Қоқыс өңдеу ақысын алып тастауға қатысты петицияны қоғамдық талқылау барысында экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев одан жиналған ақшаның қайда жұмсалатынын атап өтті.
– Бүгінде ауыл шаруашылығы техникасы мен автобустардың лизингі бойынша жеңілдетілген автонесиелерді қаржыландыруға 160 млрд теңге, ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингін қаржыландыруға 20 млрд теңге, жинақтау жобаларын қаржыландыруға 200 млрд теңге бөлінді, – деді вице-министр.
Вице-министрдің сөзінше, қалдықтарды сұрыптау, өңдеу, орман шаруашылығы ұйымдарына өрт сөндіру машиналарын және төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдарына арнайы техника, автобустар сатып алуға 90 миллиард теңге қарастырылған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласындағы көлік құралдарын өндірушілерге қайта өңдеу төлемдерін қайтаруға 215 миллиард теңге бөлініп отыр.