Еліміздегі барлық су қоймасына су жиналып жатыр
Солтүстік өңірдегі су қоймаларына орта есеппен 59% су жиналды. Айта кету керек, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 9%-ға көп. Ал Орталық Қазақстанда су қоймаларына 61% су жиналған.
Оңтүстікте су қоймаларына орта есеппен 58% су жиналды. Ал, еліміздің батысында жиналған судың көлемі — 77%, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14% -ға артық; Шығыстағы су қоймалары орта есеппен 60% суға толы, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға көп, — деп атап өтті ведомстводан.
baq_kz