• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Бөтеннің тауар белгісін пайдаланғандар бес жылға дейін сотталуы мүмкін

Бөтеннің тауар белгісін пайдаланғандар бес жылға дейін сотталуы мүмкін

4 марта, 2024 Жаңалықтар

Тек сауда ойын-сауық орталықтарын кезгенде ғана емес, тіпті үйде теледидар алдында отырғанда да сауда маркалары – үнемі көз алдыңда. Олар заманауи іскерлік әлемнің ажырамас бөлшегі.

Патент маманы Ирина Резникованың түсіндіруінше, күнделікті өмірде негізінен, логотип, бренд, фирма атауы, сауда белгісі немесе сауда маркасы деген ұғымдар синоним ретінде қолданыла береді. Оның бәрі нақты компанияны, тауарды немесе қызметті индивидуализациялауға, ілгерілетуге бағытталған.

«Бизнес нысандары бір брендті қалыптастыру үшін көп жылын, қыруар қаражатын, күш-жігерін сарп етуі мүмкін. Егер танымал ете алса, онысы табыс көзіне айналады. Біріншіден, тауарлық белгіні кез келген меншік сияқты қомақты қаржыға толық сатуға болады. Екіншіден, жалға беруге, франшиза ретінде таратуға, тауарлық марканы пайдалану шартын бекітуге, сөйтіп, тұрақты кіріс алуға мүмкіндік бар. Үшіншіден, нақты бір тауарлық белгіге айрықша құқықты банкте кепілге қоюға да болады. Ақыр соңында, брендті, айрықша құқықты мұрагерлікке қалдыра аласыз», – деді сарапшы.

Алайда үлкен еңбекпен келген осы атақ-даңқты әлдекімдер оп-оңай ұрлап алуы мүмкін. Онымен құзырлы органдар күресуі керек. Сарапшылар Қазақстанда бұл күрестің ақсап жатқанын айтады.

Әділет министрлігінің түсіндіруінше, елімізде Қылмыстық кодекстің 222-бабына сәйкес, мұндай қылмыстар «қылмыстық теріс қылықтар» санатына жатқызылған. Яғни, бас бостандығынан айыру немесе оны шектеу жазасы қарастырылмаған.

Сондықтан өзгенің осы мүлкін жымқырған қылмыскерлер түрмеге отырғызылмайды, көбіне, 80 АЕК немесе небәрі 295 360 теңге айыппұл төлеп, жайына жіберіледі.

Бұған қоса, қылмысына қарай лайықты жазасын беру үшін заңнамада қылмыстық құқық бұзушылық құрамын градациялау да қарастырылмаған. Салдарынан, жекелеген қылмыстық істер аясында келтірген залалының сомасы 1,8 миллиард теңгеге дейін жеткендер 6 миллион теңге шығын келтіргендермен қатар, жеңіл жаза тартқан.

Масқарасы сол, осы қылмысты алдын ала сөз байласу арқылы ұйымдасқан қылмыстық топта жасағаны үшін, оған шенділердің, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың қатысуы үшін де жауаптылық ажыратылмаған.

Ал залал өтелген жағдайда қылмыстық қудалау тоқтатылады.

«Бақылаудың пәрменді тетігінің жоқтығы кесірінен, мысалы, 2015 жылдан 2022 жылға дейін қылмыстық істердің басым көпшілігі тіпті сотқа жетпей, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында-ақ тоқтатылған. Бұл осындай құқық бұзушылық жасаған жеке және заңды тұлғалардың жаппай жазасыз құтылуына әкеп соғады. Сондықтан Қылмыстық кодекстің 222-бабының нормасы жетілдіріледі. Бұл қадам аталған қылмыстарды ашудың тиімділігін арттыруға және жауапкершілікті қатаңдатуға ықпал етеді. Бұл сондай-ақ шекарадағы заңсыз сауда айналымымен күрестің тиімді тетігіне айналады. Сондай-ақ көлеңкелі экономиканың үлесін төмендетуші шаралардың бірі болады», – деп мәлім етті Әділет министрлігі.

Билік тауар мен қызмет белгісін, фирмалық атауын, географиялық көрсеткішін және тауардың шығарылған жерінің атауын заңсыз пайдалануға тегеурінді тосқауыл қоймады. Осы қылмыстарымен ұсталғандарға шектен тыс ізгілік пен мейірім танытып, басынан сипап, ең төмен айыппұлмен қоя береді. Мұның бәрі елге контрафакт өнімдер легінің тасқындауына соқтырды.

Сарапшылардың бағалауынша, республика заңсыз шығарылған өнімдердің, жалған тауарлардың, «подделкалардың» жуынды шұңқырына айналып кетті. Салдарынан, Қазақстанға қарсы санкциялар енгізілуі мүмкін. Өйткені әлемде контрафакт өнімдермен күрес өрістеуде.

Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпаратынша, соңғы жылдары контрафакт өнімдерге қарсы күрес бойынша агенттіктің мүмкіндіктері айтарлықтай әлсіреді. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде 2015 жылы 41 іс тіркелген екен. Содан бері қатты құлдырап кетті: 2016 және 2017 жылдары – 39, 2018 жылы – 7, 2019 жылы – 3, 2020 жылы – 2, 2021 жылы – 8, 2022 жылы – 8, 2023 жылы – 9 іс қана тіркеліпті.

Сарапшылардың айтуынша, күрестің бұлайша нашарлауына – Қазақстанның аумағына еніп кеткен контрафактілік өнімдерді табудың қиындығы да себепкер екен.

Құзырлы орган мысалы, әлдебір тауар иесінің сол «тауар белгісін» пайдалануға деген құқығын растайтын құжаттарының, сертификаттарының жоқтығын әшкерелейді. Айталық, iPhone толы жүк көлігі тоқтатылды делік. Халықаралық құқық және ұлттық заңнама бойынша бұл – контрафактілік өнім саналады.

