• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Елімізде 7 мың лифтіні жаңарту керек – сарапшы

Елімізде 7 мың лифтіні жаңарту керек – сарапшы

17 ноября, 2025 Басты тақырып
Фото: BM.KZ

Еліміздің тұрғын үй қорында 35 мыңдай лифт болса, соның бестен бірі жаңартуды қажет етеді. Астанадағы адам өліміне әкеліп соққан лифт апатынан кейін ескірген жеделсатылардың мәселесі қайта қызу талқыға түсіп жатыр. Оның үстіне, тұрғын үй құрылысын қабылдап алу жұмысына мемлекеттік инспекция қатыспайды. Мамандардың айтуынша, бұл да жағдайды одан әрі ушықтырып тұр.

Ең ескі лифтілер Павлодар мен Өскемен және Семей қалаларында көп

Қазақстан лифт жасаушылары ұлттық қауымдастығының мәліметінше, жұмыс істеп тұрғанына 25 жылдан асқан жеделсатыларды қалайда жаңарту керек. Алайда ол жұмыс тым баяу жүріп жатыр. Айталық, Палодарда мыңнан аса ескі лифт болса, соның жылына он данасын жаңартқанның өзінде тым аз. Соңғы кездері 30 жылдан бері ауыстырылмаған Астананың лифтілері де осы қатарға қосыла бастаған.

Қауымдастық басшысы Ержан Егебаевтың айтуынша, Алматының жақсы тәжірибесін мысалға келтіруге болады. Қалада 4 жыл бұрын 3,5 мың лифт жаңартуды қажет етіп тұрған. Қазір мәселе шешіліп, бар-жоғы 60 шақтысы ғана қалды. Осы тәжірибені өзге қалалар неге қаперге алмай отырғаны түсініксіз. Жалпы, лифтілер жоғары қауіп көздеріне жатады. Өйткені, олар ресми түрде қауіпті техникалық құрылғы саналады.

«Жаңа үйді қабылдап алуға мемлекеттік комиссия қатысу керек!»

Ал Астанада лифт апатының алдында тұрғын үй қасбетінің құлап, салдарынан екі фельдшер ауыр жараланғаны есімізде. Бүгінде қауіпті үйдің айналасын түгел қоршап тастаған. Бұл жағдай да тұрғын үй мәселесін қайта қарауды талап етеді. Сала өкілдерінің айтуынша, 2014 жылдан бері жаңадан салынған баспананы қабылдап алушылар арасынан мемлекеттік комиссия алынып тасталған.

«Менің Үйім» өзін-өзі басқаратын кондоминиумдар тұрғындары қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Талғат Тәтіковтің сөзінше, бұрын мемлекеттік комиссия болатын, оның басында жергілікті атқарушы органның өкілі тұратын. Қазір ол жоқ. Негізі құрылыс басталарда эскиздік жобасын мақұлдап, архитектуралық жоспарлау тапсырмасын, жер телімін сол әкімдік береді. Ендеше, құрылыс біткенде сол мемлекеттік органның өзі қабылдап алуы керек емес пе?!

Қоғам белсенділері болса, мұндай олқылық қайталана бермес үшін тұрғындардың өздері белсенді болуы керек екенін айтады. Мәселен, сайлауға қалай белсенді атсалысса, өз үйін басқару ісінде де тартынып қалмау керек.

«Әр үйге 15-20 жыл сайын техникалық тексеру жүргізіп отыру керек. Оған тұрғындар атсалысып, егер бір жері қисайып тұрса немесе қандай да бір кемшілігі болса, соның бәрін тұрғын үй инспекциясына хат жазып, тексеру жөнінде өтініш жасап отыруы қажет», – дейді қоғам белсендісі Талғат Омаров.

Айта кетерлік тағы бір жайт, Ержан Егебаевтың сөзінше, еліміздегі лифтілерді бақылау қызметі де дұрыс жолға қойылмаған. Өйткені, ол қызмет бүгінде жергілікті әкімдіктерге жүктелген. Ал сол әкімдік басқармаларында гуманитарлық саланы бітіріп келген, лифт құрылысынан хабары жоқ жас мамандар бақылаушы қызметін атқарып отырғанын айтады.

Ербол Тұрымбет,
BM.KZ

Оқылып жатыр

Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Грэмми-2026: Bad Bunny «жыл альбомы» номинациясында жеңіске жетті

Маңғыстауда ер адам пышақ жарақатынан қаза болды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024843 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024437 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Ақорда 2 февраля, 2026

Астана. 2 ақпан. BM.KZ — Әсет Ерғалиев жаңа қызметке ауысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. — Мемлекет…

Грэмми-2026: Bad Bunny «жыл альбомы» номинациясында жеңіске жетті

2 февраля, 2026

Маңғыстауда ер адам пышақ жарақатынан қаза болды

2 февраля, 2026

Қазақстан халқының саны белгілі болды

2 февраля, 2026

Жамбыл облысында анасы баласын ұрып-соққан

2 февраля, 2026

Қазақстанда АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жарияланды

2 февраля, 2026

TikTok арқылы «емдеген» алаяқ сотталды

2 февраля, 2026

Шекарада қару-жарақ, жанармай және валюта контрабандасы әшкереленді

2 февраля, 2026

Мемлекет басшысы журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады

2 февраля, 2026

ІІМ көлік жүргізушілерін даярлау курстарына қатысты мәлімдеме жасады

2 февраля, 2026

Президент Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады

2 февраля, 2026

Алькарас «Үлкен дулығаны» толық жеңіп алған ең жас теннисші атанды

2 февраля, 2026

Ақмола облысында жүкті әйел мен күйеуі жол апатынан көз жұмды

2 февраля, 2026

Алтын мен күмістің бағасы күрт төмендеді

1 февраля, 2026

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды

1 февраля, 2026

Павлодарда салынып жатқан көпірде өрт шықты

1 февраля, 2026

1 ақпанда елдегі қай жолдар жабық

1 февраля, 2026

Елена Рыбакина Australian Open чемпионы атанды

31 января, 2026

Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

31 января, 2026

Ұлттық ресурстардан түскен табысын 200 мыңнан аса бала пайдаланған

31 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.