«Кейбірі жер, кейбірі жеңілдік сұрайды»: Қазақстанға шетелден қанша компания көшіп келді
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов Үкіметте Қазақстанға қанша компания көшіп жатқанын айтып берді
«Бүгінгі таңда Үкімет шетелдік компанияларды, ірі кәсіпорындарды осында орналастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Тізімде бізде 30-дан астам елден 400-ге жуық компания бар. Бүгінгі таңда құны 1,5 млрд АҚШ долларынан асатын 41 компания бойынша нақты нәтиже шықты.. Бұл inDriver, Fortescue, TikTok және тағы басқа компаниялар бар. Бүгінгі таңда 37 компания бойынша жұмыс жүргізілді. Әлі қандай компаниялар келетінін нақты айтпаймыз. Жұмыс қорытындысы бойынша қосымша ақпарат ұсынылады
Кейбір компаниялар тек жер учаскесін сұрайды, басқалары қазірдің өзінде артықшылықтар, жеңілдіктерге ие. Бұл компаниялардың капиталы шамамен миллиард долларды құрайды, 37 компания!, — деді Бауыржан Құдайбергенов Үкіметтегі брифингте сұраққа жауап бере отырып.
Оның айтуынша, келетін компаниялардың саны көп те, аз да болуы мүмкін.