Бірінші аптаның қорытындысы бойынша ең көп дауысқа ие болған министрдін есімін ұсынамыз.»Жыл министрі» номинациясындағы бірінші орынды Руслан Жақсылықов иеленді.
Сыни пікірлердің көптігіне қарамастан бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният екінші орынға шығып отыр.
Ал «Жыл министрі» номинациясында үшінші орынға Бағдат Мусин ие болып отыр.
Әзірге қатысушылар арасында бірде-бір дауыс жинамаған билік өкілі – Ғалымжан Қойшыбаев.
Осы жылы біз оқырмандарымызға министрлерге өз сұрақтарын қоюды ұсындық. Алайда, пайдаланушылардың басым бөлігі шенеуніктердің қызметіне тек қана наразылықтарын білдіруде.