Бітімгершілік миссиясына қатысатын қазақстандық әскерилерге қанша төленеді?
Ай сайын 1000 доллардан астам жалақы алатын болады, дейді қорғаныс министрі Жақсылықов.
Айтуынша, жалақыны БҰҰ төлейді.
Ал оқ-дәрі мен техниканы тасымалдауға мемлекеттік бюджеттен 8 млн долларға жуық қаражат бөлінеді.
Қазақстанның бітімгерлік күштері наурыз айының басында бір жыл мерзімге жіберіледі.