Маңғыстауда 50-ге жуық иттің өлексесін қоқысқа тастай салған Болжам бойынша оқиға Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылының маңында болған. Кадрлардан үлкен шұңқырда ит өлекселерінің ашық жатқанын байқауға болады. Бір шұңқырда өлекселермен бірге тірі күшіктер де жатыр. Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бердібек Мархабаевтың айтуынша, Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылының әкімдігімен сөйлескен. Дегенмен елдімекен маңынан иттің өлекселері табылмаған. Әкімдік мамандары ауылда арнайы жою орны барын атады. Қазір тиісті жұмыстар қолға алынып, жағдай бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Маңғыстауда 50-ге жуық иттің өлексесін қоқысқа тастай салған
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы