• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Еріктілер алғаш рет Аралда 5100 сексеуіл көшетін отырғызды

Еріктілер алғаш рет Аралда 5100 сексеуіл көшетін отырғызды

6 марта, 2024 Қоршаған орта

Наурыздың 1-3 аралығында Қызылорда облысында «Syr qorǵany – sekseýil» алғашқы эковолонтерлік жобасы өтті. Олар аймақтың экожүйесін қалыпқа келтіруді көздейді.

Эковолонтерлік жобаға 80-ге жуық ерікті жұмылды. Олар ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі және жергілікті атқарушы органдарының қолдауымен Арал теңізінің құрғаған табанына бет алып 5100 сексеуіл көшетін отырғызды.

Волонтерлер Алматы, Талғар, Астана, Ташкент қалаларынан жиналды. Араларында тіпті АҚШ-тың екі азаматы болды. Сонымен қатар Қызылорда облысының Шиелі, Жаңақорған елдімекендерінің белсенді азаматтары да волонтер қатарынан көрінді. 3 күннің ішінде олар 1030 шақырымды жүріп өтті. Алғашқы күні «Қорқыт-ата» мемориалдық кешеніне соғып ата-баба рухына тағзым етті. Одан кейін Аралды Құтқару Халықаралық Қорының сарапшысы Мария Заднепровская мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Сергей Азимовтың қатысуымен форсайт әңгіме өтті. Оның барысында жиналған қауым режиссердің Арал тағдырын баяндайтын, 1988 жылы жарыққа шыққан «Жоқтау» фильмін тамашалап тебіренді.

«Аралды тірілту мүмкін емес. Бірақ елімізді, туған ауылымызды көркейту, экологиялық жағдайды жақсарту — қолдан келетін нәрсе. Сол себепті өзім волонтер ретінде жобаға қатысып отырмын. Сынаудың, сөздің орнына іспен көрсетіп жағдайды түзеуге үлес қосуға болады. Ең бастысы, осындай жоба арқылы жастардың, қауымның экологиялық ұлттық сана-сезімін, адами сезімін оята аламыз», — деп ой бөлісті белгілі режиссер.

Қызылорда
Фото: Alikhan Sariyev

Келесі күні 80-ге жуық волонтер қолға күрек алып, бір кісідей атсалысып Аралдың құрғаған табанына сексеуіл отырғызды.

«1 миллион 100 мың гектар жерге сексеуіл отырғызу жұмыстары жүріп жатыр. 2021-2023 жылдар аралығында 545 000 гектар жерге сексеуіл отырғызылды. Енді жұмыстың жартысы қалды. Сексеуіл отырғызуға Аралға волонтерлердің келуі Қазақстан тарихында болмаған жайт. Бұған дейін шет мемлекеттен көмектескен көптеген донор болды. Мысалы, Оңтүстік Кореядан, Алмания, Америка сияқты елдер» — деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Республикалық Орман-селекциялық тұқым өсіру орталығының» РМҚК бас директоры Әліби Ғазизұлы.

Оның айтуынша, сексеуіл — балта шаба алмайтын, ара кесе алмайтын қасиетті ағаш. Бір түбінің өзі 4 тонна құмға дейін ұстап тұра алады.

«Дүниежүзі бойынша біздің елде ең көп өседі. Осы Қызылорда облысында, Мойынқұмда, Созақта, тіпті Балқаш жақта сексеуіл кездеседі. Жалпы, оның екі түрі бар: қара және ақ сексеуіл. Бүгін қара сексеуіл отырғызылды. Көшетті лайға батырып, әбден сіңгеннен кейін отырғызғанымызды ескерте кетейін. Ол лай гидрогель мен көңнен тұрады яғни сексеуілге қажет ылғал мен минералды қорек жеткілікті. Сондықтан бұл сексеуіл көшеттері суарылмайды. 4 жылдан кейін бұйырса тұқымын береді», — деді Әліби Ғазизұлы.

Осы жобаға қатысу үшін Аралға арнайы Астанадан барған еріктілердің бірі — Ұлттық волонтерлік желі координаторы Бауыржан Жұмат.

«Бұл — ерекше жоба. Алғаш рет естігенімде «қатысамын» деп бірден шешім қабылдадым. Бұған дейін де басқа да волонтерлік акцияларға атсалысқанмын. 7 жылдан бері еріктімін. 7 жыл ішінде Ақтөбе, Тараз қалаларына барып, «Жасыл белдеу» экологиялық жобаларына қатыстым. Шынымен де экологиялық апатқа душар болған өлкеге, Арал теңізіне келіп, тіршіліктің қайта жандануына кішігірім болса да көмектестік деген ойдамын. Астанаға барған соң басқа да волонтерлермен осы әсерімді бөлісемін», — дейді ол.

Оқылып жатыр

Алдағы күндері күн күрт суытады

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандар жазаланады?

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Алдағы күндері күн күрт суытады

Басты тақырып 18 мая, 2026

Астана. 18 мамыр. BM.KZ – Кезеңнің басында антициклон жотасы республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында жылы…

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026

Қазақстанда қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді

14 мая, 2026

Қызылорда облысында 14 жыл бұрынғы жасөспірім өлімі ашылды

14 мая, 2026

Tesla Cybertruck Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінде қолданады

14 мая, 2026

Әлем көз тіккен келіссөз: Трамп пен Си Цзиньпин не талқылады

14 мая, 2026

Қазақстанда үш жаңа орден пайда болды — Заң мақұлданды

14 мая, 2026

Елордада әйгілі Леонардо да Винчиге арналған халықаралық көрме өтеді

13 мая, 2026

Қазақстанда I тоқсан бойынша орташа айлық жалақы аталды

13 мая, 2026

Мұғалім оқушы үшін сабақ кезінде ғана жауапты болады

13 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.