• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Елтаңба ауыстырса ел түзеле ме?

Елтаңба ауыстырса ел түзеле ме?

16 марта, 2024 Қоғам
Елтаңба ауыстырса ел түзеле ме?.. Құрылтай өтті. Атырауда. Ел басшысы қатысты. Түйткілді айтты. Қазақтың болашағына алаңдаушылық танытты. Насыбай жайлы пікірін білдірді. Бұрын «насыбайды» шалдар атушы еді, қазір жастар атады. Бұрын «насыбайды»аршадан, аққайыңның күлінен дайындаушы еді. Қазір құстың қиынан дайындайды. Несі айтамыз ішкеніміз ірің, жегеніміз желім. Құрылтай өтіп жатыр экранға емес-соткадан қарадым. Сайтан қорапты көрмегелі қай заман? Ток-шоудан шаршаған халық, бетбақтың аудиториясынан бая-ғыда безінген. «Қалаулым», «Қаламаймын», «Тыңдамаймын», «Өреміз», «Көреміз», «Астарлы ақиқат» т.б одан басқа түк жоқ. Сосын баяғы саясат. Күлтөбенің басындағы насыбайын түкіргендердің бәлдуі. Құрылтайда қазақтың жайы сөз болатын шығар деп,тыңдап отыр едім. Аяқ астынан «шаруа шықты» біреу қоңырау шалып жұмысын айтты. Сонсоң құрылтайдағы жағдайды «тарс еткізіп» есімнен шығарып жіберіппін. Кешке оқыдым. Елтаңба ауысады дегенді. Елтаңба тәуелсіздігіміздің алғашқы байлығы. Көзімізді ашып көргеніміз, басымызды иіп тәу еткеніміз осы Елтаңба. Қазақтың жетпіс жыл емес-екі жүз елу жылдан соң барып бодандықтан, бұғалықтан басы босағанда өз алдына ел болғанда жасалған басты құндылығымыз болатын. Енді ауысады. Ауыссын. Мен айтам. Сіз айтасыз. Ол айтады. Жамырап барлық қазақ айтады. Ал басқа ұлтқа Сіз не істеп жатсаңыз да бәрі-бір. Қазаны қайнаулы, малы союлы, ұйқысы тыныш, күлкісі күміс. Құрылтай аяқталды. Тапсырыспен посттар шыға бастады. Үкіметтік ұйымда істейтіндер жамырап пост салып жарысты. Құптаймыз деп. Дұрыс айтады деп. Дұрысы, дұрыс шығар!.. Бірақ «но»-сы бар. Алдымен басқаны түзеп алайықшы. Халықтың жағдайын айтам. Биылғы жылы барлық жерде, әсіресе Солтүстік өңірде жылқы қынадай қырылып жатыр. Тебіндегі түз малы еді, қар қалың, тіске басар далада шөп те, шөмеле де, шөңге де жоқ. Биелер құлын тастап, жылқы жарықтық босып кетіпті. Тіпті ірі шаруашылықтың малы шатқаяқтап жатқанға ұқсайды. Жылқыға биыл зауал келді. Жұт келді. Жылқыны кім ұстайды? Әрине ата кәсібім деп қазақ ұстайды. Астауын толтырады. Тақымын толтырады. Әйтеуір жылқы қазақ үшін-әу бастан басты байлығы. Ақырындап бұның да қадірі кетіп барады. Иә, мен кейде түсінбеймін. Түсінетіндер жауап берсе екен. …91 жылы егемендігін алғанда халықтың жоқшылықпен қысты. Нансыз, әнсіз, түксіз қалды. Дүкен босады. Халық шеттен тауар әкеліп өз қотырын өзі қасыды. «Бутя»-ның купондары шықты. Халық сабылды. Үміт күтті. Онысының арты сұйылып ол купон «кәкә болып» қала берді. …98-2000 жылдары 2050-ге бағдарлама құрып қойып «РНН мен СИК» деген пәлесін шығарды. Ол болмаса жұмысқа алмайды. Сол кезде осы екі парақ қағазды былай қойып кейбір адамдар «төлқұжатқа» қол жеткізе алмай жүрді. Сол үшін тағы сабылды. Әйтеуір жыл сайын бірдеңе шығады. Латын әліпбиіне ауысамыз. Әлемді аузымызға қаратамыз деп 2025 жылға бағдарлама құрылған-ды. Келер жылы «латын әліпбиінің» жылы еді. Кирилицадан құтыламыз деп мемлекеттік рәміздерді пытырлатып ауыстырды. Қаншама қаражат кетті. Кім алды, кім ауыстырды, кімге ыңғайлы болды. Ақыр аяғы жұмыстың соңы итжеме болды. Жыл сайын болмашы нәрсеге көңіл аударып, мемлекеттен миллиардтап қаражат бөліп жағдай жасап жатырмыз дегеннен ештеңе шықпайды. Бая-шая. Бақ-шақпен уақытымыз өтіп жатыр. Әрекет көп. Берекет жоқ. Қазақ үшін ақиқат кебінін сүйреп жүр. Жатқан жері даладай, Екі өркеші баладай, Азу тісі қаладай, Жабуы жамшыдай, Құйрығы қамшыдай, Бура сойған не сұмдық! енді болды. Абзалы сол. Референдум арқылы бі-раз мәселені шешеміз. Оң шешімін шығарамыз деп айтты. Дұрыс шығар деп басында мән бермегем. Енді сол рефендумнан қорқа бастадым. Өткенде өсектордың біреуінде ішіміздегілер ақырындап мәселе көтеріп жатыр «Рефендум өткізіп, көрші елге бағынышты болып, баяғы ескі СССР-ді қайта құрсақ!» деп. Мәссаған оттаубай!.. Ыршып түстім. Саясаттан сүрінсең мертігесің деген. Түбі оңбай таяқ жеп мертігіп қалмайықшы осы! Референдумды жалғыз Қазаққа қана өткізіп жатқан жоқ «жалпы қазақстандықтарға» өткізеді.

