Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жобасы процесті оңайлатуға және бюрократиядан арылтуға бағытталған.
Осы саладағы мәселелердің бірі – рәсімдердің ұзақтығы. Осыған байланысты алдын ала қабылдау кезеңін алып тастау, сондай-ақ жеке рәсімдерді өткізу мерзімдерін қайта қарау ұсынылады. Нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсімінің жалпы ұзақтығы 2 айдан 1 айға дейін қысқарады.
Сатып алулар бір өтініммен-ақ аяқталған деп танылады
Қазіргі уақытта конкурсқа қатысуға бір өтінім түсіп немесе бірнеше өтінімді қарау нәтижесінде бір әлеуетті өнім беруші конкурсқа жіберілген жағдайда сатып алулар өтпеді деп танылады. Осыған байланысты тапсырыс беруші қайталап байқау өткізеді.
Жаңа редакцияға сәйкес, конкурсқа қатысуға бір өтінім ұсынылған және оны біліктілік талаптарына сәйкес деп таныған жағдайда, мұндай сатып алу өткізілді деп саналады. Тапсырыс берушіге сатып алу процедурасын қайталау қажет болмайтындықтан, бұл уақытты айтарлықтай үнемдеп, процесті жеңілдетеді.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға толықтырулар енгізіледі.