Былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыру басталды. 2023-жылы бағдарлама аясында 17 мың шағын несие беру үшін 100 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.
«Бағдарлама жылдық 2,5% сыйақы мөлшерлемесі бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге микрокредит беруді көздейді, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі 7 жылға дейін құрайды. Микрокредиттің ең жоғары сомасы 2,5 мың АЕК – ті құрайды. Биыл бұл сома 9,2 млн теңгеге тең. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін 8 – мың АЕК, яғни 29,5 млн теңгеге дейін төленеді», — деді вице-министр.
Қаражаттың негізгі бөлігі 70%-ға жуығы Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе және Алматы облыстары үшін қарастырылған. Шаруалардың басым бөлігі мал шаруашылығын дамытуға қызығушылық танытып отыр.