• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Перизат ісі» жанданды: Ұлын емдетеміз деген желеумен ерлі-зайыптылар халықтан 1,3 млрд теңгеден астам қаражат жинаған

«Перизат ісі» жанданды: Ұлын емдетеміз деген желеумен ерлі-зайыптылар халықтан 1,3 млрд теңгеден астам қаражат жинаған

29 июля, 2025 Жаңалықтар
Фото: АФМ

Астана. 29 шілде. BM.KZ – Жомарт жандардың қайырымдылық қаражатына олар елордадан үш пәтер, жер телімі мен бес көлік сатып алған. Қаражаттың бір бөлігі букмекерлік кеңсеге ставкалар жасауға жұмсалған. Ал науқас баланы емдеуге небәрі 6,4 миллион теңге ғана кеткен.

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қалалық департаменті ұлын емдетуге қаражат жинаған ерлі-зайыптыға қатысты алаяқтық дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Тергеу мәліметінше, баланың қатысуымен түсірілген видеороликтер, эмоционалды жазбалар мен Instagram және Facebook желілеріндегі мақсатты жарнама он мыңдаған қазақстандықтың жүрегіне әсер еткен.

«Азаматтардың сенімі мен жанашырлығын пайдалана отырып, күдіктілер 1,3 млрд теңгеден астам көлемде қаражат жинаған. Алайда, баланың еміне тек 6,4 миллион теңге жұмсалған. Қалған қаражат ерлі-зайыпты жеке қажеттіліктеріне пайдаланылған. Нақты айтқанда, елордада 3 пәтер, жер телімі, 5 автокөлік сатып алынған. Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі құмар ойындарына жұмсалған», – делінген Қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.

Жиналған қаражатты жүйелі түрде көбейту мақсатында ерлі-зайыптылар түскен қаражаттың үштен бір бөлігін (481 миллион теңгеден астам) әлеуметтік желілердегі парақшаларын жарнамалауға жұмсаған. Олар бұл үшін Meta Ads таргеттелген жарнамасын қолданған. Нәтижесінде аудитория кеңейіп, қаржылай көмектің көлемі айтарлықтай артқан.

«Күдіктілер Түркиядағы LIV Hospital клиникасында 84 миллион теңге тұратын ота жасатамыз деген желеуді де пайдаланған. Қажетті сома жиналғанымен, шетелде ота жасалмаған. Керісінше, олар Instagram парақшасында әуежайдағы «ұшып бара жатқан» көріністі бейнелейтін ролик жариялап, операция сәтті өтті деген жалған ақпаратпен жазба салған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын білген соң, олар қылмыстық жолмен алынған активтерді тәркілеуден жасыру мақсатында жер телімін үшінші тұлғаның атына рәсімдеген. Алайда тергеу бұл мәміленің жалған екенін дәлелдеді», – деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.

Соттың санкциясымен қылмыстық жолмен алынған табысқа сатып алынған барлық мүлікке тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ тағайындалды.

ақша дерт емдету қайырымдылық пәтер

Оқылып жатыр

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

Жаңалықтар 7 апреля, 2026

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 4 адамды кене шақты, деп…

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026

Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жабылады: Air Astana рейстеріне өзгеріс енгізіледі

26 февраля, 2026

Алматыда 8 келі метамфетамин тәркіленіп, күдікті қамауға алынды

26 февраля, 2026

Алматыдағы даулы оқиғадан кейін курьерлерге қойылатын талап күшейеді

26 февраля, 2026

Бүгін республика жолдарындағы ахуал қандай

26 февраля, 2026

Куба жағалауында атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

26 февраля, 2026

Астанада оқушылар онлайн оқитын болады

26 февраля, 2026

–40 градусқа дейін аяз: Қазақстанда күн күрт суытады

26 февраля, 2026

Атырауда трансгендерлерге қатысты резонанс тудырған оқиға: мән-жайы айтылды

25 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.