Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді және азаптады деп айыпталып жатқан сот отырысын бүкіл ел болып көріп, үкім қашан шығатынын күтіп отыр.
Осы қайғылы оқиға қазақстандық әйелдер қоғамының азаматтық пікірін оятты. Әлем назары Қазақстанға ауды, тіпті BBC сот отырысы туралы ақпарат жасады.
Онда БҰҰ мәліметінше, 400 әйел отбасында зорлық-зомбылық көріп қаза болатыны, ал күн сайын 300 әйелден арыз түсетіні айтылған.
Біздің елімізде күйеуінің қолынан қаза болған әйелдердің жан түршігерлік оқиғалары бұған дейін де резонанс тудырған еді. Осы оқиғаларды еске түсіріп көрдік.
Зираттан табылған әйелдің бөлшектелген денесі
2014 жылы Қарағанды облысының тұрғыны сегіз жылға сотталды. Ол әйелін өлтіріп, бөлшектеп, сөмкеге салып, зиратқа апарып, қалдырып кеткен.
Зиратқа келген жергілікті тұрғын полицияға қоңырау шалған. 39 жастағы әйелдің жеке басын анықтап, марқұмның күйеуі қызғаныштың кесірінен өлтіргенін анықтаған.
Туған күнінде ұрып өлтірген
2022 жылдың тамызында Қызылордада жүректі қан жылатар оқиға болды. 27-туған күнінде Ажар Шадиева 29 жастағы жұбайы Руслан Отарбаевтың қолынан ажал құшты. Полиция департаменті мас күйінде Қызылорда тұрғыны әйелін ұрып өлтіргенін анықтаған. 27 жастағы әйел ауыр дене жарақатынан көз жұмды. Олар үш бала тәрбиелеп отыр еді. Руслан Отарбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
Күйеуінің қолынан көз жұмған заңгер
2022 жылдың 12 қазанына алматылық заңгер Айман Асанова ауруханада қайтыс болды. Полицейлердің айтуынша, 2022 жылдың Асанованы жарақаттаған пышақ сол күйі табылмады.
Бұрынғы жұбайына келтірілген 18 пышақ жарақаты үшін Талғат Нұртаев 1,5 жылға ғана сотталды. Кейінірек бұл іс бұзушылықтарға байланысты жаңа сот талқылауына жіберілді. Нұртаевқа 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Әйел бұрынғы күйеуі Талғат Нұртаевпен 3 жыл некеде болған.