Енді ректорлар университетті ұзақ мерзім басқара алмайды
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университет ректорларының мерзіміне өзгеріс енгізілетінін айтты
Біздегі ұлттық университеттер ректорларының мерзімін үш жылға базалық келісімшарт бойынша ұзарту мүмкіндігі бар. 14-15 наурызда арнайы республикалық комиссияның отырысы өтеді. Сол жерде жаңа қағидаттар қабылданады, — деп ведомство басшысы журналистің сұрағына жауап берді.
Нұрбектің айтуынша, жаңа ережеде ректорлардың қызметін екі мерзімнен артық ұзартпау ұсынысы бекітілмек.