
«Үкімет қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру тетігін бекітті. Оның ішінде қоқыс шығаратын көліктерді, сұрыптау желілерін және қайта өңдеу қуаттарын сатып алу бар. Қаржыландыру Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 3 жылдан 15 жылға дейінгі қарыз беру мерзімін және 3%-дық сыйақы мөлшерлемесін қарастырады. Бөлінетін қаражаттың жалпы мөлшері 3 жылға шамамен 200 млрд теңгені құрайды», — деді экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев.