Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды
Бүгін жәбірленуші (Салтанат Нүкенованың жақындары) тарап сөз сөйлейді.
Сотқа Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова қатысып отыр.
Ол журналистердің қай үкімді әділ деп санайсыз деген сұрауына “сот шешеді” деп жауап берді.
Бишімбаевтың қорғаушылары БАҚ өкілдерінің сұрақтарына толық жауап бергісі келмеді.