Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қоғамда резонанс тудырған Бишімбаев ісіне қатысты пікір білдірді
Қазір сот процесі жүріп жатыр. Сот процесіне ешбір азаматтың, ол депутат болсын, журналист болсын немесе басқа да лауазымды қызметте жүрген азамат болсын, оған араласуға ешқандай құқығы жоқ екенін білесіздер. Оған араласуға болмайды. Сондай-ақ бүгін бұл іс үлкен резонанс тудырып отыр. Шынында да, жантүршігерлік оқиға. Қоғамның ерекше бақылауында, — деді Ерлан Қошанов.
Ол атап өткендей, Президент осы мәселеге қатысты тергеу жұмыстарын дұрыс жүргізу жөнінде тапсырма беріп, өз бақылауында ұстап отыр.
Сондықтан осындай қоғамдық бақылау бар кезде бұрмалау болады деп ойламаймын. Сот шешімін шығаруда дербес. Сол себепті әділ үкім шығаратынына сенеміз, — деп айтты Мәжіліс төрағасы кулуарда