Өтемұратовтардың кішісі бес жылға сотталды
Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендер тізімінде үшінші орында тұрған Болат Өтемұратовтың туыс інісіне қатысты іс өткен жылдың қараша айында басталған еді.
Сот алқасы 2 ақпанда Данияр Өтемұратовқа шыққан үкімді өзгерту туралы шешім қабылдады. Тиісті құжат Жоғарғы соттың сайтында сот кеңсесінде жарияланды.
Прокурордың апелляциялық шағымы негізінде іс қаралып, жазаны 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, яғни қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінде өтеуге ауыстырылды.
Данияр Өтемұратов сот залында қамауға алынды. 2023 жылғы 13 қарашадан 2024 жылғы 2 ақпанға дейін қамауда ұстау уақыты жазаны өтеу мерзіміне есептеледі, қылмыстық-атқару мекемелерінде ұстаудың бір күні жазаны өтеудің 1,5 күніне пара-пар.