Аустрияның жетекші компаниялары Қазақстанға қызығушылық танытуда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Аустрияға сапары аясында құрылыс, логистика және машина жасау салаларындағы жетекші компаниялардың басшылығымен кездесті. Lasselsberger Group компаниясының бас атқарушы директоры Йозеф Ласселсбергермен сұхбат барысында Астанада керамикалық тақтайшалар, құрғақ құрылыс қоспалары мен құрылыс желімдерін өндіру бойынша инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы талқыланды. Жоба импортты алмастыруға бағытталған және 200-ден астам жұмыс орнын құруды көздейді. Бұған қоса, металлургия саласындағы жоғары деңгейде өңдеу жобасын жүзеге асыру мүмкіндігі талқыланды.
Аустрияның жетекші компаниялары Қазақстанға қызығушылық танытуда
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы
