Шетелдіктер әуежайдан Францияның жалған құжаттары арқылы өтпек болған ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан аумағын заңсыз қөші-қон үшін маршрут ретінде пайдаланудың кезекті әрекетінің жолын кесті. 2024 жылғы 1 наурызда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Франция Республикасының жалған құжаттарын ұсынған 2 шетелдік азамат ұсталды. Арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың жарамсыздығы расталды. Жалған төлқұжаттар алынды, шетелдік азаматтар депортацияланды, — делінген хабарламада. @baq_kz
Автор: shynggys
Қазақстанда электр энергетикасы саласы қалай дамидыЭнергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ведомствоның алқа отырысында министрліктің алдағы жылға жоспарлары таныстырылды. Министрдің айтуынша, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында министрлік Электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын қабылдады, оған сәйкес қолданыстағы жобаларды жаңғыртудың бірқатар жобаларын іске асыру, сондай-ақ шамамен 26 ГВт жиынтық қуатқа жаңа қуаттарды енгізу көзделген.2024 жылға арналған жоспарлар: Батыс Қазақстанның электр желілерін БЭЖ-ге қосу жобасы бойынша жұмыс жалғастырылатын болады (жоба елдің энергия қауіпсіздігін арттыруға және елдің энергия теңгеріміне батыс облыстарының газ қуаттарын тартуға мүмкіндік береді); Екібастұз ГРЭС-1 (500 МВт) бірінші энергия блогын қалпына келтіру бойынша ауқымды жобаны аяқтау; Топар ГРЭС…
Отбасының цифрлық картасы арқылы жыл басынан бастап 55 мың адамға мемлекеттік қызмет көрсетілдіОтбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2024 жыл басталғалы 121 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 55 мың адам пайдаланды. ortcom.kz
Нұрсұлтан Байтілесов «АМАNАТ» партиясынан депутат атанды«АМАNАТ» партиясы фракциясының өкілі Нұрсұлтан Байтілесов Мәжілістің жаңа депутаты атанды.Бүгін ол Мәжіліс депутаты ретінде ант беріп, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды.
Қазақстанда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен 1,8 мың доза екпе табылды Олар қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жалпы сомасы 7,8 млн теңге тұратын вакциналар. СҚО прокуратурасы медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдалану, жалған екпе қою және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел заң бұзушылықтарды әшкерелеген. Бұл өңірде қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісін, сондай-ақ қалалық емханалардың бірінің медицина қызметкерлерінің ресми құжатты бұрмалау фактілері анықталған. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 385-бабы («Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау және өткізу бойынша») сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. «Жалпы, анықталған бұзушылықтар медициналық мекемелердің Бюджет кодексінде көзделген заңды негіздемесіз иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға өтінімдерді…
Мереке күндері қосымша пойыздар мен 398 қосымша вагон жолға шығады Наурыз мерекесі және мейрам алдындағы күндері қосымша үш пойыз келесі бағыттар бойынша екі бағытта жүреді: «Астана-Алматы-1» бағыты бойынша № 201/202 пойызы, 4 рейс; «Астана-Шымкент» бағыты бойынша № 203/204 пойызы, 3 рейс; «Ақтөбе-Шымкент» бағыты бойынша № 205/206 пойызы, 2 рейс. @qazaqparat_kz
Қазақстанда бірыңғай қала құрылысы сараптамасы енгізілді Жаңадан әзірленген және түзетілген қала құрылысы жобалары (бас жоспарлар, ЕТЖЖ және құрылыс салу жобалары) кешенді қала құрылысы сараптамасынан, оның ішінде мемлекеттік сараптамада жоғары тұрған қала құрылысы жобасының жобалық шешімдеріне сәйкестігіне өтетін болады. ortcom.kz
2 наурызда белгілі публицист, саясаттанушы, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бүгін Республикалық бас мешітте белгілі публицист, саясаттанушы, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамды жұртшылық ақтық сапарға шығарып салды. Марқұмның жаназасына мемлекет және қоғам қайраткерлері жиналып, естелігін айтып берді. Сейдахмет Рысқожаұлымен (марқұм) жақын араласқан жандардың бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның мүшесі Сабыр Қасымов ол кісіні сонау 1980-жылдардан бері білетінін айтты. Қазақстан Тәуелсіздік алғанға дейін, алған соң да мемлекетті демократиялық өркениетті етіп, алдыңғы қатарлы басқа елдердің тәжірибесімен құруға бар күшін салған мемлекетшіл азамат. Басынан бастап өз білімін, көзінің ашықтығын пайдаланып, таза…
Ерлан Қошанов Татарстан басшылығымен парламентаралық ынтымақтастықтың келешегін талқылады Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Федерациясына ресми сапары аясында Қазан қаласына барды. Сапар барысында Ерлан Қошанов Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесіп, жуырда ғана Қазанда өткен «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің салтанатты ашылуына қатысқан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді. Ерлан Қошанов Татарстан Ресейдің жетекші өнеркәсіптік аймақтарының бірі және біздің еліміз үшін маңызды серіктес екенін атап өтті. Тараптар ынтымақтастықты, әсіресе, жоғары технологиялар саласындағы серіктестікті кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Мәжіліс спикері осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды «IT-мемлекетке» айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойғанын айтты. Өз кезегінде Рустам Минниханов Қазақстан Президентімен кездесуді ерекше ықыласпен еске…
Ұлттық экономика министрі коммуналдық қызметке айына қанша төлейтінін айттыНұрлан Байбазаровтың сөзінше, коммуналдық төлемге айына 100 мың теңге шамасында төлейді. Сондай-ақ министр коммуналдық қызмет саласындағы инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған инвестиция орынды ма және тарифтерді көтеру дұрыс па, тексеріс жүргізілетінін жеткізді. Ал сіз ақпан айында коммуналдық қызметке қанша төледіңіз?t.me/stankznews