Парижде Эйфель мұнарасында үйленуге сөз байласқан қазақстандық жұпты Франция президенті құттықтады
Қазақстандық инженер, әлемге үздік студент екенін дәлелдеген Санжар Тайжан Парижде сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасаған. Сол күні француз көшбасшысы Эммануэль Макрон жастарды кезіктіріп, олардың сөз байласқанын көріп құттықтаған.
Президент олардан қай елден келгенін сұраған. Қазақстаннан екенін айтқанда, Макрон бұл елде болғанын, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазы тұқымды екі күшікті сыйлағанын айтқан.