Президент келесі Ұлттық құрылтайды Көкшетауда өткізуді ұсынды
«Әйгілі Қасым хан – Сарайшықта, Абылай хан – Бурабайда ордасын тіккені белгілі.
Есілдің бойында – Кенесары хан мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін талай жорыққа шыққан.
Бұл аймақ төл шежіремізде айрықша орын алады.
Сондықтан Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынамын», — деді Тоқаев.