22:56
Ал өзіміздің ішімізде сыртқа қарап ұлитын қаракөзіміз қаншама!? Мысалы анау «Северный Аслан» деген күнде қақсайды. Күнде айтады. Біреуіміз мәу дей алмай отырмыз. Оған әу десең, Северный емес сен кінәлі боласың!.. Енді Елтаңба ауысады. Жә, ауыстырсын. Айтқанымызбен, жазғанымызбен келіп-кетері жоқ. Айтылды. Демек бұйрық екі қайталанбайды. Орындалады. Бірақ ұзын көшке ілескен қазақтың күні, күн өткен сайын әлсіреп таусылып бара жатыр. Қымбатшылық. Баяғыдай емес, халықтың көзінде мұң бар. Ертеңгі таңды. Ертеңгі кешін ойлайтын шығар!? Солай-ау! Анаған -мынаған миллиардтап ақша шашқанша алдымен халықты сүліктей сорған, сүйрік тілді Банктердің несие пайызын қысқартып берсе ғой. Әйтпесе қайғыңды күлгенше, көрешекті көрге кіргенше деп жүрген қазақтың қазіргі күйі биылғы қыста жұтқа ұшыраған көтерем жылқыдай. Әйтеуір бәрін ауыстырамыз деп жатыр ғой «стан» деген сөзді қысқартып Қазақия елі деп ауыстырсын. Сонымен шаруа бітер. Бәлкім ел түзелер. Бірақ менің сөзімді кім тыңдайды? Айқай салам. Жартас жаңғырар. Сосын дауыс қаңғырардың кері. Ақиқатқа Алла разы. Ренжитін адам ғана. Мынаны неге жазды деп жазғыра көрмес! Ойымды айттым. Тең құқылы елде тұрам һәм демократия! Бурабайдың Жеңісі

Оқылып жатыр

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025348 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.