Әскерге барудан қашатындар көп. Айыппұл өскеннен бе, әйтеуір соңғы жылда бұл көрсеткіш төмендеген. Бұл туралы Қарулы Күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Азамат Досымов айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.
Офицердің сөзіне қарағанда, екі жылда әскерден жалтарушылар саны айтарлықтай қысқарған.
«Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер бойынша: екі-үш жыл бұрын олар (әскерден жалтарушылар — еск.) шамамен 35-40 мың адам болды. 2023 жылғы әскерге шақыру қорытындысы бойынша — 20 мыңға жуық адам. Осы екі жыл ішінде бірнеше есе қысқарды», — дейді Досымов.
Ведомство бастығының орынбасары мәліметінше, бұл ретте басқа мемлекеттік органдармен ықпалдасу және әскерге шақыру қызметінің тартымдылығын арттыру көмектеседі.
Дереккөз: https://t.me/ulysmedia