• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Газдалған сусынды жиі тұтыну адам ағзасына қандай қауіп төндіреді

Газдалған сусынды жиі тұтыну адам ағзасына қандай қауіп төндіреді

13 марта, 2024 Денсаулық

KAZINFORM – Салқындатылған газды сусын бүгінде тойларда ғана емес, күнделікті дастарқанда да жиі тұрады. Оның жағымды дәмі тіл үйіргенімен, зиянды жағы да аз емес.  Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің техникалық регламенттер талаптарын бақылау бөлімінің басшысы Марина Давлетбаева газдалған тәтті сусынды жиі қолданбауды ескертеді.

Аталған маман бұл тақырып бойынша бірқатар статистикалық мәліметті мысалға келтірді. Атап айтар болсақ, тәтті газдалған сусынды Қазақстан халқының 65%-дан астамы анда-санда тұтынады екен. Оның ішінде 6 мен 9 жас аралығындағы балалардың үштен бір бөлігі аптасына бір немесе одан да көп рет ішсе, 16,7%-ы күнделікті ішеді.

Газдалған сусындардың құрамы жапсырмасында көрсетілген және тұтынушы үшін құпия емес – бояғыштар, химиялық қоспалар, стабилизаторлар, қышқылдар, консерванттар, көмірқышқыл газы және судан тұрады. Көмірқышқыл газы адамдар үшін қауіпсіз, ал сумен араласқан жағдайда денсаулыққа зиянды болып шығады. Газдың сумен қосындысы көмір қышқылын береді, ал ол асқазан мен асқазан-ішек жолдары үшін қауіпті ерітінді, ағзада тітіркенуді және қабыну процестерін тудырады.

«Кішкентай балалардың рационындағы тәтті газдалған сусындарды шектеу керек. Минералды суды ішу пайдалы, ол денені электролиттермен қанықтырады, ал тәтті газдалған суды көп тұтыну тістің эмалін бұзады. Сондай-ақ мұндай сусын құрамында фосфор қышқылының тұздары бар. Сондықтан жиі қолданғанда фосфордың мөлшері артып, басқа маңызды минералды заттардың, мәселен сүйек тығыздығына жауап беретін кальцийдің жойылуына әкеледі. Салдарынан сүйектердің сынғыштығы артады, жарақат алу қаупі жоғарылайды. Үшіншіден, тәтті газдалған суда қант мөлшері өте көп болғандықтан, оны жиі тұтыну семіздікке және қант диабетінің дамуына әкелуі мүмкін», — дейді санитар дәрігер.

Маманның айтуынша, тәтті газдалған сусындарды ұнататындарда, сонымен қатар жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуы мүмкін. Бұдан бөлек ұйқы безінің онкологиясын тудыруы қаупі бар, бұл — сусында қанттың артық болуы ұйқы безіне ауыртпалық түсіретіндіктен. Салдарынан инсулинның көбеюі басталады. Мұндай сусынның орташа алғанда, бір банкасының құрамында шамамен 40 грамм, яғни, 8-10 шай қасық қант бар.

«Әр нәрсенің шегі бар. Мөлшерден артық тұтынғанда адамда әлсіздік пайда болып, ұйқы басу, еңбекке қабілеттілік төмендеуі мүмкін. Альцгеймер ауруы, ағзаның сусыздануы, қан қысымының жоғарылауы сияқты аурулар да көп жағдайда пайда болуы ғажап емес.

«Газдалған сусындар өсіп келе жатқан баланың денсаулығына аса зиянды. 2022 жылы «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен білім беру және тәрбиелеу нысандарында, мектепке дейінгі ұйымдарда, балалар үйлерінде, балалардың сауықтыру және санаторий объектілерінде балалардың тамақтану рационына газдалған сусындарды енгізуге және сатуға тыйым салынды. Тәтті газдалған сусындарға қызықпаңыз, оны аз мөлшерде тұтыну керек немесе оны пайдалы сусындармен алмастырған жөн. Табиғи шырындар, үйде жасалған компоттар мен лимонад, түрлі жеміс-жидектен жасалған морстарға шөлің қанады және денсаулыққа да пайдалы», — дейді Марина Давлетбаева.

Оқылып жатыр

Қазақстанда қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді

Қазақстанда акушерлер, педиатрлар және анестезиологтар тапшы

Хантавирус анықталған лайнердегі жолаушылар саяхатты жалғастырады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.