Алайда, Әділет министрлігі мамандарының айтуынша, «тауар иесінің ұсталған контрафактіге тікелей қатыстылығын дәлелдеу мүмкін болмайды».

Содан қылмыстық іс қозғалмайды, тексеру қорытындылары «азаматтық-құқықтық дау аясына» жатқызылады. Яғни, жалған Айфондармен Apple-дің өзі күресіп, соны жасаушыларды өзі тауып, олармен қазақстандық сотта өзі дауласуға тиіс. Ал қылмыстық теріс қылық, яғни жалған iPhone тиелген фураның тоқтатылғаны туралы хабарлама процессуалды іс қозғаусыз қалады. Тек жүк иесі тиісті салықтарын төлесе жеткілікті. Сауда маркасына «жиендік» жасағаны мемлекеттің бас ауруы емес.

Енді қалыптасқан жағдай өзгеруі мүмкін. Әділет министрлігі тиісті заңнамалық түзетулерді әзірледі.

Қолданыстағы Қылмыстық кодекстің 222-бабына сәйкес, бөтеннің тауар белгісін, фирмалық атауын, брендін және басқасын заңсыз пайдаланып, ірі залал келтірсе, онда 80 АЕК айыппұл салынады. Немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады, болмаса, 20 тәулікке қамауға алынады.

Жаңа заңнамалық түзетулер жобасына сәйкес, жаза еселеп қатайтылады және құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай сараланады.

Сонымен, құқық иеленушінің келісімінсіз оның тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, географиялық көрсеткішін, тауардың шығарылған жерінің атауын, біртекті тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану үшін 300 АЕК (2024 жылы – 1 107 600 теңге) айыппұл салып, не 240 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартып, не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алып, жазалау ұсынылды.

Егер осы баптағы іс-әрекеттер келесі жолдармен:

  • алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында;
  • ірі мөлшерде немесе үлкен зиян келтірген жағдайда;
  • адам өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жасалса, онда 4 000 АЕК (14 768 000 теңге) айыппұл салу, не 1 000 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе 4 жылға дейін бас бостандығын шектеу қарастырылады.

Мұндай қылмысқа барғандарға белгілі бір лауазымдарды атқаруға 3 жылға дейін тыйым салу ұсынылған.

Егер бірінші және екінші бөлімдердегі қылмыстарды қылмыстық топ жасаса, айыптылар 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Осы іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтесе, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

«Бұл талап қылмыстық жаза түрлерін саралау және ажырату арқылы қылмыстық жауаптылықты қатаңдатуды көздейді. Мұндай құқық бұзушыларды анықтаумен Экономикалық тергеу органдары айналысады, олар сауда маркаларын заңсыз пайдалану фактілерін тергеу рәсімдерін жүргізу арқылы әшкерелейтін болады. Реттеуші құралды енгізу қосымша әкімшілендіру шығыстарына соқтырмайды. Өйткені тауар белгісін, өзгесін заңсыз пайдаланғаны үшін қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыру құқығы мен құзыры Қаржылық мониторинг агенттігінің лауазымды тұлғаларына беріледі», – деп түсіндірді Әділет министрлігі.

Бұл ретте оған қосымша қызметкерлер штаты бөлінбейді.

Министрліктің ұстанымынша, бұл заңның қабылдануы біріншіден, азаматтарды, бизнесті логотип, бренд, сауда маркасы сияқты зияткерлік меншіктің жаңа объектілерін құруға ынталандырады.

Екіншіден, соған инвестициялар тартуға түрткі болады. Үшіншіден, елде креативті экономиканы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Ең бастысы, зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін қосымша құқықтық құралдарды енгізеді.

Оқылып жатыр

Ақтөбеде жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Президент Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

«Артемида-2» миссиясымен Айға кеткен астронавтар Жерге оралды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ақтөбеде жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Жаңалықтар 11 апреля, 2026

Астана. 11 сәуір. BM.KZ — Жол-көлік оқиғасы Батыс Қытай — Батыс Еуропа халықаралық дәлізінің Ақтөбе…

Президент Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

11 апреля, 2026

«Артемида-2» миссиясымен Айға кеткен астронавтар Жерге оралды

11 апреля, 2026

«Қазгидрогеология» 700-ден астам жаңа бұлақ тапты

10 апреля, 2026

Бұршақ, қар, жаңбыр: 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамы

10 апреля, 2026

Қартаю индексі бойынша Солтүстік Қазақстан көш бастап тұр

10 апреля, 2026

Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді — Президент

10 апреля, 2026

Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионы атанды

10 апреля, 2026

Ақтауда далалық жерден снаряд табылды

10 апреля, 2026

Қазақстанда электр энергиясын өндіру профициті қамтамасыз етілді

10 апреля, 2026

Путин мен Зеленский Пасха мерекесіне орай уақытша бітім жариялады

10 апреля, 2026

Ақтөбеде заңсыз көші-қонды ұйымдастырған күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)

10 апреля, 2026

Қазақстан мен Армения арасындағы әуе қатынасы жақын арада қайта жанданады

10 апреля, 2026

«Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын иеленді

10 апреля, 2026

Бублик Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде ширек финалға шықты

10 апреля, 2026

Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады

9 апреля, 2026

Дина Исламбекова Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

9 апреля, 2026

Қазақстанда халықаралық AI-фильмдер фестивалі өтеді

9 апреля, 2026

Наурыздағы ҰБТ нәтижесі жарияланды: 70% шекті балдан өтті

9 апреля, 2026

Полиция азаматтарды тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыруға шақырады

9 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.