2025 жылдың соңына қарай Жалпы ішкі өнімнің 14%-ына дейін қысқартуға тиіспіз. Биыл Кешенді жекешелендіру жоспарын 90%-ға іске асыру қажет», — деді Олжас Бектенов.
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасының өсімі 4,2%-ды құрадыОлжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларындағы жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны туралы баяндады. Биыл екі айда экономиканың нақты секторында өсім 5,1%-ды, қызмет көрсету саласында – 3,5%-ды құрады.Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалауда, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде оң динамика байқалды. Өңдеу салаларында өндірістің өсуі машина жасауда 23%-ға, оның ішінде автомобиль өнеркәсібінде 21%-ға және электр жабдықтарын өндіруде 45%-ға қамтамасыз етілген. «Негізгі капиталға тартылған инвестициялардың өсу қарқыны 7,9%-ды құрады. Инвестициялар көлемі құрылыста – 2,7 есеге, білім беруде – 56%-ға, көлік және қоймалауда – 47%-ға өсті. Өңірлер…
Мемлекет басшысы жазушы Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдадыПрезидент қарымды қаламгер, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмабай Шаштайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. – Жұмабай Шаштайұлы қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, руханиятымыздың дамуына елеулі үлес қосты. Шығармалары кеңінен насихатталып, оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Өнегелі ғұмыр кешкен Жұмабай Шаштайұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Әзербайжан Милли Мәжілісінің Төрағасы Сагиба Гафаровамен келіссөз жүргізді Қасым-Жомарт Тоқаев Сагиба Гафароваға ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Әзербайжанның қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. – Шын мәнінде, Қазақстан мен Әзербайжан – стратегиялық серіктес әрі одақтас елдер. Бүгін біз бұл мәртебенің мемлекеттер мен үкіметтер басшыларына ерекше жауапкершілік жүктейтінін атап өттік. Екі ел ынтымақтастығының мазмұны бай әрі перспективасы зор. Бірқатар бірегей жоба қолға алынды. Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық сипаты туралы айтқан кезде, ең алдымен, мұнай мен газ, көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, индустрия және басқа да салалар ойға оралады, – деді Мемлекет басшысы. Әзербайжан Милли Мәжілісінің Төрағасы парламентаралық байланысты дамытуға жан-жақты…