• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Марапаттың көбеюі мағынасын жоғалтады

Марапаттың көбеюі мағынасын жоғалтады

3 марта, 2024 Жаңалықтар

Елімізде соңғы жылдары мемлекеттік, ведомстволық және жеке ұйымдардың орден, медальдері қарша борап жатқандығы ақиқат. Елімізде 10 орден, 4 медаль және 4 ресми атақтар бар. Ал ведомстволық наградалардың саны 200 жуықтады. Кеңестік кезеңнен қалған «кеудеге темір тағып арқадан қағу» саясаты әлі де бар.

Естеріңізде болса, өткен жылдары Ресейге барғанда Президентіміз Қ.Тоқаев Ресей мемлекеті ұсынған «Невский орденінен» бас тартты деген қауесет тарады. Бірақ Қ.Тоқаевтың «мен өзімнің Президенттік міндетімді атқарып отырған сәтте ешқандай марапат қабылдамаймын» деген сөзінің өзі көпке үлгі болу керек еді. Саңырауқұлақша қаптаған атақ, даңқтар мен орден, медальдер көбеймесе азайып отырған жоқ.

Қазіргі таңда «Қазақстанның құрметті азаматы», «Қазақстанның мәдениет пен өнер саласының үздігі», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстанның үздік ауыл әкімі» т.б бейресми атағын тарататын «Білім және өркениет» ұлттық инновациялық орталығы деген мекеме пайда болды. Ең қызығы осы атақтарды Министрліктер үйінде ресми түрде тапсырады. Мұндай заңсыз атақтардың бар екенін Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі Комитеті де, құзырлы органдарда біледі.

Алайда тоқтау салып, тізгіндеуге әрекет етіп жатқан ешкім жоқ. Әр министрлік ай сайын бір медальден қабылдайды. Дұрыс, қарапайым еңбек адамдарын марапаттасын, құрметтесін. Қарсылығымыз жоқ. Бірақ бұл марапаттар не береді? Мысалы,  Еуропа елдерінде ешкім орден, медаль тақпайды. Таратпайды.

Оларды жақсы жұмыс нәтижесі бойынша қомақты бонустар, туристік жолдамалар, тегін механалар мен оқуға  мүмкіндік береді. Ал бізде тіпті мемлекеттік наградалардың заңдық күші жоқ. «Ерең еңбегі үшін» медальмен марапатталған адам автобуста тегін жүре ала ма? Емханаға тегін қарала ма? Әрине, жоқ. Ал оны тапсырудың ар жағында айтылмаған ақиқаттар жетерлік. Кімдер алып жатыр.

Отызға толмай жатып ерең еңбек сіңіріп тастағандар жетерлік. Бұлай кете берсе басынан балағына дейін темір тағатын Солтүстік Кореяға айналарымыз хақ. Мысалға көршілес Ресейде 48 мемлекеттік награда  1 мыңнан астам ведомстволық наградалар, 500 ден астам қоғамдық наградалар, 400 ге жуық корпоративтік наградалар  және 15 мыңнан астап Ресей субьектілерінің өз наградалары бар. бар.

Қоғамдық наградаларға қоғамдық ұйымдардың, діни мекемелердің , ғылыми орталықтардың наградалары кіреді. Ал корпоратитвтік наградаларға трансұлттық компаниялардың наградалары кіреді.  Кеңестік кезеңде әскери орден медальдердің саны 58 болған екен.

Алғашқы «За отвагу» медальі 1938 жылы, соңғысы «70 лет Вооруженных сил» медалі 1988 жылы шығыпты.  Әрине, Кеңестік кезеңде таққан орден, медальіне сай құрметте көрсетілді. Түрлі жеңілдіктер болды. Қырықтың қырқасына шыққан жап жас жігіттердің кеудесінде кем дегенде 9-10 медаль бар. Оның біреу мемлекеттік, екеуі ведомстволық қалған қоғамдық ұйымдардың 50-60 мың тенге көлемінде таға беретін құнсыз медальдері. Қазіргі таңда мұндай жалған атақ, даңқтар тарататын қоғамдық ұйымдар, қорлар, жеке азаматтар бизнес көзіне айналдырғалы қашан?

Бұған тоқтау салмаса ертең шамамыз келмей қалады. Осыған байланысты құзырлы мекемелер тез арады заң жобасын әзірлеп тиым салу керек. Еліміздегі наградаларға сараптама өткізетін, оның қолданылу  шарттарын заңды негзіге алып ережелерін әзірлейтін органдар  мұндай мәселені жабулы күйінде қалдыра берсе арты жақсылыққа апармасы белгілі. Тіпті жеті бала тауып «Алтын алқа» таққан аналарымызға  да осы атағы үшін жасап жатқан жеңілдіктеріміз шамалы.

Біз дүниетанымы өзгерген, замануи ақпаратпен қамтылған жастарды тәрбиелеп келеміз. Жарқын болашақтың қандай форматта боолары белгісіз. Біздің елесіміздегі дамығавн ел мен смартфон, интернет арқылы тәрбиеленіп келе жатқан жастардың көзқарасы алуан түрлі.

Ендеше аға бауын өкілдері алтын жалатылғанг темірджі таққанына кеудесін керіп, сол бір темір үшін бет жыртыспай ел ертңі болашағымызды ұлтжанды, мәдениетті етіп тәрбиелеудің жолдарын қарастырған жөн сияқты. «Ұят болады», «Обал болады» деген екі сөзбен өскен қазақтың ұяң мінез ұл, қыздарына дұрыс бағыт бағдар беріп, еліне темір тағу үшін, титтей де болса үлесін қосу үшін еңбек ететін етіп тәрбиелеуіміз керек.

Ведомстволық наградалармен қоғамдық ұйымдардың бей берекет, қадірін кетіріп шашып жатқан «атақ, даңқтарына» тоқтау салып заңмен реттейтін кез келді деп есептеймін.

 

Асылбек Байжұмаұлы

 

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.